Сабақтың тақырыбы: Мұхтар әлеміне саяхат.
Сабақтың түрі: Виртуалды саяхат. Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қазақтың ұлы жазушысы М. О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын білу.
Дамытушылық: Мұхтар Омарханұлының өскен ортасы туралы айта алуын, дүниетанымын ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың көпшілік алдында әдеби тілде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға Әуезов ұлылығын, оның шығармаларының тереңдігін сездіру. Адамгершілік тәрбиесі. Надандық, зұлымдық, жалқаулық сияқты осал қылықтардан сақтандыру.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Сабақтың негізгі әдістері: мазмұндау, рольді бейнелеу, тест шешу, ойын, тапсырма орындау.
Сабақтың жабдықталуы: М. О. Әуезовтің суреті, трек - сызба, Бөрілі көріністері, фотосуреттер, электрондық оқулық, мультимедия тақтасы.
Әдебиеттер:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырыптар бойынша компьютерлік тест алу.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: мультимедиялық тақтада М. О. Әуезовтің суреті.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балалар, бүгін біз М. О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен танысамыз.
Өр тұлғасы жаралған жылылыққа,
Есімі жүр әлемде, әр құрылықта.
Ұлы Абайды бар халыққа таныстырған.
Бас иемін Әуезовтей ұлылыққа.
Асқақ ойлы, көркем тіл, сөз зергерін,
Басқаға емес қазаққа кез бергенін,
Айта алар кім ұлылықпен әлем асқан,
Абай, Мұхтар даналарға тең келгенін.
М. О. Әуезов - жомарт табиғаттың жарқын дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуары. XIX ғасырдың асқар белі Абай болса, ХХ ғасырдың заңғар биігі - Мұхтар Әуезов.
Сабағымызды «Әуезов әлеміне саяхат» деп атағандықтан біз бүгін виртуалды саяхат жасамақпыз. Ол саяхатта бізге жетекші болатын 9Г класының Мұхтартанушылары. Балалар жұпқа бөлініп, әр қайсысы өз тақырыбына дайындалған.
Мультимедия тақтаға М. О. Әуезов туралы ақын жазушылардың, Н. Ә. Назарбаевтың сөзі шығады:
«Мұхтар Әуезов - біздің бүгінгі адамзатқа ортақ мәдениет шеруіне қатысуға жолдама алып берген елшіміз»
Н. Ә. Назарбаев
«Орыс мәдениеті үшін Пушкин қандай болса, шығыс халықтарының мәдениеті үшін Әуезов сондай.»
Ш. Айтматов.
«Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай».
Николай Погодин.
Тақтада Абай суреті, қарасөзден үзінді жазылған. Бірінші аялдама: Семей жері, Абай ауданы.
Әуез ата: 1897 жылы немерем Мұхтар дүниеге келді. Жасы да бірталайға жетіпті. Балаларымды оқытпасам, түбінде қорлық көрер. Осы Абай оқу десе ішкен асын жерге қояды. Байқасам, ол бірдеңені біледі. Міне қарасөзінде де жазыпты ғой.
«Турасын айтқанда балаңа қатын әперме, енші берме, ғылым үйрет. Мына мен айтқан жол, мал аяр жол емес» 25 сөз.
Абайжан, заманның өзі оқығанды, білімдар болғанды қалап отыр. Мақсатым, балалар мен немерелерімді оқыту. Мына Қызылшоқа болса, Семейден 250 шақырым. Рұқсат қылсаң, Бөріліге барып қонсам деп келдім.
2 - ші оқушы: М. О. Әуезов Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау деген жерде дүниеге келген. Бірақ та Әуезовтің әлемге әйгілі шаңырағы - Бөрлі. Осы жер туралы қысқаша бейнефильм көріңіздер. Бейнефильм көрсетіледі.
Саяхатымыздың екінші аялдамасы. Семей қаласы. 1907 жыл. Мұхтар Орыс мектебіне, онан кейін 5 кластық қалалық, училищеге қабылданып. 1912 жылы бітіріп шығады да, сол жылы мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. М. Әуезовтің семинарияда оқып жүрген кезін орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Владимир Иванович Поповтың естелігінен білеміз. «Мен Мұхтар Әуезовпен тұңғыш рет 1916 жылы таныстым. Оның маған қаншалықты күшті әсер еткендігін жарты ғасырға жуық жадымда сақтап келдім. Үлкен класс бөлмесі дәл қазіргідей көз алдымда. Парталар үш қатар боп қойылған. Ортадағы бірінші партаның оң жағында ерекше сәнді, ұқыпты киінген, қап - қара шашы бар, қоңырқай реңді, қалың ерінді, әсерлі де ойлы қоңыр көзді, кең маңдайлы, он сегіздер шамасындағы сыпайы, сұлу жас қазақ жігіті отырды. Бұл Мұхтар Әуезов екен».
