Сайтқа кіру Тіркелу

Достығымыз жарасқан

Мақсаты: Қазақстан Республикасының халықтар достығы еліміздің бірлігінің кепілдігі екенін таныту, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өзге ұлт өкілдерінің республикамызға келуі жайлы тарихымен таныстыру, мағлұмат беру.
1 жүргізуші: Сәлем бердім халқыма,
Сәлем бердім жалпыға.
Сәлемдесу кіреді
Ата дәстүр салтына.
Құрметті қонақтар, «Достығымыз жарасқан» атты Қазақстан халықтарының достығы фестиваліне қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Кең байтақ жазиралы дархан өлкемде тұрып жатқан, көп ұлтты бауырластар, достар! Мәртебесі көкке жеткен еліміз көптеген жетістікке жетті. Жүзден астам ұлт өкілдері «Отаным - алтын ордам» дейді, өйткені біздің ел - татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын біздің ту ортақ.
1 жүргізуші: Бір шаңырақтың астында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір - бірінің салт - дәстүрін құрметтеп, жерімізді бөлісіп отыр.
2 жүргізуші: Міне бүгін бәріміз адамзат тарихындағы ең көне мерекелердің бірі - Наурыз мейрамын тойлағалы отырмыз. Біздің фестиваліміз осы мейрамға арналған.
1 жүргізуші: Наурыз - Ұлыстың ұлы күні, үлкен мейрам. «Наурыз» парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» не «жаңа жыл» дегенді білдіреді.
2 жүргізуші: Бұл күнді ата - бабаларымыз жыл басы деп есептеп, мерекелік ас - наурыз көже әзірлеген. Адамдар «Ақ мол болсын!», «Ұлыс оң болсын!», «Ұлыс береке берсін!», «Ұлыс бақытты болсын!» деп, бір - бірін құттықтайды. Бұл күні бәрі ән айтып, би билеп, көңіл көтереді, ренжіскендер татуласады.
1 жүргізуші: Міне, бүгін де біз өз өнерімізді ортаға салғымыз келіп отыр, біз де бұл мейрамды қуанышпен қарсы аламыз, себебі біз бір шаңырақтың астында тұрамыз, бұл мейрам бәрімізге ортақ.
1, 2 жүргізуші: Наурыз мейрамы құтты болсын!
Мереке «Наурыз» әнімен ашылады.
2 жүргізуші: Қазақта «Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт, кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, қазақ, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.

Алдарыңызда мектеп хоры. Жетекшісі - Неверова Лариса Евгеньевна.
1 жүргізуші: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

2 жүргізуші: Бағым да,
Барым да сен, ұлы Отаным,
Арым да,
Жаным да сен, ұлы Отаным.
Қанымда қасиетің - гүл атамын,
Мен сені ата - анамдай ұнатамын.
Отаным, оттан ыстық сен екенсің,
Анамның құшағындай кең екенсің.
Байлығым, мақтанышым, берекемсің,
Шаттығы таусылмайтын мерекемсің.
1 жүргізуші: Сахнаға қазақ халқының өкілдерін шақырып, өнерін тамашалайық.
1 Қазақ елі кең байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Қазақстанның тарихы талай мыңдаған ғасырларды қамтиды, жері шежірелі. Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды. Елімізде 16 миллионнан астам адам тұрады.
2 Біз қазақпыз, батырмыз,
Байтақ ел боп жатырмыз.
Біз қазақпыз, арманбыз,
Батыр ел боп қалғанбыз.
Біз қазақпыз қаһарман
Жар салатын жаһаннан.
Біз қазақпыз, арыспыз,
Ер жүректі барыспыз.

3 Домбыраның сүйемелдеуімен «Мен қазақпын» әні орындалады.
4 Қазақ биі (домбырамен)
2 жүргізуші: Орыс, қазақ туыс боп ағаласып,
Қаны, тілі жатыр ғой араласып.
Отбасылық бақыты ортақ болсын,
Қол ұстасып, еңбек ет, далаға шық!
1 жүргізуші: Ортамызға орыс халқы өкілдерін шақырайық.
1 Ресей елінің ресми атауы - Ресей Федерациясы. Астанасы - Москва. Халқы - 143, 2 млн адам. Ұлттық ақшасы - рубль. Ресми тілі - орыс тілі.
2 Мы живем в семье единой, дружной,
Народов всех обычаи храня,
Наш Казахстан - наш отчий дом, где если нужно
Всегда поддержат в трудный миг тебя.
Здесь вольный ветер напевает песни.
О чем поет он, не слыхали ль вы?
О нашей дружбе, о степных просторах,
О верности, о счастье, о любви.
О том, что завещали еще предки:
Беречь Отчизну, как ребенка мать.
И не идти ни на какие сделки,
Чтоб злобный демон смог возликовать.
Я верю в разум всех народов наших,
Кому родным стал домом Казахстан,
Что сделают его счастливей, краше,
И верность дружбе сохранят в веках.

