Сабақтың тақырыбы: «Күй аңыздары»
Сабақтың мақсаты: 1. «Қазақ халқының күйлері нің аңызы» атты тақырыпты түсіндіре отырып, тілдесім әрекеттерін қалыптастыру.
2. Сұрақ - жауап жұмысын жүргізу, септік жалғауларын қайталау арқылы еске сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ынтымақтастықта, бір - бірін сыйлай отырып, жұмыс істей білуге, өзін - өзі бағалай білуге тәрбиелеу. Әнге деген сүйіспеншілігін ояту, құрметтей білуді дәріптеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар суреті
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру – Сәлеметсіңдер ме?
- Отырыңдар
- Кім кезекші?
- Кім жоқ?
- Бүгін нешесі?
ІІ. Дыбыстық қайталау
Күй - 3 әріп, 3дыбыс, 1 буын: күй - б. б
К - дауыссыз, қатаң
ү - дауысты, жіңішке, еріндік, қысаң
й - дауыссыз, үнді
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
- Балалар, қандай күйлерді білесіңдер?
-«Кісен ашқан», «Балбырауын»
ІV. а) Жаңа сабақ «Күй аңыздары»»
1. түсіндіру
2. сөздік жұмысы (түсініксіз сөздерге тоқталу)
3. Жаттығу жұмыстарын өткізу
Қазақ эпосы мен фольклорының барлық түрі музыкамен тығыз байланыста. Салт - дәстүрлік, тұрмыстық және тарихи әндермен қоса, ірі эпикалық поэмалар да ақынның өзі таңдаған әуенмен домбыра арқылы орындалған. Қазақ фольклорындағы әуеннің ролі осы күй - аңыздарда ерекше байқалады, ол оқиға мен сезімді жеткізу құралы ретінде қолданып, сюжеттік сипатты береді. Әдетте, домбырада, сыбызғыда немесе қобызда күйші (әуенді шығарушы немесе ойнаушы) орындалатын күйдің мазмұнын қысқаша баяндайды да, оны дәстүрлі: “ал, енді мұны домбырадан тыңдаңдар”, - деген сөз тіркесі мен аяқтайды.
Авторы беймәлім “Бозторғай” атты ежелгі күй - аңызда өз балапандарын жыланнан қорғап, жанын қоярға жер таба алмайтын бозторғай туралы әңгімеленеді. Әуендік пьеса домбыра даусымен бозторғайдың қорқынышы мен жан арпалысын, балапандардың бәй күнә дауыстарын, ана - бозторғайдың ұяны жыланнан қорғауға тырысып, аластау жолындағы қанаттарының қағысын домбыра даусымен береді, күй бозторғайдың балапандарын құтқару үшін жылан аузына түскен өлім алдындағы шарасыздығымен аяқталады.
Тапсырма
Күй – септеу
А. с не? күй
2 - тапсырма
Домбыра - дыбыстық талдау
ІV. б) Сергіту сәті
Оқушылар «Футбол» ойынын ойнай отырып күйлерді қайталайды. Бұл жерде оқушылар әрі ойын ойнайды, әрі бір тынығып алады.
«Футбол» ойынының мазмұны.
Бұл ойынды екі топқа бөлініп ойнайды. Мұғалім 15 шақты футбол добын қағаздан қиып әкеледі. Екі топқа екі қақпаның суреті және «АУТ» сөзі жазылады. Берілген доптардың артына сабаққа байланысты тапсырмалар жазып қояды. Мысалы: «Мектеп» тақырыбын алатын болсақ (орыс мектебіндегі қазақ тілі бойынша):
- Сен қай мектепте оқисың?
- Мектебің кімнің атымен аталады?
- Мектебің неше қабатты? Т. б.
Әр топтан оқушылар шығып, тапсырманы орындап, қақпаға салып отырады. Ал жауап бере алмаса «АУТ» болады. Ойын соңында АУТ - тағы доптың сұрағын сынып болып шешуге болады. Бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді, ал ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырады.
Футбол добы 2. Қақпаның суреті 3. АУТ сөзі
3 - тапсырма
Мәтінді оқып, диалог құру
V. Үй жұмысы (мәтіннің мазмұны)
VІ. Қайталап, бекіту
- Балалар, бүгін сабақта не өттік? Қандай жаңа сөздермен таныстық? Қазақ тілінде септіктің неше түрі бар? Үй жұмысы қандай?
VІІ. Бағалау – Сабақ аяқталды, сау болыңдар!
Күй аңыздары
- ramuk_b
- 19 сәуір 2014
- 7593
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ халқының күйлері нің аңызы атты тақырыпты түсіндіре отырып, тілдесім әрекеттерін қалыптастыру
Ұқсас жаңалықтар:
Мектеп туралы сабақ
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, №1 мектеп - интернат қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абильмажинова Гүлмира Каниевна...Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!
Жезқазған қаласы, «№21 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1«В» сынып оқушысы Әшір Балжан Жамбылқызы Ғылыми...Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері. Сабақтың мақсаты: Дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетінін білдіру, олардың айтылу...Қазақ сазгерлері
Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Н. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен..."Фонетика" ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Фонетика Қызылорда облысы Жалағаш кенті №31 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Н.Н.Әлімбетова Білімі: Жоғары ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.