Сабақтың тақырыбы: «Табиғат құя салған құйма талант» (Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен шығармашылығы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сегіз сері туралы білімдерін кеңейту. Оның жан - жақты қасиеттерін дамыту. Шығармашылығын меңгеру, көркемдік ерекшеліктерін таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың Сегіз сері туралы білімдерін шығармашылыққа, зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау, қосымша деректерді тиімді пайдалануға, өз ойларын жеткізуге ой - ұшқырлығына баулу. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, тұжырымды ой айтуға баулу, өз бетімен ізденуге үйрету.
Тәрбиелік: Сегіз сері туындыларының халықтық шығармаға айналғандығын дәлелдеу арқылы «Өнер - өшпес қазына» екендігіне көз жеткізу, эстетикалық тәрбие беру, пайым - парасатын кеңейту, халық өнерпаздарын бағалауға, ұлттық өнерді қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білімді жинақтау, қорытындылау сабағы
Сабақтың түрі: шығармашылық, зерттеу сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, топтық жұмыс, зерттеу, саралау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд кестелер, буклет, әндер жинағы, карточкалар
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, тарих, музыка
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
А ) Оқушыларды түгендеу
Ә) Сабаққа дайындығын тексеру
Б) назарын аударып, сабаққа бейімдеу.
2. Жаңа сабақ
Сабақтың кезеңдері мен әдістері:
1. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру
Топтастыру
2. Мағынаны тану: «Сен білесің бе?»
ДЖИКСО «Лото ойыны»
Семантикалық карта
Музыкалық үзіліс
«Хан талапай» ойыны
Екі жақты күнделік
Түртіп алу жүйесі
Жарнама, модель қорғау
3. Ой толғаныс: Ой толғау
Еркін жауап
Тест интервью
Бес жолды өлең
1. Ой шақыру. «Біз осы Сегіз серіні білеміз бе?»
2. Топтастыру.
Зымыран сұрақтар:
1. Сегіз серінің шын аты кім?
2. Өмір сүрген жылдары
3. Сегіз серінің арғы аталары
4. Қай жерден қандай білім алды,
5. Сегіз серінің есімі ел ішінде қандай дастандар арқылы мәлім
6. Сегіз серінің қандай шығармаларын білесіңдер?
«Сен білесің бе?» Қосымша деректермен жұмыс.
Сегіз сері туралы пікірлер:
1. Ғабит Мүсірепов Өзінің «Ұлпан» атты романында Сегіз сері туралы былай деп жазады: Бұл келген Керей аталатын көп рулы елдердің аты шулы ақын әншілері, жыраулары еді. Ақын Шәрке сал, соқыр Тоғжан, Нияз сері, Сапарғали ақын т. б бәрі де атақтының атақтысы - Сегіз сері ақынның мұрагерлері»
2. Біржан сал: Ұстазым Сегіз сері, Нияз сері
Солардан үлгі алған мен Біржан сері
73 мүшеліме толғанымда
Дүние теріс айналып кетті кері
Сегіздей асыл адам жаралмайды
Халқына болып өткен тым жағдайлы
Керейден 100 мың әйел ұл тапса
Ешбірі Сегіз сері бола алмайды.
3. Жаяу Мұса: Жігіттер өнер қусаң Сегізге ұқса
Шәкірті Сегіз сері атым Мұса
Қазақтың ел қорғаны мақтаныш қой
Үш жүзде ер Сегіздей көп ұл туса
Бөлген күйге Сегіз ой мен қырды
Төгетін жиындарда асқақ жырды,
Омбыда Мұқарама сұлуға арнап
Шығарған алғашқы әні «Назқоңырды»
4. Балуан Шолақ: Сегіз серіні көргенім жоқ
Көрмесем де естімей жүргенім жоқ
Біржаннан қанып оның жолын қудым
Жақсыны одан артық білгенім жоқ
5. С. Торайғыров: Керейде Қожаберген, Сегіз өткен
Қазақтың шежіресін жыр ғып шерткен
Үш жүзге өлеңменен үндеу тастап
Олар да бірлік үшін еңбек еткен
Ақын шығармашылығына арналған «Лото» ойыны «Қазақстан - 2050» стратегиясы
1. Сегіз серінің махаббат тақырыбына арналған қандай өлеңдері бар?
