Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Жамбыл шығармашылығын терең зерттеп оқу.
Жамбыл деген жай атым,
Халық менің шын атым!- деп жырлап өткен ұлы жырау шығармашылығы туралы оқығандарын ортаға салып талдауға үйрету.
ә) дамытушылық: өткен ғасырға үңілдіру. Оқушылардың Жамбыл өмірі мен поэзиясы туралы ұғымын кеңейту. Көркем дүниеге құрметпен қарау арқылы дамытуға ойландыру.
б) тәрбиелік: Жамбыл шығармашылығы арқылы оқушыларды ата мекеніңді сүюге, ардақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау, топтастыру.
Сабақтың құралдары: Кадаскоп, маркер
Сабақтың көрнекіліктері: Ребус, сөзжұмбақ, ақын суреттері мен кітаптары туралы слайдтар
Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру
а) Амандасу, түгелдеу.
ә) Оқу - құралдарын тексеру.
б) назарын сабаққа аудару
3. Жаңа сабақ.
Ж. Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Сол себепті де есімін Жамбыл қойған.
Әкесі Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Киіз үйде өскен, сол кездегі қазақ балаларындай көшкенде бесікпен алып жүретін болған.
Жамбылдың балалық шағы жоқшылықта өткен.
Жас күнінен мал баққан.
Оның жүрегінде үміт отын тұтатқан домбыраның күмбірлеген даусы. Жапаның інісі домбырашы еді. Ағасынан ол екі жасында домбыраны үйренеді. Ол қолыма домбыра тигенде, бүкіл жан - дүнием елжірегендей болатын едім – дейді.
Ол 14 жасында әкесінен қол үзіп, өзінше күн көруге мықтап бел байлайды.
Үйді - үйді аралап, жарапазан айтатын болған. Өлең - жырлары жұртқа ұнап, құрмет көрсете бастайды.
15 жасында Сүйінбай даусына, ақындық шеберлігіне бас иіп, шәкірт етіп алады. Оның өлеңдерін жұртқа таратады.
Сүйінбай Аронұлы – Жамбылдың алғашқы ұстазы, сонымен қатар Жетісудың ең танымал, ел ардақтаған ақындарының бірі.
Менің пірім – Сүйінбай
Сөз сөйлеймін сыйынбай!
Сырлы, сұлу сөздері –
Маған тартқан сыйындай
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай! – деп жырларының да мәнісі осында.
Артында аса құнды әрі бай мұра қалдырған Жамбыл жыраудың әлі ашылмай, зерттелмей жатқан қырлары да мол - ақ.
Жамбыл кітаптары да жаңартылып шығарылуда. Оның өлеңдері, дастандары өшпес мол мұра.
Бүгін жыраудың «Аттандыру өлеңін өтеміз». Жамбылдың «Аттандыру» өлеңін атаның балаға арналған ақ тілегі, батасы, жүрегінің түбінен жарып шыққан әкелік сезімі деуге болады.
Бұл өлеңде әкенің баласын майданға аттандырарда оң сапар тілеп бата бергенін білдіреді. Сонымен бірге мұнда қоштасу сарыны да бар.
Алғадай – Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан ақынның ұлы.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.