Сайтқа кіру Тіркелу

Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы

Қазақ әдебиеті 8 сынып

Ашық сабақтың тақырыбы: Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
Сабақтың мақсаты: 1. Ақын өмірінен, шығармашылығынан мәлімет беру. Поэманың мазмұнын ашу, Тақырыбы мен идеясын таныту, көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
2. Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу, ізденісін шыңдау.
3. Жас ұрпақты шыншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке, уәдеге беріктікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, карточка, бағалау парағы
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг « Көңіл күйіміз қандай?»
ІІ. Үй тапсырмасы:
І. Абай Құнанбайұлының «Он жетінші қарасөзі» (Көрініс арқылы әңгімелеу)
ІІ. Шығармашылық жұмыс «Мен ақылмын»,»Мен қайратпын», «Мен жүрекпін»
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
1. Ауыз әдебиетінен мол сусынды Абай атамыз кімдерден алған? (Ұлжан, Зере)
2. Абай Құнанбайұлының шын есімі кім? (Ибраһим)
3. Абай қай жылы дүниеге келді? (1945)
4. Құнанбай қандай адам болған? (Шешен, ақылға бай, қажы, болыс)
5. «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бейшарасы» Қай өлеңнен үзінді? («Өлең - cөздің патшасы, сөз сарасы»)
6. Әбдірахман кім, оған арнаған өлеңі қалай аталады? (Ұлы, «Әбдірахман өлгенде»)
7. Абайдың неше қарасөзі бар? (45)
8. «Он жетінші қарасөзінде» «Ақыл, қайрат, жүрек» кімге келіп жүгінеді? (Ғылымға)

ІІІ. Жаңа сабақ.
І.«Ой қозғау»
1. Абай атамыз неше ағайынды? (жеті, Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла (жастай қайтқан), Ысмағұл)
2. Абайдың ізін жалғастырған ақын інісі кім? Ол кімнен тараған ұрпақ? (Шәкәрім, Құдайбердінің ұлы, Абайға немере інісі болады)
Ендеше бүгінгі сабағымыз Шәкәрім Құдайбердіұлына арналады. Шәкәрім атамыз туралы не білеміз? «ББҮ» кестесін толтырайық.
«Білемін» кестесі: «Адамдық борышың» «Жолма қулар маңайға», репрессия құрбаны, алғашқы өлеңі «Құртқа», т. б.
«Білдім» кестесін толтыру: «Қалқаман Мамыр», «Еңлік Кебек», «Нартайлақ Айсұлу» поэмасы бар, Меккеге барған, Қажы атанған, Стамбул, Париж кітапханаларын оқыған, «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» атты еңбек жазған.(философ, ойшыл, зерттеуші), орыс, батыс мәдениеті мен ғылымына үңілген Л. Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалаған. Аудармалары бар, аудармашы, жиырмаға тарта әндері бар, сазгер

ІІ. Мағынаны тану
Белгілі ғалым Қайым Мұхамедхановтың сөзімен айтсақ: Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Бұл пікір ғұлама ақынға берілген әділ баға. Шәкәрім атамыз Абай ағасының ақындық дәстүрін жалғастырып, сол заман шындығын тап басып суреттей білген. Сол шығармаларының бірі «Қалқаман Мамыр» дастаны.
Балалар, үйден мазмұнымен танысып келдіңдер. Енді жырдағы басты оқиғаларға назар аударып, мазмұндап көрейік. Оқиға қай кезеңді суреттейді?
(Поэма тарихи шығарма. Ақтабан шұбырынды оқиғасының алдында 1722 ж. болған.)
Оқиға кейіпкерлері кімдер? (Әнет баба, Мәмбетей, Қалқаман, Мамыр, Көкенай)
Осы аталған кейіпкерлердің арасында туыстық байланыс қандай? (Кішік, Мәмбетей ағайынды бір туғандар. Кішіктен: Әнет, Әйтеке. Әйтекеден: Олжай, Байбөрі, Қалқаман. Мәмбетейден Мамыр.
Қалқаман мен Мамыр немере ағайынды.)
Поэмада Мамыр қалай суреттеледі? (Байдың ерке шора қызы. Қыз деп әкесінен батып айта алмайды. Қалқаманмен жылқы бағып жүріп кездесіп, бір бірін ұнатады.)
Жыр желісі бойынша осы екі жасты жақындастырған оқиға не еді? (Сәмеке деген хан қалмақты жеңіп елді жинап той жасайды. Сол тойға тобықты елі тегіс шақырылады. Үлкендер кеткеннен кейін жастар бастаңғы жасайды.
Осы бастаңғыда Мамырдың Қалқаманға айтқан жұмбағы (кездесуге шақырады, өзіне құда түсетінін айтады. Ұнатысқан екі жас алып қашуға бел байласып, қашады)
Осы жерде Әнет баба қандай кейіпкер болып танылды? (ел бірлігін ойлаған, ақылды, жанашыр бейнесінде көрінеді. Қалың малды аямайды, бірақ Көкенай мен Мәмбетей көнбей қояды.)
Көкенай кім? (Мәмбетей елінің батыры, ел ағасы, салт дәстүрді қатаң ұстанушы, қатыгез жан. Үйін сағынып, төркіндеп келген Мамырды атып өлтіреді. Мамырдың өз қанымды кештім, Қалқаманды өлтіре көрме, екі адамның қанын мойныңа жүктеме» дегеніне қарамайды. Әнет бабаға кісі салып, ақыры туыстықтан кетеміз деп көндіреді. )
Жыр оқиғасы немен тынады? (Көкенай Әнет бабаның шешімімен Қалқаманды жүйрік атпен шауып өткізеді, сол кезде Көкенай мергендігі рас болса, Қалқаманды атып түсіруі керек. Екінші рет оқ атылмайды. Садақ жебесі Қалқаманның санына тиіп, аман қалады. Мамырды өлтіріп, өзімді оққа тіккен елде қала алмаймын деп, өкпелеп елден кетеді. Ұлы жүздегі нағашысы Еділбайға Бұхараға кетеді. Сол жақта жүріп үйленіп, қазірде солардан тараған ұрпақ ұлы жүзде деген дерек бар)
Мазмұнын жүйелеп шықтық. Топтарға тапсырма