Семинарист Мұхтар білімге ерекше ден қойып, талпынып оқығаны байқалады. Арасында ауырып, біржарым жыл тоқтатып қойып, семинарияны 1919 жылы бітіреді.
Келесі аялдама: Ленинград. М. О. Әуезов 1923 жылы Ленинград университетінің қоғамдық - ғылымдар факультетіне, әдебиет - лингвистика бөлімінің славян - орыс секциясына түседі. 1 семестірден кейін Семейге демалысқа келді. Мұғалімдер жетпегендіктен М. Әуезов Семей педтехникумында мұғалімдік қызметке қалады.
М. Әуезовтің Ленинград университетіндегі оқудан үзіліс 1925 жылдың күзіне дейін созылды. Ол оқуын қайтадан 1925 жылы бастап, 1928 жылы аяқтады.
Ленинградтан Ташкентке бет бұрдық. М. Әуезов орман техникумында көркем әдебиеттен сабақ береді, әрі «Шолпан», «Сана» журналдарында қызмет істейді.
Сабақ бере жүріп ғылыммен де айналыса бастайды. Орта Азия мемлекеттік университетінің тюркология кафедрасына аспирантураға түсіп, сол кезде қазақ халық ағарту институтында орыс және қазақ әдебиет пәндерінің оқытушысы болып қызмет атқарды. Ташкентте М. Әуезов бір топ ұлы қайраткерлерімен бірге ұсталып 1, 5 жыл түрмеде жатты. Содан босанып шыққаннан кейін ұстаздығының екінші кезеңі басталды.
Келесі аялдама: Алматы қаласы. Алғашында Мұхтар аға Алматы малдәрігерлік және Абай атындағы педагогикалық институтында шәкірт тәрбиеледі. Одан кейін Қазақтың мемлекеттік университетіне ауысты да, оның жалғастығы өмірінің соңына дейін үзілмеді. Тек елуінші жылдардағы саяси науқаны кезінде қызметінен аластағаны, өз сөзімен айтқанда «Қудалағаны» бар.
Қымбатты оқушылар, енді біз бұрынғы ССРО астанасы - Мәскеуге тоқтаймыз. «Москва, как много в звуке этом» - дегендей М. Әуезов өмірінде Мәскеу университетінің орны ерекше. Өзін Мәскеу студенттері алғашында салқын қабылдайды. Бірақ шын тұлпар шабысына біртіндеп барып енеді емеспе? Академик Виноградов өз кезегін Әуезовқа ұсынып, студенттермен бірге отырып тыңдайды. Бұл кезең Әуезовты ерекше ширықтырғандай еді.
Қазақстанда Ғылым академиясы ашылып, Әуезовтың академик сайлануы, ғылым докторлығы мен профессорлық атақтың қатар берілуі - оған көп міндет жүктеді.«Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі» - деген М. Әуезовтің өзі. Біздің білетініміз: Мұхтар - жазушы, Мұхтар - ғалым, Мұхтар - қайраткер, ұстаз.
Мұхтартанудағы соңғы аялдама: Оның еңбектері. Біз оны 5 салаға бөлдік.
Барлық еңбектерін көрсету мүмкін емес, біз трексызбада тек білеміз деген еңбектерін көрсеттік.
IV. Мұхтар ағамыздың өмірінде Абай ерекше орын алады.
Ұлы Абайдай алыпты,
Қазақ деген халықты,
Таныстырып бар елге,
Абайды бізге танытты.
Адамдық пен надандық,
Жақсылық пен жамандық,
Суреттердің бәрін де,
Оқып одан нәр алдық.
Аталса Абай есімі,
Әуезов түсер есіме,
Абай - Мұхтар қос есім,
Киелі болған өзіме.
Мұғалім: Балалар, біз бүгін М. О. Әуезовтің «Абай» либреттосымен танысамыз.
1939 жылы «Абай» трагедиясын Мұхтар Әуезов Леонид Соболевпен бірге жазған.
Басты кейіпкерлер: Абай, Айдар, Ажар. Бай ауылдың қалыңдығы Ажардың ғұрып бұзуы, кедей жігіт Айдарды сүюі феодалдық ұғым бойынша сұмдық оқиға. Міне осындай шытырман тартысқа Абай батыл араласып, сүйген жастардың басына азаттық әпереді.
Тәкежан, Оразбай, Жиренше әдет - ғұрыптың қатып семіп қалған салттары үшін күрессе, Абай және оның тілектестері адам еркіндігін, бақытын жақтайды. Абайдың биік парасатына, кемел шешендігіне қарсы қояр дәлелі таусылып, амалсыз тосылған сұм шонжарлар Айдарға у беріп өлтіреді. Абай осындай қатерлі тартыстарға өз басы үшін емес жаңашыл, жас қауымды қорғау үшін, ел келешегіне жаңаша қарайтын адам тәрбиелеу үшін қатысады.
