Сайтқа кіру Тіркелу

Тіл білімі салаларынан өткенді қайталау

Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тіл білімі салаларынан алған білімдерін тиянақтау. Жай талдау үлгісімен қатар сатылай кешенді талдау арқылы мысалдары дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылығы: Сөздерді сатылай кешенді талдау үлгісімен талдай білуге одан әрі жаттықтыру. Дұрыс айта білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды ұлттық дәстүрге тәрбиелеу. Өмірге деген көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың формасы: Топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, магнитный тақта, сызбалар, перфокарталар.
Сабақтың әдісі. Дамыта оқыту технологиясы (әр түрлі сатыдағы деңгейлік тапсырмалар), шығармашылық ізденіс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Өткен материалды еске түсіру
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда тіл білімі салаларына не жатады? Тіл білімі салаларынан біз нені үйрендік? Осы үйренгенімізді бүгінгі сабақ – та көрсетеміз.
Сабақ эпиграфы: «Адам мен адамды жақындастыратын, адам мен адамды теңестіретін білім». М. Әуезов
Ендеше, біз бүгінгі сабағымызда өз білімдерімізді көрсетпекпіз.
Балалар, биыл 2009 жыл. Келесі қандай жыл? 2010 жыл. Олай болса, 2010 жыл біз үшін, біздің қазақстан үшін ерекше жыл болмақ. 2010 жылы Қазақстан Еуразия қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді. Осы ұйымға төрағалық ету үшін біздің бүгінгі сабағымызға 3 команда келіп отыр. Әр команда өздерін таныстырып өтсін. І топ – «Көктем», ІІ топ – «Наурыз», ІІІ топ – «Табиғат». Егер қай топ көп балл жинаса, сол топ осы ұйымға мүше болады. Ол үшін біздің алдымызда 4 саты тұр. Әр сатыда тапсырмалар берілген. Осы сатыдағы тапсырманы түгел орындаған топ осы ұйымға мүше болады.
Білім – табыс кілті Шығармашылық деңгей
Қызықты грамматика Эвристикалық деңгей
Ойлан, ізден Алгоритмдік деңгей
Зерделі сұрақ, дәлелді жауап. Оқушылық деңгей
ІІІ. Оқушы деңгейімен жұмыс.
Тіл білімі салаларын ата?
Фонетика. Лексика. Грамматика
Морфология Синтаксис
1. Фонетика нені зерттейді?
Дауысты дыбыс
Дауыссыз дыбыс Екпін
Орфоэпия Тасымал
Буын Орфография
Үндестік заңы
2. Лексика нені зерттейді? Бөлімдерін ата?
Көп мағыналы сөз
Кәсіби сөз
Диалект сөз Тура мағына
Термин сөз Омоним
Табу сөз Антоним
Кірме сөз Синоним
Көнерген сөз Неологизм
Мақал – мәтел Тұрақты тіркес
Ауыспалы мағына
3. Грамматиканың бөлімдерін ата
Морфология Синтаксис
Сөз табы Қосымша Сөз тіркесі Жай сөйлем
Жұрнақ Жалғау
Құрмалас сөйлем Пунктуация
Сөз құрамы

Түбір сөз Туынды сөз Күрделі сөз
ІҮ Алгоритмдік деңгей
«Көкпар» ойыны. 3 оқушы тақтаға шығады.
1. Қоржын сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жаса.
2. Сайгүлік сөзіне лексика – грамматикалық талдау жаса
3. Бірлігі мықтыелдің белін ешкім сындыра алмайды.
Сөйлемге синтаксиситік талдау жаса
Кітаппен жұмыс: 275 – жаттығу
ІІІ Эвристикалық деңгей. Қызықты грамматикалар.
Бағыныңқы Басыңқы Сөз тіркесінің байланысу түрі
Зат есім
Етістік
Есімше
Зат есім
Сын есім
Зат есім
Үстеу
Етістік
Көсемше
Етістік
Ілік септігі
Зат есім
Септеулі зат есім
Етістік
Сәйкес келетін жауаптарды ата.
а) Болашақ қала 1. Тұрақты тіркес
ә) Сары ала 2. Еркін тіркес
б) Бұраң бел 3. Күрделі сөз
Жұмбақ өлеңді шеш?
Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны алып жемек болсаң,
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді
Қалғандары қақтығып барып өтеді.
Тапсырма: ағашта сөзіне фонологиялық талдау жаса.
Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт – сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік.
Тапсырма: Мына сөйлемді сөз құрамына талда.
Қазақстанның таулы аймақтарында «Наурызшешектің» бірнеше түрі өседі.
Тапсырма: Сөйлемді сөз табына талда.
Ү. Білім – табыс кілті. Шығармашылық деңгей.
Табиғат – тал бесік.
Ел тілегі – тәуелсіздік
Еліміздің бас қаласы – Астана
Наурызым – әнім.
Осы тақырыптардың біріне ойтолғау жаз.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
ҮІІ. Сабақты бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

Атырау қаласы, Ғани Мұратбаев орта мектебінің математика пәні мұғалімі Қанатова Талшын Ибатқызы...
Ата салтым - асыл қазынам (лексикадан өткенді қайталау)

Ата салтым - асыл қазынам (лексикадан өткенді қайталау)

Пән мұғалімі: Елшібай Ү. Ж. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Лексика бойынша алған білімдерін дамыту арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөз...
Сөз таптарына саяхат

Сөз таптарына саяхат

Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даргужина Сандуғаш Биязбайқызы...
Сын есімнен өткенді қайталау

Сын есімнен өткенді қайталау

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы №3 Алға қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбатыр Клара Рзағалиқызы...
Ондық бөлшектерді қайталауға есептер шығару

Ондық бөлшектерді қайталауға есептер шығару

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы. Б.Майлин атындағы орта мектебі Математика пәнінің мұғалімі: Юсбекова Анар Пазылбекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×