І топ тапсырмасы. Поэманың композициялық құрылымын жасайды.
1. Оқиғаның басталуы. Кейіпкерлерді автордың таныстыруы.
2. Оқиғаның дамуы. Қалқаман мен Мамырдың бір - бірін ұнатуы, бастаңғы жасауы, сөз байласуы.
3. Шарықтау шегі. Екі жастың серттесіп қалуы
4. Шиеленісуі. Бірін - бір ұнатқан екі жастың қосылуы. Мәмбетейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы
5. Оқиғаның шешімі. Мамырдың аянышты өлімі, Қалқаманның елден кетуі.

ІІ топ тапсырмасы. Поэмадағы салт дәстүрлерді тап және бүгінгі өмірмен байланыстыр.
(қыз айттыру, бастаңғы, құда түсу, қалың мал, жақыннан қыз алмау, бата беру, уәдеге беріктік)

ІІІ топ тапсырмасы.
Өлең құрылысына талдау жаса.
Тақырыбы: «Қалқаман Мамыр»
Идеясы:
Шумақ: 62
Ұйқас: қара өлең ұйқасы
Тармақ: 278
Бунақ: үш бунақ
Буын саны: 11

Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру.
І топ: Қалқаман мен Мамырға мінездеме бер
ІІ топ: Әнет бабаға
ІІІ топ: Көкенайға

Ой толғаныс
1. Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па? бұрыс па?
Жақтаушы топ жауабы: Иә, мен Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс деймін. Олар – адал махаббат иелері. Бірін - бірі қатты сүйеді. Мамыр өлер алдында да өзінің Қалқаманға деген махаббатын дәлелдеп кетті. Өзі өлсе де Қалқаманның тірі қалуын армандады, бақыт тіледі. Сондықтан мен екеуінің қосылғанын дұрыс деп ойлаймын.

Даттаушы топ: Жоқ, бұл пікірге қосыла алмаймын. Олар бірін –бірі ұнатса да, сезімді ақылға жеңдіру керек еді. Өйткені, олар біріншіден, ата салтын бұзды. Ол кезде ата салтын орындамай, бата бұзған адамды жазалаған. Екіншіден, олар өзара ағайынды, туыс адамның балалары. Сондықтан олар қазақта жеті атаға қыз алмау деген қағиданы, заңды бұзды. Сондықтан ата - дәстүрін бұзып отырған екеуін айыптаймын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қалқаман - Мамыр поэмасы

Қалқаман - Мамыр поэмасы

Өткен іс – ойға күңгірт, көзге танық, Көрмесе де, білгенге бәрі қанық. Мың жеті жүз жиырма екінші жыл Қазақтың Сыр бойында жүргені анық....
Қалқаман - Мамыр поэмасы

Қалқаман - Мамыр поэмасы

Шәкәрім шығармашылығымен таныстыру, поэманың мазмұнын ұғындыру арқылы кейіпкерлерге мінездеме беру, шығарманы композициялық құрылымына талдау....
Қалмақан Әбдіқадыров

Қалмақан Әбдіқадыров "Қажымұқан"

Ақтөбе облысы, Алға ауданы № 1 Алға мектеп-бақшаның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тилеуберди Айжан...
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр» дастаны.

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр» дастаны.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп - лицейдің қазақ тілі мен әдбиетінің мұғалімі Утеулиева Сағыныш Мұхитқызы ...
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы

Шәкәрім Құдайбердіұлы Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы, Достық ауылы №18 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×