Сайтқа кіру Тіркелу

Сәкен Сейфулллин «Ақсақ киік»

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин «Ақсақ киік»
Мақсаты: Ақын шығармашылығымен таныстыру, өлеңнің мазмұнын меңгерту, эстетикалық және экологиялық тәрбие беру; әдебиет теориясынан мағлұмат алу

Міндеті: оқушылар топ ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істейді; бір-бірімен ой бөлісіп, берілген өлеңді талдап салыстырады; жұмыс кезінде ойларын ортаға салып, жауап береді.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

Пәнаралық байланыс: география, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақынның портреті, Қазақстан картасы, жануарлар суреті.
Барысы: Сыныпты үш топқа бөлу, топ жетекшілерін тағайындау.
Үй тапсырмасын сұрау
1. Жамбылдың ұстазы кім?
2. Оқушылардың батырлық, туған жер, төрт түлік туралы жазған жұмыстарын тыңдау
3. Пейзаж деген не?
4. Түркістан қаласы туралы не білеміз?

Ой қозғау.
- Оқушылар, мына бір өлеңді еске түсірейік.
Үйден шығып балалар
«Жаз болды, міне!» десіп тұр.
Сағындырған жаз желі
Оңтүстіктен есіп тұр.
Жылы ескектің лебімен
Дүние балқып иіп тұр.
Сағындырған жаз әсері
Құшақтап беттен сүйіп тұр.

- Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңі.
- Өте дұрыс. Сонымен бүгінгі сабағымыз Сәкен Сейфуллиннің өлеңі «Ақсақ киік» Ендеше, Сәкен туралы не білеміз? Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізейік.

І деңгей
1. Оқулықтан ақын өміріне топтастыру жұмысын жүргізу(1-слайд Сәкеннің суреті,топтастыру сызбасы) 2. Сурет арқылы киікті тауып, ақынның шығармасы киікке арналғанын анықтау (2-слайд аңдардың суреттер топтамасы)

Мұғалімнің қосымша дерек беруі. (Ақбөкен, киік – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайтын мамыр айындағы киіктің баласын өргізуіне атаған. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған.)
3. «Ақсақ киік» өлеңін түсіне, мәнерлеп тізбектей оқу (Оқулықпен жұмыс)

ІІ деңгей
1.Өлеңде қандай жерді суреттеген? (3-слайд Қазақстан картасынан Бетпақдаланы көрсету) (Бетпақдала – Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Онда киік мекен етеді. Өйткені ол шөлді жақсы көреді. Онда елді мекен, өзен, көл де болмайды. Өсімдіктен жусан өседі. Шағын бұтақтардың өзінде де «қу баялыш» жапырақ болмайды.)
2. Қандай өсімдік атаулары кездесті? Дәптермен жұмыс. (Көкпек, баялыш, жусан шөлді жерде өсетін жапырақсыз шөптер)
3. Киікті неге теңейді? (Өлеңде киік суреттеледі. Ақын оны жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен бала сияқты сұлу. )

ІІІ деңгей
1. Киіктің портреті қандай?
(Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді
Қап - қара екі көзі мөлдіреген
Әдемі екі танау желбіреген)
2. Өлең қалай аяқталған? (Өлеңде сұлу аң киіктің аянышты тағдыры, адам қолынан жасалған қиянат айтылады. Оқиға жапан далада оқ тиіп жараланған бөкеннің шыбын жанын қоярға жер таппай мазасызданған сәтін суреттеумен аяқталады.)
3. Өлеңге талдау жаса Дәптермен жұмыс. (1.Тақырыбы:киіктің аянышты тағдырына арналған; 2. Шумақ саны -17; буын саны – 11; идеясы – экологиялық жағдайды ашына айтуы)

ІҮ деңгей
1. «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен»,
«Мүйізін пайда қылып, шетке сатқан» деген жолдарда нені түсіндік? (Адамдардың өз табиғатына зиянкестік іс-әрекет жасап, зияны жоқ аңдардың саны қазіргі кезде сиреп кеткені туралы айтса, киік мүйізінен пайда тапқысы келген пайдакүнем , ақшаға құнығып, табиғатқа кесел келтірген адамдарды ашық айыптап отыр).
2. Өлең саған несімен әсерлі болды? (Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашырлығы ұнады. Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені – адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің аяусыз жазықсыз аңды атуы. Мергеннің мергендігі жалғыз киікке түскені адам баласын ашындырмай қоймайды. Себебі қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.)

3. Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсың? (Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған. Сондықтан қансырап өлуі мүмкін немесе жолаушыға кез болып мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін, ит – құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып, ол адам қазақша бауыздап етін азық етуі мүмкін.)
Бекіту:

1. Бетпақта келе жатты, сандалып,
Қаңғырақтап басын иіп,
Анда-санда әлін жиып,
Шағады шыбын жанның қиналғанын
Жалғыз - ақ мөлдіреген екі көзі
Әлі кетіп сорлы киік жығылғанда
Ботагөз сахарада қына терген – өлең жолдарынан әдебиет теориясының қай түрі бар? (кейіптеу)
Үйге тапсырма 1) Өлеңнен үзінді жаттау
2 ) Қазақстанның «Қызыл кітапқа» енген жануарлар және құстар туралы мәлімет жинап келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×