Сайтқа кіру Тіркелу

Д.Исабековтың «Әпке» драмасы тақырыбына өтілген сабаққа рефлексия

8 «а» сынып оқушыларымен «Д. Исабековтың «Әпке»драмасы тақырыбына онлайн сабағын өткіздім. Ондағы мақсатым аудан мұғалімдеріне сабақта жаңа әдіс - тәсілді қолдана отырып сабақта 7 модульді кіріктіру. Сабақты оқушыларды 1 - 3 саны аралығында санатып, үш топқа бөлуден бастадым. Содан оқушылар үй тапсырмасын слайд арқылы түсіндіріп өтті. Келесіде үш топқа топтық тапсырмалар берілді.
1 - топқа: «Әпке»драмасын постер жасау арқылы түсіндіру;
2 - топқа: драманы рөлдік қойылым қою;
3 - топқа: «Әпке»драмасын Фишбоун әдісіне салып талдау.
Топ оқушылары жұмыс істеп жатқанда күй ойнатылды. Үш топтың оқушылары да біріге ұйымшылдықпен жұмыс жүргізді.
Содан 1 - топтан Алина, Ләйла, Гүлдана, Нұрбол постерді қорғады. Бұл топтың оқушылары драманың мазмұнын ағаш бәйтеректің әр бұтағына жазған да ағаштың діңгегіне әпкені қойған. Топ оқушыларының ішінде постерді Алина тамаша қорғап, топтың толық жұмысын көрсете білді.
2 - топ драманың соңғы тарауы бойынша көрініс қойды. Қойылым өте сәтті шықты, Мөлдір мен Айдана, Арман тура әртістердей нақышына келтіре ойнады. Бұл оқушылардың дауыс ырғағының өзі кейіпкерлердің мінезіне сәйкестендірілген.
3 - топ драманың проблемасын фактілермен дәлелдеді және сол проблемалардан қалай құтылудың жолдарын қарастырды. Бұл топтан ойын Баян, Индиралар ашық жеткізе алды.
Жаңа сабақты топ бір - біріне түсіндіруде топтың барлық оқушылары қамтылды, атап айтсам орташа оқитын оқушылар да постер жасау мен суреттеуде қызығушылықтарын білдірді және сабақ жайлы ойларын еркін қорыта алды.
Келесіде оқушылар «Сөзмаржан» айдары бойынша сөздікпен жұмыс жүргізуде дәптерге жазды. Содан оқушылар «Мені таң қалдырған нәрсе» бөлімінде драмадағы оқиғалар бойынша өздеріне әсер еткен оқиғалар туралы айтты. Мысалы: Индира өзіне қазақ қыздарының жат қылықтары қатты әсер еткенін айтса, Әлия тілдің шұбарлануын айтты, ал Арман Қамажайдың бауырларының анасын еске алу күніне келмегеніне ренішін білдірді. Сабақ соңына қарай әдебиет теориясы бойынша драма және драманың түрлерінің ережесі еске түсіріліп, дәптерге жазылды.
Сабақ соңында әр топтан 1 - 1 оқушы «Соңғы сөзді мен айтамын» бөлімі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты, ал қалған оқушылар стикерге жазып, тақтаға ілді. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.
Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын. Оқушыларды топ лидері бағалап отырды.
Жалпы сабақ өз мақсатына жетті, тек уақыттың тапшылығынан оқушылармен сергіту сәті өтілмеді. Бұл келесі сабақтарда ескерілуге тиіс.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектеп шеберханасына саяхат. Р дыбысы мен әрпі

Мектеп шеберханасына саяхат. Р дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 1. 9. 1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке...
Әдебиеттік оқу 4 сынып

Әдебиеттік оқу 4 сынып

Барлық берілген сабақтар тізбектелген сабақтар топтамасы. «Не үшін?» Қ. Мырза Әли, «Жазғытұрым» І. Жансүгіров, «Менің өмірім» М. Жұмабаев, «Оюлар» Ф....
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Жалпы мақсаты Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары, олардың ерліктері жайлы...
Алтын сөз

Алтын сөз

Мақсаты: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы өлеңнің мазмұнын ашу. Топтық жұмыста белсенділіктерін арттыру мақсатында қызықты тапсырмалар...
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылындағы Абай атындағы №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Болатбек Динара Болатбекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×