Сайтқа кіру Тіркелу

Жарасып тұр дәстүрім!

Сабақтың тақырыбы: Жарасып тұр дәстүрім!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Салт - дәстүрлеріміздің мән - мағынасын оқушы бойына сіңіру, ұғындыру;
Дамытушылық : Қазақ тіліне, дәстүріне деген қызығушылықтарын, ұлттық дүниетанымын арттыру, өз бетімен жұмыстану, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Салт - дәстүрімізді сыйлауға, еңбекке, адамгершілікке баулу;
Сабақтың эпиграфы: «Салт - дәстүрім - қазынам»
Түрі: жаңа сабақ, мультимедиялық кабинет
Әдіс - тәсілдер: кластер, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка
Көрнекіліктер: видео, слайд, кітап көрмесі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Мұғалімнің сөзі: - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - салт - дәстүрлерімізге байланысты бейне - клип тамашалайық.
«Қазақ халқының дәстүрлері» бейнефильмі.
2. Бейнефильм бойынша сұрақтар:
- Қандай салт - дәстүрлер көрсетілді?
- Бұл салт - дәстүрлердің маңыздылығы бар ма?
- Осындай салт - дәстүрлерді күнделікті өмірде көріп жүрміз бе?
3. Мұғалімнің сөзі: - Қазақ халқы салт - дәстүрге бай халық. Маңыздылығы өте жоғары салт - дәстүрлердің бірі - бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер. Мысалы, бала дүниеге келгенде шілдехана тойы өткізіледі. Бала қырқынан шыққан соң бесікке салу тойы, тәй - тәй басып жүре бастағанда «тұсау кесу», ал өскен кезде ата - ана үйлену тойын өткізеді. Бүгінгі сабақта осындай салт - дәстүрлеріміздің өткізілу ережесімен, өту барысымен, тәрбиелік мәнімен кеңірек танысамыз.
1 - тапсырма. Диалогты рөлге бөліп оқу.
2 - тапсырма. Сөздік жұмысы.
а) оқу:
байғазы - подарок за новую вещь
басқосу - встреча, объединение
базарлық - подарок от пиршества
сыйластық - уважение
ә) жаңа сөздермен сөз тіркестерін құру:
байғазы беру, базарлық әкелу, сыйластық көрсету, т. б.
3 - тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
а) мәтін құру.
Сүйінші сұрау - шын қуанғандықтың белгісі. Қуанышты хабарды жеткізуші адам «сүйінші» деп келеді. Байғазы - балалардың жаңа киімі үшін берілетін сый. Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі. Тоқымқағар - адам алғаш рет алыс жолға шыққанда жасалатын басқосу. Алыс сапарға шыққан адамдар туысқандарына сыйлық әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл - жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі. Келін түскенде, құда келгенде, тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады.
ә) Топтық жұмыс: Үш топ өздері таңдаған үш тақырып бойынша мәтін немесе диалог құрады.
1. Сүйінші сұрау.
2. Байғазы.
3. Базарлық.
4 - тапсырма. Суретпен жұмыс: Әр топ слайдта көрсетілген суреттерге қарап, дәстүр атауларын және олардың қашан, қалай, не үшін өткізілетінін айтады.
5 - тапсырма. 4 - флипчат. Мақалдарды мағынасына қарай топтастыру (жылжыту).
№ Тәрбиеге байланысты Салт - дәстүрге байланысты
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Еңбек - мұратқа жеткізер. Сөз мәйегі - мақал. Көппен көрген ұлы той. Сыйлап берсе суын іш. Өнер алды - қызыл тіл. Ағадан - ақыл, ініден - ізет.
6 - тапсырма. Семантикалық кестені толыру.
№ Семанткалық кесте Мақал Фразеологизм
1 Қаймағы бұзылмау +
2 Тонның ішкі бауындай +
3 Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада +
4 Арасынан қыл өтпейді +
5 Жақсы сөз - жарым ырыс +
6 Ат ізін суытпау +
7 Ешкімнің ала жібін аттамау +
8 Атаңның баласы болма, адамның баласы бол +
9 Сегіз қырлы, бір сырлы +
10 Ақыл таразысына салды +
7 - тапсырма. Берілген фразеологиялық тіркестердің мағыналарын жазу.
1. Ақ жаулық -
2. Ақ жүрек -
3. Ақкөңіл -
4. Бөркін аспанға лақтыру -
5. Екі жүзді -
6. Жүрек жарды сөз -
7. Жылы сөз -
8. Қызғыштай қорыды -
7 - тапсырма. Салт - дәстүрлер тақырыбына кластер құру.
Мұғалімнің сөзі: - Құрметті оқушылар! Қазақ халқында мынадай бір терең тағылымды аңыз бар:
«Баяғыда тасы өрге домалап тұрған бір хан жанына нөкерлерін ертіп, аң аулауға шығады. Орман кезіп, қыр асып келе жатса, алдынан екі көзі ботадай мөлдіреген, сауыры жез құмандай жылт - жылт еткен сұлу киік қаша жөнеліпті. Хан садақтан оқ атып, киіктің артқы аяғын жаралайды. Бір жағы құлама жер, екінші бүйірден хан нөкерлері қиқу салып, қыспаққа алғанда, жаны қысылған бейшара киік жан далбасамен сонадайдан көз тартқан ақбоз үйдің ашық тұрған есігінен ішке қойып кетіпті. Үй иелері жайылған дастарқаннан түскі тамақ ішіп отыр екен. Есіктен енген киік жаюлы дастарқаннан ырғып, төрдегі керегеге тұмсығын тіреп, солығын баса алмай тұрып қалыпты.
- Шығар киікті!- деп дауыстайды хан ат үстінде тұрып төрде тамақ ішіп отырған қарияға. – Бұл тау тағысын түстік жерден қуалап келіп, сенің үйіңде қолға түсіріп тұрмын. Мұның менің олжам екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар?
Сонда қария:
- Сөзің орынды, хан ием. Киік сенің олжаң екені рас. Бұл сорлы жаны қысылған сәтте менің төріме шығып кетті. Ортада дастарқан жаюлы жатқанын өзің көріп тұрсың. Ата - салтымыз бойынша дастарқанды аттап өте алмайсың. Ал дәстүрді, қалыптасқан ата - салтты бұзсаң, қалың елдің табасына қаласың, жолың болмайды,- депті.
Хан аталы сөзден жеңіліп, ат басын кері бұрыпты.»
Үй иесі - қария халықтың салт - дәстүрін алға тартып, хан да одан аттап, ожарлық жасамайды. Бұдан әдептің халықтық дәстүрмен, ата - салтпен байланысты екенін көріп отырмыз.
Бағалау.
Үй жұмысы: 1. 5 - тапсырмадағы мәтінді оқып, ат қою, түсінгенін айту.
2. «Жарасып тұр дәстүрім!» тақырыбына ойтолғау жазу.
Рефлексия. «Қазақтың дәстүрлері - ай» әнін тыңдау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×