Сайтқа кіру Тіркелу

Электрондық оқулықтардың дарынды оқушылармен жұмыс жасауда қолданылуының тиімділігі

Электрондық оқулықтардың дарынды оқушылармен жұмыс жасауда қолданылуының тиімділігі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шілде де қабылданды. Осы Заңы 4 – ші бабында: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп көрсетілген.
Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Тілдердің үштұғырлылығы» бағдарламасы аясында мемлекеттік тіл – қазақ тілін дамытуға айрықша назар аударылатын болады. «Менің ел басшысы ретіндегі де, қазақ ретіндегі де парызым – қазақ тілін өсіріп – өркендету»,- деді Н. Ә. Назарбаев.
Дарынды балалар – ұлт болашағы.
Дарынды балаларды анықтау – нақты бір баланың дамуын талдауға байланысты ұзақ мерзімді процесс. Дарындылықты бір реттік тестілеу процедурасымен анықтай салу мүмкін емес. Сондықтан да дарынды баланы бір сәтте таңдаудың орнына оны арнайы бағдарламамен оқытуда (қосымша білім беру жүйесінде), немесе дербестендірілген білім беруде «жалпы білім беретін мектеп жағдайында) біртіндеп, кезең – кезеңімен анықтауға күш жұмсау керек.
Психометрикалық тесттер дарынды балаларды идентификациялау бағдарламасының аясында қосымша ақпарат көздерінің бірі ретінде қолданылады. Бірақ ол да баланы «дарынды» немесе «дарынды емес» деп шешім шығарудың жалғыз критерийі емес. Дарынды балаларды анықтау мақсатында қолданылатын психология – педагогикалық мониторинг бірқатар талаптарға жауап беруі керек:
1) баланың бейімділіктерінің кең аспекттерін қамтуға және ақпараттың түрлі көздерін қолдануға мүмкіндік беретін оның мінез – құлқы мен әрекетін жан – жақты бағалаудың кешенді сипаты;
2) идентификациялау процесінің ұзақтығы;
3) баланың бейімділіктері мен қызығушылықтарына барынша сәйкес келетін әрекет саласындағы мінез – құлқына талдау;
4) балалар әрекетінің өніміне (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер, математикалық есептерді шешу тәсілдері және т. б)
5) баланың дарындылық белгісін анықтауда оның психикалық дамуының актуалдық деңгейі ғана емес, оның жақын даму аймағын да ескеру керек. Ерекше бағдарламамен проблемалық сабақтар өткізу, баланың психологиялық «кедергіден» өтуіне игі ықпал ететін тренинг әдістерін қолдану тиімді;
6) нақты бір баланың өзіндік ерекшелігі мен дарындылық түріне сәйкес таңдалатын көптеген психодиагностикалық процедураларды қолдану арқылы тексерудің көп кезеңділігі;
7) диагностикалық тексеруді шынайы өмірлік жағдаят жағдайында, табиғи экспериментке ұқсас формада жүргізу;
8) зерттеушілік әрекетті модельдейтін және балаға барынша әрекет еркіндігін беретін пәндік жағдаятты қолдану;
9) балалар мен жасөспірімдердің пәндік олимпиадалардағы, конференциялардағы, спорттық жарыстардағы, шығармашылық байқау, фестивальдардағы жетістіктерін талдау;
10) психодиагностиканың экологиялық валидті әдістерін – баланың шынайы жағдаяттағы шынайы мінез – құлқын бағалауға мүмкіндік беретін – әрекет нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, ата – аналар мен мұғалімдердің сараптамалық бағасын тірек ету;
Дегенмен дарындылықты анықтаудың кешенді амалы да қателіктерден толық арылта алмайды.
Дарынды балаларды анықтауда дифференциялау қажет:
а) берілген жас ерекшелігі кезеңінде қол жеткізілген, дарындылықты дамытудың өзекті (актуальды) деңгей;
б) әрекеттің сан түрінде жүзеге асырумен байланысты болатын дарындылықтың нақты байқалуының ерекшеліктері;
в) баланың дамытылуы тиіс әлеуметтік мүмкіндіктері.
Оқушылардың даралық қабілетін танып білу, дамыту үшін:
1. Балалардың қабілет деңгейі, құрылымы әр алуан болатынын ескеру керек. Оны анықтауға психологиялық тестілер, зерттеу, бақылау, дамыту жұмыстары көмектеседі.
2. Әр балада қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы шығармашылық жұмыстарын жүргізе білген жөн.
Дарынды бала, ұстаз, ата – ана, өзге де тікелей қарым – қатынастағы адамдар осы қағидаға сүйене отырып, қажылы еңбек етсе, нәтижеге жетері даусыз.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Оқушылардың ой – өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана – сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыру оқу, тәрбие жүйесіндегі инновациялық технологияларды соның ішіндегі ақпарат технологиясын қазақ тілі сабағында қолдану үлкен жетістіктерге жетелейді деп ойлаймын.
