Сайтқа кіру Тіркелу

"Тіл керуені" сайыс сабақ

Сайыстың тақырыбы: Тіл керуені
Кіріспе: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 5 - 9 - сыныптар арасында өткізілетін «Тіл керуені» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Осы сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
І кезең. Зымыран сұрақтар
ІІ кезең. Тіл өнері
ІІІ кезең. Ғажайып үштік
IV кезең. Егер мен болсам...
Бүгінгі сайысты әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
2. Ағылшын пәнінің мұғалімі
Ал, ендеше сайысымызды бастайық. І кезең. Зымыран сұрақтар. Бұл кезеңде әр топ сұрақтарға жауап береді.
1. Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін қай сөз табы?
2. Мағыналары бір – біріне қарама - қарсы сөздер
3. Қазақ тілінде неше септік бар?
4. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін ғылым
5. Сөз таптарын ата
6. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
7. Неше шақ бар?
8. Синоним деген не?
9. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
10. Дауыссыз дыбыстар неше бөлінеді?
11. Мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сыпайы сөздер не деп аталады?
12. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
13. Лексика нені зерттейді?
14. Кірме сөз дегеніміз не?
15. Әріптердің жүйелі тізбегі не деп аталады?
16. Сын есім дегеніміз не?
17. Тұйық етістік қалай жасалады?
18. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
19. Көнерген сөздер деген не?
20. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?
ІІ кезең. Тіл өнері. Шарты: Мақалдың қалып қойған сөзін тауып және жұмбақтың шешуін тауып, орысша, ағылшынша аудару. Әр сөзге 10 ұпай беріледі.
1. Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің... тәтті. (Нан, хлеб, bread)
2. Дыбыс естісе қашады,
Қырдан бір - ақ асады. (Қоян, заяц, rabbit)
3. Көп жазсаң, қолын талады,
Қағазға бәрін салады. (қалам, ручка, pen)

4. Айдағаның..... ешкі,
Ысқырғаның жер жарар.(бес, пять, fave)
5. Айдалады ақ отау,
Аузы - мұрны жоқ отау. (жұмыртқа, яйцо, egg)
6. Тышқанға қауіпті
Иттерге жау мықты. (мысық, кошка, cat)
7. Атпаз көрген ат таныр,
Ұстаз көрген.... таныр.(хат, письмо, letter)
8. Жылтырағанның бәрі..... емес.(алтын, золото, gold)
9...... үшін отқа түс, күймейсің.(Отан, родина, )
10. Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған,
Өнер - білім бәрі де..... табылған. (оқу, учить, to learn)
11. Білімсіздің сөзі білектей,
Білімдінің сөзі....(жібек, шелк, )
12. Сөз атасы - құлақ,
Су атасы -......(бұлақ, родник, )
ІІІ кезең. Ғажайып үштік. Шарты: Ұяшықтарды таңдап, қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сұрақтарға жауап беру.
Қазақ тілі
10. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар?
20. Дисфемизм деген не?
30. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Әдебиет
10. Халық ауыз әдебиеті деген не?
20. Ертегілер нешеге бөлінеді?
30. А. Құнанбайұлының неше поэмасы бар?
IV кезең. Егер мен болсам... Шарты: Бұл сайыста әр топқа қағаз беріледі. Сол қағаздағы сөзге өз ойларын айтады. (Директор, әкім, дәрігер)
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×