«Еңлік - Кебек» - драмасына ұқсастығы - 2 жастың қыршын кеткені.
1940 жылы композитор Ахмет Жұбанов М. О. Әуезовтың «Абай» пьесасына арнап музыка жазды.
Бұл жұмыс Абай операсының жазылуына түйткі болды. «Абай» - операсы Хамиди және Жұбанов екеуі бірлесіп жазған бірінші қазақ операсы болды. «Абай» операсы Абайға арналған ең үлкен музыкалық шығарма. Бұл операда қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ағартушы, феодалдық әдет ғұрыпқа қарсы тұрушы Абай Құнанбаев бейнесі сомдалған. Операда Абайдың өзінің өлеңдері айтылды.
Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас», «Сегізаяқ» өлеңдерін операның бас кейіпкері Айдар орындайды.
Сонымен бірге «Көзімнің қарасы», «Ұзын қайың», «Ата анаға көз қуаныш» деген өлеңдері де бар.
Опера Абайдың 100 жылдығына арналған. Оның премьерасы 24. 12. 1944 ж. өтті. Операның 1-ші қойылымынан кейін театрға Абай есімі берілді. Либреттоның екінші редакциясы 1957 жылы жазылды.
Бұл шығармадағы көтерілген мәселе, негізгі ой
Негізгі ой Қосымша мағынасы
Жастардың басына әперілген азаттық Абайдың феодалдық ұғымдарға қарсы күресі. Адамдарды адамгершілікке шақыру. Надандықпен, сатқындықпен күрес.
Қайтседе махаббат жеңеді.
Балалар, оқулықтарыңызды 104 бетте ашыңыздар. Опера - дегеніміз әнмен айтылған оқиға, хикая. Либретто - операның сөзі. Бұл операда екі жастың махаббаты туралы айтылады. Екеуін құтқарған Абай еді. Сонда да ескінің қолы оларға жетеді. Абайдың жанындағы Әзім той үстінде Айдарға у беріп өлтіреді.
Мұғалім: Алдарыңызда сөздік берілген. Әзімнің істеген ісіне балама табыла ма?
Оқушылар: Ия, табылады, ажал, қастық деген сөздер.
Мұғалім: Бұл операда Үлкен махаббат туралы әңгіме қозғалған. Бұл туынды М. Әуезовтің махаббатқа арналған бірінші шығармасы емес. Қай ел болса да олардың өздерінің Ұлы махаббаты болған Ромео мен Джульетта, Руслан мен Людмила, Тристан мен Изольда. Ұлы махаббат мұңлы болады. Айдар мен Ажардың махаббатын да Ұлы махаббат қатарына қосуға болды.
Ал енді Айдардың монологын тыңдасақ. (Монолог оқылды).
Мұғалім: О, махаббат!
Сен әлім тірі мен едің?
Көзімнен ғайып болған күнім менің
Гүлім едің.
О, махаббат
Сен әлі тірі ме едің?
Тірі ме едің!
Мен де енді тірілемін
Ақ періште алды жүгінемін.
Қолдай гөр ғашықтардың пірі мені.
Айдар мен Ажар махаббатына бір сәт бас иейік.
Сабақты қорытындылау: Біз бүгін Әуезовтің әлеміне саяхат жасадық.
Оқушылар тарапынан бұл саяхатқа үлкен дайындық болды. Әр оқушы өз үлесін қосты: көп рахмет. Енді естігенімізді, білгенімізді бір жүйеге келтіру үшін «Миға шабуыл» мезетін өткізейік. 3 минуттың ішінде Әуезов туралы не ұқтыңдар, естерінде не қалды түртіп шығайық (Бейне тақтаға «ассоциациялық ойын» кадастр сызылды? Оқушылар өз ойын жазады).
Үйге тапсырма: Өйткенді қайталау, «Абай» либретосындағы ұнамды кейіпкерлер галереясын салу.
Мұхтар әлеміне саяхат
- бағдатовна
- 8 қаңтар 2014
- 5799
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мұхтар әлеміне саяхат
Ұқсас жаңалықтар:
Мұхтар Әуезов Жолда (“Абай жолы” романынан үзінді)
Мұхтар Әуезов Абай туралы төрт томдық “Абай жолы” роман – эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық...Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі
Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру. Саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру. Шығармадағы...Мұхтар Әуезов "Бала Абай"
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Тақырыбы: Мұхтар...Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қонақаева Жібек Балтақайқызы...Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезов (1897-1961 ж.ж.) Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазіргі Семей облысының Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыс болысы) 1897 жылғы 28 қыркүйекте...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.