(7 - 8 сыныптар)
Сабақтың мақсаты: 1. Жас ұрпақтың ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу, логикалық зерделеу қабілетін жетілдіру,
2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын кеңейту;
3. Жас буынның Отанын, туған жерін, дінін, тілін сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд.
Сайыс сабақ барысы: Ұйымдастыру.
- Қош келдіңіздер, қадірменді тіл жанашырлары! «Ана тілін ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»,- деп Ғабит Мүсірепов айтқандай ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Біз тіл арқылы ғана білімді, өнерді үйренеміз.
Сол туған тіл атауы -
Ежелгі біздің қазақ тіл.
Осы тілді жек көрген
Дүниеден қалар құр.
Бағаласаң шынымен,
Баба тілің – асыл дүр,-
деп Қожаберген жырау жырына қосқан екен.
22 қыркүйек – халықаралық тілдер мерекесіне орай өткізілгелі отырған «сөз - мерген» сайысына қош келдіңіздер!
Ендеше, ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
I. «Мықты болсаң, тауып көр»
(Берілген мысалдардан тұрақты сөз тіркестерін құрап, мағынасын ашу)
Төркін
↓
ой
ес
сана
сөз
құрғатпау
↓
жыл
ай
апта
күн
Жауабы: 1). Сөз төркіні - мағынасы;
2). Күн құрғатпау - араға күн салмау;
II.«Жүйрік болсаң, шауып көр»
(Сөздерді тіркестіріп, мақал - мәтел құрау, мағынасын ашу)
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.