Сайтқа кіру Тіркелу

Әріптер айтысы

Әріптер айтысы
(Мектеп сахнасына арналған шағын көрініс)

(А әрпі ортаға бірінші болып шығады)
А әрпі: – О – хо - хо! Кім біздерді шашып тастаған? Қалғандары қайда?
Ұ әрпі: – Ей, А, сен де қызық сұрақ қояды екенсің! Келмегенін көріп тұрсың ғой!
А: – «Альфавиттің А тұрады басында». Мен жай ғана А емеспін! Ағаңмын, Ұрыншақ, ағаңмын! Сондықтан да қайда? деп сұрап тұрмын ғой!
Ұ әрпі: – Қайда деп сұрап тұрсаңыз мен Сізге айтайын!
Әріптер қайда?
Қол жетпес Айда,–
Айға ұшып кетсей.
А әрпі:– Әй, Ұрыншақ - ай! Ұрыншақ! Ұрыншақ!
Ұ әрпі: – Мен емес Ұрыншақ! Өзіңіз ғо маған тиіскен, агашка!..
Ғ әрпі: – Әй, Ұрысқақ, Ұрыншақ, мені атағаның не? Саған не жазып едім? Тыныш жатқан жыланның құйрығын басып, саған не болды!? Өлгің кеп жүр ме ей?!
Ұ әрпі: – Ғарпылдамаш, ей, Ғарпылдақ, сені атауға болмай ма екен өзі?! Өй, Ғ, сен дауыссыз болсаң да біздей дауыстылармен дауласатының не?! Біріншіден, мен сені айтқан жоқпын! Екіншіден, сенің аталас туысың Г - ні айттым ғой мен «агашка» деп!
Ғ әрпі:– Жоқ, қателесесің, Ұрыншақ шырақ! Сен мені айттың, мені атадың! Ол қазақтың «аға» деген сөзінен шыққан. Демек Ғ яғни Мен болуым керек!
Ұ» әрпі: – Өй, сен де ғатырады екенсің ал, ендеше! Әне Ш мен К - ні қарашы, аталса да үндемей тұрған жоқ па?!!
Ғ әрпі: – Олар жоқ қой олар, Қашқындар! (пауза, айналасына қарайды) Ұрыншақ, жоқ деп тұрмын ғо!
Ұ әрпі: Өй, сен де қоймадың ғо, ғарп - ғарп етіп! Ғарпылдақ десе нағыз Ғарпылдақ екенсің!
Л әрпі: – Әй, Ұ шырақ, сабыр суың сарқылып шамданғаның не?! Сонша қатты кеттің ғо!?
Ұ әрпі: – Өзі ғо енді, тиісіп қоймай қойған. «Неге мені атайсың?! Неге мені айтасың?» деп нервома тиіп.
А әрпі: – Өй, нервоң бар болсын сенің!
«Ұ» әрпі: –(А - ға қарап) Туу, Сізге бірдеңе дедім бе?!
«І» әрпі: – Жоқ нерв(і) емес, не еді әлгі?!. (аспанға қарап қиялданып) Жүрегім... Туу, мен не деп кеттім?! Жүйкемді жұқартты десейші!

«Ұ» әрпі: – А... а... а... Иә, жүйкемді жұқартты, жүйкемді жұқартты! Жұқартқаны сонша, жұқалап - жұқалап дымын қалдырмады ғо!
Кіші м әрпі: Тууу, ұрыспайықшы осы!

«М» әрпі: – Айналайындарым - ау, үндемесіме қоймадыңдар ғой! Осы жерге жетеуіміз ғана жиналып қалыппыз! Қазақ жетіні киелі сан деп біледі. Сондықтан да ынтымықтастығымызды ығыстырмай, татулық туын көтерейік!
Әріптер, әріптестер, айтыңдаршы, осы үйде сендерге бәрінен кім жақын а?
Барлық әріптер: – Әрине анамыз! (барлығы бірге)
«М» әрпі: – Ал сол аналарыңды былайғы уақытта қалай атайсыңдар?
«І» әрпі: – Ана яғни: мама, мама! М... м... сағынып кеттім анамды!
Барлық әріптер: – Иә, Мама, мама, мама!
«М» әрпі: – Ендеше, тыңдаңдар! Сендердің аналарың яғни мамаларың мейірімді болса, менің атым қазір Мейірім деп аталады. Сондықтан да, шырақтарым, төбе көрсеткен осы жетеудің біріншісі болып мен тұрайын жарай ма? («М» әрпі бірінші болып тұрады.)
Барлық әріптер: – Жарайды, келісеміз! (хормен айтады)
«Ұ» әрпі: – Ендеше, мен Ұ болсам, м... м... м... м... м (сәл ойланып) ұлағатты деген сөзді алайыншы, әріптер?! Тіл заңдылығына сүйеніп мен екінші болайыншы жарай ма? (Ұ әрпі екінші болып тұрады.)
Барлық әріптер: – Жарайды! OK!
Ғ әрпі: – Жаңа мені Ұрыншақ «Ғарпылдақ» деді ғо! Мен де жақсы сөзге ие болғым келеді, достар? Сондықтан да мені ғазиз деп атаңдаршы?! (Ғ әрпі үшінші болып тұрады.)
«А» әрпі: – Ал мен – Ақылдымын! Ағаларыңмын ғой, бәріңе ақыл айтатын. Сондықтан да мені Ақылды деп атаңдар! (А әрпі төртінші болып тұрады).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×