Тақырыбы: «Досы көпті жау алмайды»
Тәрбие сағатының мақсаты: достық ұғымы, нағыз, шынайы дос болудың тәртібімен, достықтың адам өмірінде алатын орнымен, өмірдегі қуанышты, мұңды кездерді досымен бөлісе білуге, жақсылық жасай білуге үйрету.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар
Барысы: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Досы көпті жау алмайды»- деп аталады. Ол үшін мына ертегіні тыңдасақ.
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді. Алайда не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етпетімнен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін»деп жерге жата қалады. Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң, талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, қасына келіп«, аю саған не деп сыбырлап кетті?»- деп сұрайды. Сонда досы: «досына қауіп – қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді ескертті»- депті.
Бұл ертегіден шығатын қорытынды: балалардың жауаптарын тыңдау.
Достық туралы біздің ақын, жазушыларымыз, даналарымыз да өз ой - пікірлерін білдірген. Қане, кім айтады?
Достығымыз достар арылмасын,
Пейілміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі - жиі бас қосып сыр шертсек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.
Күніміз күлкілі бола берсін,
қуанышқа көңіліміз тола берсін,
нұрлы аспан астында аясында,
басымызға бақ келіп қона берсін,
Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,
адалдықты сүюді үйренейік,
бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
бір әдемі ғажайып, күйге енейік.
Берсе берді, бермесе санаспайық,
болмайтынға ұрысып таласпайық,
арамызда алаяқ біреу болса
оны дереу ортадан аластайық.
Мұғалім: ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «достық нешеу?»- деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.»
- Дұрыс - ақ. Енді оларды қалай ажыратамыз?- дегенде:
- Адал достық - өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады,»- деп жауап берген екен. Балалар, біз де адал дос бола білейік. Мақал - мәтел айтып жарысып көрейікші.
Дос – егіз, дұшпан – сегіз.
Айырылар дос ердің алдыңғы қасын сұрайды.
Жаман дос – көлеңке: басыңда күн барда қашып
құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың.
Достық пен жолдастық
Тату үйдің бақыты тасыр,
Ұрыс - керіс үйдің ырысы қашар.
Жолдасы көптің – олжасы көп.
Қимас досың сұраса қимасыңды бересің.
Татулық табылмас бақыт.
Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.
Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.
Ұрыстың мерейі – ерлік,
Ырыстың мерейі – бірлік.
Жаман жолдастан мықты таяқ.
Жолдасты жол айырады.
Қасың менен досыңды
Қас - қабағың танытар.
Ауыл итінің достығы
Сүйек тастағанша.
Ерегескен ел болмайды,
Есептескен дос болмайды.
Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады.
Екі жаман қосылса,
Өлгенінше қас болады.
Ал, енді балалар алдымызға берілген қағазға досымыздың бір жақсы қасиетін жазайықшы. Мысалы: ақкөңіл т. с. с
- Мен неліктен онымен доспын?- деген сұрақты талқылау.(балалардың ойларын тыңдау)
Қорытынды.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы,
Көксәйек арнайы негізгі орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Аманжолова Алтынай Орынбасарқызы
Досы көпті жау алмайды
- АлтынайАман
- 13 қазан 2019
- 39000
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Досы көпті жау алмайды, достық ұғымы, нағыз, шынайы дос болу
Ұқсас жаңалықтар:
Екі дос
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады....Дос, достық, жолдас туралы мақал-мәтелдер
Жақсы дос — Басыңа дос Жаман дос — Асыңа дос. Достың айнасы — досы. Қостың айласы — мосы....Достық, жолдас, дос, татулық туралы мақал-мәтелдер
Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың. Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас....Достық пен жолдастық
Мақсаты: 1. Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру; 2. Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,...Дос және достық
«Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Алдабергенова Узилдик Жомартовна Тақырыбы: Дос және достық Мақсаты: Достық, сыйластық туралы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.