Мұғалімнің күнделікті кәсіби шеберлігін арттырып, білімін шыңдай түсуі үшін күнделікті оқып – білу, тәжірибе жинақтау қажет. Осы заманғы сабақ берудің озық технологиясын меңгеру кезек күттірмейтін міндет екенін әрбір мұғалім білуі тиіс.
ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан, білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы.
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу төрт кезеңнен тұрады:
І. Жаңа идеяны іздеу. Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу
Оқу – тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс – тәсілдерді пайдалану.
ІҮ. Жаңалықтарды бекіту
Тәжірибелер жинақтала келе жаңадан туындайтын сияқты. Америкалық ұстаз Линданың «Оқытудың бұрынғы әдіс – тәсілдері бүгінгі әдістеріміздің ата – анасы» дегеніндей, жаңа технологияларды меңгеру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымды, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Инновациялық технологиялар:
- жобалау технологиясы;
- саралап даралап оқыту;
- дамыта оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту технологиясы;
- сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
- сатылай кешенді талдау;
- деңгейлеп оқыту технологиясы;
Инновациялық технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеудің психо – педагогикалық мақсатын дамытуға бағытталған жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан қамтамасыздандыру. Басқаша айтқанда ақпараттық технологияларды оқыту үрдісіне тиімді пайдалана білу және оның әдістемесін меңгеру. Білім беруді ақпараттандыру:
- әрбір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;
- білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;
- оқытуды үрдісінде оқушылардың танымдық іс – әрекетін тиімді ұйымдастыру;
Электронды білім беру ресурстарын пайдалану арқылы даралап оқытуға жаңа ақпараттық технологиялар білім беруде ең алдымен мектептерде тәжірибелі ұстаздардың білімін игеруге, жан – жақты білім алушылардың санын көбейтеді. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық оқулықтар, мультимедиялық презентациялар, анимациялық суреттер және т. б. көмегімен қазақ тілінде монолог және диалог түрінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырманың бірі қазақ тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Қазақ тілін үйрету процесінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видеокөріністер, презентациялар және электрондық оқулықтар.
Жаңа технологиялардың көмегімен сөйлеуге үйретудің тиімді жолдары жүзеге асырылуда. Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялар электрондық оқулықтардың көмегімен диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің тиімді әдісі, әрі оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді.
Қазіргі кездегі оқушыларды оқытудағы ең қажетті педагогикалық инновацияның бірі мультимедиялық компьютерлер, электрондық оқулықтар. Себебі адам көру, есту, арқылы тілді тезірек үйренеді. Есту арқылы тілінің қазақ тіліне дағдылану тез әрі ешбір акцентсіз болады. Сондықтан қазіргі таңда қазақ тілін оқытуда мультимедиа яғни жаңа ақпараттық технологиялар пайдалануы қажет.
Білім беруді ақпараттандырудың президенттік бағдарламасы электронды оқулықтарды жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде мектептегі білім берудің мазмұнының 60% - ы және кәсіби білім берудің 10% - ы түрлі сандық интерактивті мультимедиялық білім беру ресурстарын (СИМБР): электронды оқулықтарды (ЭУ); мультимедиялық оқыту бағдарламасын (МОБ); виртуалды саяхаттарды (ВС); электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т. б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілгені бізді қуантады.
