Сайтқа кіру Тіркелу

Қажымұқан – өнер иесі

5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қажымұқан – өнер иесі
Сабақтың мақсаты: оқушыларға французша күрестен дүние жүзінің чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірін, спорттағы жолы мен толағай табыстары туралы баяндау.

Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен танысады.
2. Қажымұқан туралы қызықты мәліметтер мен бейне көріністер тамашалау арқылы өз беттерінше ізденуге тырысады.
3. Балуанның спорттағы жетістіктеріне көз жеткізеді.
Қалай көрінеді:
1. «Символдар» стратегиясы.
2. Жуан, жіңішке сұрақтар.
3. Семантикалық карта.
4. «Концептуалдық кесте» стратегиясы.
5. «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
Сабақтың түрі: Жүйелеу сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: Қажымұқан Мұңайтпасұлының портреті, бейне көрініс, үлестірмелі парақтар.

Сабақтың барысы.
І. Қызығушылығын ояту.
«Символдар» стратегиясы.
Тақтада ілулі тұрған 4 түрлі сурет бойынша (кір тасы, медаль, кубок, ту) 3 топтың да оқушылары шағын мәтін құрастыру керек. 5 мин. уақыт беріледі. Құрастырған мәтіндерін топ ішінде оқып, әр топ жақсы деген 1 немесе 2 мәтінді оқуына болады. Өздерінің құрастырған мәтіндері арқылы кезекті сабақтың тақырыбын ашамыз.

ІІ. Мағынаны тану.
1) Жуан, жіңішке сұрақтар (3 топқа да қатар қойылады)
1. Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті?
2. Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?
3. Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді? Бай бұны қалай бағалады? Ал сендер не дер едіңдер?
4. Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмекке келгендер кімдер?
Лебедевке жазған Добрый - Рабый хатынан не ұқтыңдар?
5. Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті? Әсіресе кімнің қандай көмегін ерекше атай аласыңдар?
6. Отан даңқын, абыройын арттыруға Мұқан қандай үлес қосты?

2) Күш атасы – Қажымұқан атты бейне таспа көрсетіледі. 4 мин.

3) Топпен жұмыс.
І топ
Мұқанның сыртқы түрі, мінез - құлқын суреттейтін тұстарды шығарманың әр тұсынан іріктеп алып, балуанның өсу жолына жоспар жасап, жазбаша түрде мінездеме беріңдер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×