Мақсаты:
Етістік бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, білім дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың алған білімдерін саралау. Сөйлем ішінен етістікті тауып, сұрақ қоюға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау.
Дамытушылық: Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже.
1. Оқушылардың қайталау материалын толық қабылдауы;
2. Оқушының санасында білімнің қорытылып, жаңа теориялық ақпарат беру тұжырымдардың қалыптасуы;
3. Берілген білімді бекіту, білімді практикада қолдана алады.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, салыстыру, тест, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, слайдтар
Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру бөлімі
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу. Оқушылар үш шақта берілген мақалдар бойынша топтасады, мақалды оқып, не себепті топтасқандарын айтады.
1. Өткен шақ: Ата - ананың ақылы -
Сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы -
Сарқылмайтын көлмен тең.
2. Осы шақ: Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.
3. Келер шақ: Атадан жақсы туған ұл,
Атаның есіктегі басын төрге апарар.
Атадан туған жаман ұл,
Атаның төрдегі басын есікке апарар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
166 - жаттығу«Келер шаққа мен де арман, сенім артамын» ой - толғау жазу
І. Қызығушылықты ояту.
Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Өйткені өткенді қайталап, тақырып бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз. «Біліміңді байқап көр» интербелсенді тақтамен.
1. Етістіктің шақтары дегеніміз не?
2. Шақтың қандай түрлері бар?
3. Осы шақ дегеніміз не?
4. Нақ осы шақ қалай жасалады?
5. Ауыспалы осы шақпен ауыспалы келер шақтың ұқсастығы мен айырмашылықтары қандай?
6. Келер шақ деген не? Түрлерін ата.
7. Келер шақ қалай жасалады?
8. Өткен шақтың қандай түрлері бар? Жасалу жолы.
ІІ. Мағынаны тану
«Ойлан, бірік, бөліс» топпен жұмыс
Әр топ «Осы шақ», «Өткен шақ», «Келер шақ» тақырыптарында постер қорғайды.
Тапсырма Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жолдауынан үзінділерді оқыңыз. Етістіктің шақтарын тауып, постер қорғау.
Осы шақ тобы.
Бүгін бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе – бет келіп отыр. Дағдарыс жағдайларында экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр.
Бүгін алдымызда тұрған сын – қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы жол»- Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын.
Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпы хлықтық жетістік. Мен жастар - біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Мәңгілік ел идеясының бастауы тым тереңде жатыр.
Өткен шақ тобы
Үкімет 2007 - 2009 жылдары дағдарысқа қарсы табысты шараларды қолға алған болатын. Үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтады. Осы жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз Ұлттық Қорға салып келдік. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен. Тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «»Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған.
Келер шақ тобы
Алысты жақын ету Жолдаудың ең басты түйіні болмақ. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 жұмыс орны құрылады. «Нұрлы жол», біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш – жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы болар! 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.