3 Туған жер, алтын бесігім,
Тербеттің мені төсіңде.
Киелі сенің есімің
Жүреді мәңгі есімде.
Туған жер, алтын босағам,
Аттандым сенен қияға.
Апам мен Отан – қос анам,
Қондырған мені ұяма.
4 орыстың ұлттық биі
2 жүргізуші: Қазақ жері - достықтың гүлстаны,
Дарқан өлкем - мерейлі ырыс бағы.
Күрестерде, еңбекте, мерекеңде,
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
1 жүргізуші: Сахнаға шешен ұлтының өкілдерін қошеметпен шақырайық.
1. Ең алғаш рет Патша өкіметі құлағаннан кейін Шешен - Дағыстан имаматы құрылған. 1918 жылы Таулы Республика болды. 1944 жылы өтірік жаламен бүкіл шешендерді Қазақстанға жер аударады. Жерлері РСФСР; Грузияға, Солтүстік Осетиндер мен Дағыстан АССР - на бөлінеді. 13 жылдан соң шындық әлемге паш етіледі. «Халық жауы» деген жала ақталып, 1957 жылы Шешен - ингуш Автономия Республикасы болып жарияланады. Алматыда - 2746 ингуш, 2304 шешен халықтары тұрады.
2 шешен тілінде өлең оқылады.
3 Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос, бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.

Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша - бау.

Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын кен де, көл де ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
4 шешен биі

1 жүргізуші: Аман боп халқымыз мәңгілік,
Жүрейік достықта сән құрып.
Бірлік пен ынтымақ нығайса,
Атады әрқашан таң күліп.
2 жүргізуші: Кезекті украин халқына берейік.
1 Украинаның территориясы - 603, 7 мың шаршы километр. Астанасы - Киев. Ірі қалалары - Харьков, Днепропетровск, Одесса. Халқы - 48, 2 миллион адам.
2 Украин тілінде өлең оқылады.
3 Қазақ жері маған да болған мекен,
Дүниеде дәл мұндай ел бар ма екен?!
Досқа - дарқан, дұшпанға сонша қатал,
Сүйем оны, сағынып, самғап жетем.
4 Украин биі
1 жүргізуші: Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
2 жүргізуші: Қошеметпен алдымызға әзірбайжан халқын шақырайық.
1. Әзірбайжанның ресми атауы - Әзірбайжан Республикасы. Астанасы - Баку. Мемлекеттік тілі - әзірбайжан тілі. Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні. Ұлттық ақшасы - манат. Халқы - 8, 2 миллион адам.
2. әзірбайжан тілінде өлең оқылады.
3. Отанды
Жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана,
Отан - үлкен
Қазақстан - туған ел!

4 әзірбайжан тілінде ән орындалады.
5 «Лезгинка» биі
1 жүргізуші: Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты,
Арнасынан аққан өзен сияқты.
Арынды күй махаббатты шертеді
Туған жерге, Отаныма шуақты.

2 жүргізуші: Құрметті көрермен, татар халқының өнерін тамашалайық.
1 Татар халқының саны - 298954 адам. Татар халқы үшке бөлінеді: волга - оралдық, сібір татарлары, астрахандық татар. Қазақ хандығының құлауынан кейін алғаш татарлар Қазақстанға келіп орныққан.
2 татар тілінде өлең оқылады.
3 Мен бүгін жеткіншек баламын,
Халқымнан өнеге аламын.
Тәуелсіз еліме өлең мен
Жыр арнап, сурет те саламын.
Қазақстаным, ел болдың тәуелсіз,
Шаттанып билеймін әуенсіз.
Балалар еңбегі азат күн,
Қолдайық, қорғайық біз бен сіз.

3 Татар биі
4 Баянның сүйемелдеуімен татар әндерінен папури орындалады.
1 жүргізуші: Далаң үшін, қызба қан халқың үшін,
Жырың үшін кеңейткен жан тынысын
Саған, Қазақстаным, ғашықпын мен
Әншіл, сәншіл, бәйгешіл салтың үшін.
2 жүргізуші: Қазақстан - елім менің,
Қазақстан - жерім менің,
Саған арнап айтылады
Әнім менің.

1 жүргізуші: Қарсы алыңыздар, алдарыңызда біздің қонақтарымыз - әжелер хоры.
2 жүргізуші: Жаныма ыстық мөлдіреген бұлағым,
Адалдықтың тәрізді ол тұрағы.
Асқар тауым, жазық далам, орманым,
Туған өлкем - жерұйығым, жұмағым.
Бала кезден артықсың сен, мекенім,
Сені ғана ардақтаумен өтемін.
Жылдан жылға арта берсін берекең,
Асқақтай бер, жарқын болсын ертеңің!
1 жүргізуші: Біздің ортақ үйіміздің шаңырағы биік, керегесі берік, босағасынан ырыс - дәулет кетпегенін қалаймыз. Оған Қазақстанда тұратын барша халықтың өзіндік үлес қосуымен бір - бір уық болып қадалғанын жақтаймыз. Ашық, көк аспан астында барлық елдер тату - тәтті өмір сүруіміз керек.
Барлық оқушылар қол ұстасып: Біз тату - тәтті боламыз,
Ағайынбыз бәріміз, - деп, қабырғадағы алтын күн суретіне қолдарындағы елдер атауын жапсырады.
2 жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.

Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз,
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
1 жүргізуші: Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын! Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

Алдарыңызда «Өз елім» әнімен 9 сынып оқушысы Коптелова Алина.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×