2. Сегіз серінің арнау өлеңдерін ата
3. Туған жерге арналған қандай өлеңдері бар?
4. Сегіз серінің қандай айтыс өлеңдері бар?
Ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі:
«Хан талапай» ойыны
1. Теңеу Бұлақтай көгал қуған
Ажарың ашық екен атқан таңдай
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай
Ажарың ақ түлкідей
Шолпандай жалғыз туған
Ақ жүзің раушан гүлдей жайнағанда
Еріні бүлдіргендей
2. Метафора Гауһармын таразыға салынбаған
Қылышпын қынабынан алынбаған
Керейдің Сегіз атты саңлағымын
Көп жігіттің топ бастар серкешімін
Ортасында биігі - өркешімін
Үш жүздің бұл күндегі еркесімін
Мақпалжан, айналайын, сен қызғалдақ
Аузың – бал, тілің – шекер, қойның - жұмақ
3. Эпитет Тәтті үні мейіріңді қандырған қыс
Сайраған гүл бақшада бұлбұл үнін
Ақ балтыр, жасыл желек, ну орманым
Жібек жал арғымақсың, қамыс құлақ
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай
- Риторикалық сұрау әдісімен жазылған өлеңдерінен мысал келтіріңдер
- Ақын өлеңдерінде кездесетін қанатты сөздер
- Үлгі - өнеге, нақыл, насихат, өсиет түрінде жазылған өлеңдері
- Сегіз серінің сегіз қырлы өнері толық ашылатын кез
ЖАРНАМА (Мекеме ұйым жұмыстарына қатысты іс - қағаздарының түрлері)
МОДУЛ Ь ҚОРҒАУ
Екі жақты күнделік кестесі
Маған ерекше әсер еткен жағдай
Өз ой - пікірім
«Түртіп алу» стратегиясы
Білемін Білдім Білгім келеді
ОЙ ТОЛҒАУ
ЕРКІН ЖАУАП
ТЕСТ ИНТЕРВЬЮ
- Сегіз серінің қандай қасиеттері өзіңе ерекше ұнады?
- Қазіргі жігіттердің бойынан қандай қасиеттерді көргің келеді?
- Бүгінгі сабақтан қандай тәлім - тәрбие алдың?
БЕС ЖОЛДЫ ӨЛЕҢ
1. Зат есім. Сегіз сері
2. Сын есім, зат есім Дарынды ақын
3. Етістік. Толғанады, тебіренеді, жырлайды
4. Сезіну Сегіз сері - сегіз қырлы ақын
5. Синоним Сегіз сері - жезтаңдай ақын, сал - сері
Үйге тапсырма беру. «Табиғат құя салған құйма талант» тақырыбына шығарма жазу.
Оқушы білімін бағалау.
Табиғат құя салған құйма талант (Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен шығармашылығы)
- Бико
- 20 ақпан 2014
- 6402
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ әдебиеті, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Бөбектің тілегі
Тоқтышағым, тоғыз тап, Саулық қойым, сегіз тап, Сегізін де семіз тап. Құла бием, құлын тап,...Бала тәрбиесі баршаға ортақ
Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір - бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен...Кәрілік туралы мақал-мәтелдер
Сексенде сегіз байлық, Сегіз жарлылық. Шөп те басынан қурайды....Жамбылдың өмірі, шығармашылығы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі және әдебиеті...«Жігіт сұлтаны» байқауының сценарийі
Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші жігіттерді жан-жақтылыққа баулу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.