Сайтқа кіру Тіркелу

Спорт жеңімпаздары

Сабақтың тақырыбы: Спорт жеңімпаздары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: етістің түрлерін, реттік сан есімнің жасалу жолдарын қалай меңгергендерін бақылау, мысалдар арқылы бекіту.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырып бойынша өзара сөйлесуге жаттықтыру.
Тәрбиелік мақсаты: спорт баланың денсаулығына, дене қабілеттерін шындауға, тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуде ерекше орын алатыны туралы айту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үлестірме қағаздар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейін анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Етістің түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіру. Кестені толықтыру.
(Үлестірме қағаздар арқылы бақылау)
Өздік етіс
(возвратный)
Орындаушы өзі Ырықсыз етіс
(страдательный)
Орындаушы белгісіз Өзгелік етіс
(понудительный)
Ортақ етіс
(взаимный)
- ын - ін - н - ыл - іл - л - ғыз - гіз,- дыр,- дір
қыз,- кіз, тыр, тір - ыс,- іс,- с
киінді айтылды айтқызды сөйлесті
таранды басталған ойландырғыз аударыс
бөлінбеді шақырылды оқыттырды теріс
сұран жиналмады жаздырды өсіріс
2. Спорт түрлері, оның маңызы туралы әңгімелеу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сұрақ - жауап
*Балалар, қандай спорт түрлерін білесіңдер?
*Спорт адам өмірінде қандай орын алады?
*Спортпен айналысқан адамның денсаулығы қандай болады?
*Спортпен, дене шынықтырумен шұғылдану керек пе?
*Ал сен, спорттың қандай түрімен шұғылданасың?
*Біздің мектепте қандай спорт түрлерінен секциялар бар?
- Балалар, егер адам спорт түрлерінің бірімен айналысса, өмірде қандай маңызды жетістіктергеижетеді?
- Дұрыс, көптеген жетістіктерге жетеді.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Спорт жеңімпаздары.
1. Мәтінмен жұмыс. (162 бет 1 - тапсырма) Оқылым. Айтылым. Тілдесім.
а) Мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерге назар аудару. Реттік сан есімнің жасалу жолдарына көңіл аудару.
ә) Мәтінді аудару.
б) Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар құрастыру.
2. Оқушыларды Қ. Р. олимпиада жеңімпаздары жәңе біздің жерлес белгілі спортшыларымызбен таныстыру.( Презентация)
3. 2 - тапсырма 163 бет. Жазылым. Айтылым.
Сөйлемдерді аяқтаңдар.
Қазақсан - ежелден спорттық дәстүрі бар ел...
4. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей
Реттік сан есімдердің жасалу жолдары қандай? Мысал арқылы түсіндіріңдер. 1950 - 1960, 1995, 1980.
ІІ деңгей
Ортақ етіске бірнеше мысал келтіріп, жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
І деңгей
Тіркесті сөздер мен сан есімдерді пайдалана отырып, ұнататын спорт ойындары, спортшылар туралы хабарлама дайындаңдар.
ІҮ. Қорытындылау. Бекіту.
1. Интерактивті тақтада берілген суреттер арқылы сабақты бекіту.
2. Синквейн құрастыру.
Спортшы.
Мықты, шыдамды, шапшаң.
Жарысады, жүгіреді, секіреді.
Спорт - денсаулық кепілі.
Жеңіс.
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үй тапсырмасы: 1, 3 - тапсырмалар 163 бет
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×