Электрондық оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен, иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түсіну жолымен. Егер қандай да болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Оқылатын пәннің әр тақырыбын авторлар көзбен көру арқылы ұсынған. Мектеп оқушылары оқу материалын көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялық карталарды, көркем экспонаттарды және тағы басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады. Электрондық оқулықта, қарастырылып жатқан құбылыстардың өзара байланысын және олардың түпкі мағыналарын ашатын жан бітірімдер ерекше орын алады.
Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне – материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды.
Электрондық оқулықтар және СИМБҚ – ның басқа да түрлері интерактивті, олар дыбысталған, оларда оқушының жауаптарды елеусіз қалмайтын шынайы сонымен қатар тапсырмаларды орындай және сұрақтарға жауап бере отырып оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болады.
Барлық электронды оқулықтар Қазақстандық білім беру стандартына сәйкес жасалған. Олар нақты бір сабаққа бағытталып қана қоймай, сондай – ақ жалпы оқытылу пәнінің мазмұнына бағытталған, бұл оқушыға оқу материалын біртұтас етіп және олардың өзара байланысын көрсете алады.
Мен өз сабақтарымда электрондық оқулықтарды, мультимедиалық оқулықтарды пайдалана келе, дәстүрлі қағаз бетіндегі оқулыққа қарағанда артықшылығы басым болатындығына көз жеткіздім:
1. мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдану: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация, графикалық қойылым, бейне клиптер, слайд – шоу және т. б.
2. жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, қөзқарасын, өз кезегінде материалдың ұсынылын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады және анықтамалық жүйе ретінде қолдана алады.
3. жүйенің білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалауы.
Өз сабақтарымда электронды, мультимедиалық оқулықтарды пайдалана отырып жеткен жетістіктерімді атап өтетін болсам:
1. кроссворд, кесте және сызбаларды құру үшін дербес компьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарын өңдеу;
2. досына хат жазу мен дұрыс безендіруді үйрену т. б.
3. қазақ тілі кабинеті үшін қазақ тіліндегі сөздерді сауатты безендіру мен көркемдеуді білу;
4. дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және топтық жұмыс жасауды игеру мен алды кеңейту;
5. ғаламтор желісін пайдалану арқылы оқушылар электронды пошта арқылы хат – хабар алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу, білім қорына ену, сөздіктер мен энциклопедияларды пайдалана алады т. б.
Қазақ тілі сабағында электрондық оқулықтарды қолдану арқылы оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасайды. Жұмыстың бұл түрі оқушылар арасында қазақ тілінде диалог орындауда, грамматикалық білімдерін бекітуде пайдаланылады. 9 – 11 – сынып оқушыларына көбінесе белгілі бір тақырыпқа жобалық жұмыстар тапсырмалар беремін. Қазақ тілінде оқулықтарда жоқ материалдар іздейді. Тапсырма бойынша оқушы газеттерден, кітаптардан, интернеттен керекті мәліметтерді іздеп, тауып жазып әкеледі, қазақша мазмұнын айтып береді. Оқушыларға мұндай жұмыстар ұнайды. Бұл мен үшін пайдалы материал болса, олар үшін шығармашылық жұмыс. Мен үнемі сабақтарымда өтілген әр түрлі тақырыптарды меңгерту, пысықтау, саралау бағытында тәжірибемде міндетті әдіске айналған саралау – салыстыру, құрастыру жұмысын жүйелі жүргізіп отырамын. Екі елдің басты ерекшеліктері мен кейбір ұқсастықтарын тауып, салыстыру жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың қосымша материалдармен жұмыстануға, ізденуге мүмкіндіктер бере отырып, өз білімдерін көрсете білулеріне қол жеткізе алдым.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,...
Ақпараттық технологиялар – білім беру кеңістігінде

Ақпараттық технологиялар – білім беру кеңістігінде

Ақпараттық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды,...
Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдаланудың тиімділігі

Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдаланудың тиімділігі

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке...
Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...
Қашықтан оқыту

Қашықтан оқыту

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×