Тақырыбы: Жеткізсем деймін биікке, Қазақтың қара баласын!
Мақсаты: мектептегі өлең шығаруға қабілеті бар оқушыларды паш ету. Өзіндік ізденуге баулу. Оқушылардың шеберліктерін шыңдау. Ерекше қабілетін бағалай білуге үйрету.
Көрнекілігі: талаптылыққа байланысты мақал - мәтелдер. Шарлар, әсем гүлдермен безендірілген сахна. Шашу, үнтаспа, домбыра.
Әдісі: іздендіру, ой қозғау, талдау, салыстыру (ең басында күй ойнап тұрады)
Жүргізуші: Мен үшін шәкірт - жас ұлан, көзімнің ағы, қарасы
Үйретсем деймін ұрпаққа саналы сөздің сарасын.
Төл тілін еміп арда өскен, елінің ойлар парасын
Жеткізсем деймін биікке, Қазақтың қара баласын!
Әдебиет пәні – өнер пәні. Сонымен қатар жан - жақты ойлатудың пәні. Оқушылардың қызығушылығын оята білу – білімге апарар тура жол деп танимын. Болашақ бүгіннен басталады, яғни бүгінгі жастар зиялы азаматтар. Белсенді, отаншыл, ақын жанды жастар біздің мектебімізде де бар. Тарихқа көз салсақ, көптеген оқиғалармен таныса отырып, бүгінмен салыстырамыз. Өзінің қара басын ғана емес, халқының болашағын ойлап, сол үшін өзінің өлең - жырларын арнаған ағаларымыз бен апаларымыз қаншама.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз,
Ондай болмақ қайда деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз
Дүниеде де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай мектебіміздің жас ақындарын ортаға шақырайық. Қошеметпен қарсы алыңыздар («Саржайлау» әні орындалып, сахнаға екінші шумағынан кейін шашу шашылады, ортаға жас ақындар шығады, орындықтарға жайғасады).
Жүргізуші: Мұқағали «Мені сөзге, жырға үйреткен, тәрбиелеген, халықты сүюге үйреткен әжем» деген екен. Ал, ендеше жас ақындарға сұрақ: өлең жазуларыңызға себеп болған не және отбасында ақындық қасиеті бар адам бар ма? Сол жайында айтып өтсеңіздер. (сауалдарға жас ақындардың жауабы)
«Жүректен кіріп бойды алар» дегендей өлең мен ән егіз. Ендеше әнге кезек берейік. Мектебіміздің жас әнші қыздары Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап береді.
Біздің оқушыларымыз өз өлеңдерінде әр тақырыпты қамтиды. «Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады»- деп Ғабиден Мұстафин айтқандай өлеңдерінен маржан шашсын, ақындарымызға сөз кезегін берейік.
Арман қуып, желдей желіп келемін,
Ақындыққа жаным жақын білемін.
Жүрек жарды өлеңімді оқысам,
Өзгелерге үлгі болсын дегенім.
Жүргізуші: Ендеше 7 Ә сынып оқушысы Абдуллаева Анараны ортаға шақырайық.
Әзіл - сықақ өлеңдерді сүйемін,
Жақсылықты бойынан достың көремін.
Әрбір жанның жүзіне күлкі үйірсем,
Азда болса бақытты менің бергенім.
Жүргізуші: Ақылова Сабираныны тыңдайық.
Сұлу ән неткен ғажапсың,
Тұла бойды еріткен.
Көңілім өсті еріксіз,
Сені ғана аңсап ем.
Жүргізуші: мектебімізде дарынды оқушылармен бірге, дарынды өнерге бай ұстаздарымыз да бар. Ендеше тарих пәнінің мұғалімі – Марат Жұматайұлының әнін тыңдайық.
Жүргізуші: Махаббат әлемінің тақырыбы,
Жүрегім жақсылықтың от жалыны.
Баба - ана, туған жерге өлең арнап,
Осы ғой қыздарыңның пәк тілегі.
8 А сынып оқушысы Дарханова Нұризаға сөз кезегін берейік.
Жүргізуші: Өздеріңіз білесіздер біздің мектебіміз өнер ордасы. Ендеше әнге кезек берейік.(ән орындалады)
Жүргізуші: Ұстаз шәкіртің үнемі қадағалаушы, сабақ пен бос уақытын өткізуін қадағалаумен қатар, баланың жан - дүниесіне үңіліп, ішкі сырын, ойын, өмірге көзқарасын байқап, бақылап отырады. Ұстаз - шебер ұйымдастырушы. Ұстаз - жетелеуші, алға ұмтылдырушы. Дарынды оқушыларды биіктен көрсету жолында аянбай тер төгеді.
Бойындағы талантын ерте байқағам,
Соны көріп қуанамын - шаттанам.
Әсиялар болашақтың ақыны,
Шәкірттерім, алдарыңнан атсын таң! – дей отырып Әсияның жырларын тамашалауға ортаға шақырайық. (11 сынып оқушысы)
Құрметті жас ақындар, сіздерге қазір тапсырма беріледі. Мен бірнеше өлең жолдарын оқимын. Сіздер сол өлеңді өз сөздеріңізбен әрине, өлеңге ұйқас етіп жалғастырып берулеріңіз керек.
Тапсырма:
1. Шәкірттерге өзіңсің ғой пана болған,
Ұстаздардың еңбегі аңыз болған.
__________________________________
__________________________________
2. Мектебім бар асылын иіп берген,
Жасап бірге келеміз сүйікті елмен.
__________________________________
__________________________________
3. Мектебім, қымбат асылсың
Ырысың көп шашылсын.
__________________________________
__________________________________
4. 19 - шы мектебім менің тірегім,
Шәкіртіңнің міндеті биік білемін.
__________________________________
__________________________________
(оқушыларға қағазға жазылып үлестіріледі)
Жүргізуші: Жас ақындарымыз өлеңдерді жалғастырып дайындалғанша келесі кезекте мектебіміздің талантты шәкірттерінің бірі Лаураның өлеңді мәнерлеп оқуын тамашалайық.
Жұлдыздай жарық жарқырап,
Көптен озып келесің.
Жылы жүзің балбырат,
Көп шәкіртті жеңесің – дей отырып Лаураны ортаға шақырайық. (Лаура өзі қалаған өлеңін мәнерлеп орындап береді)
Жүргізуші: Лаураның жетістікке қалай жетіп жүрген жайында білгілеріңіз келсе сұрақтарыңызды қоя отырыңыздар.
Жүргізуші: Ал енді, жас ақындарымыздың өлеңді қалай жалғастырғандарын тыңдап көрелік. Мен өлеңнің екі жолын оқимын, сіздер кезектеп жалғастырасыздар. Біз жазып алып отырамыз. Мүмкін, жақсы өлең шығара алатын ақындар мектебімізде, жақсы сазгерлер де бар шығар? (өлең оқылады)
Жүргізуші: «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» - деп данышпан Фуллер айтқандай және «Ақын деген бір бұлақ, көмілер көзін ашпаса»- деп Жамбыл жырлағандай. Мұқағалидің сөзімен «Адам өміріндегі ең бақытты кез – балалық шақ» - деп бүгін міне, жас өркен өз жүректерінен шыққан өлеңдерін оқып ақындық өмірге тұңғыш қанат қақты. Ендеше, сол қанаттарың талмай, сіздерді алысқа - ақындық өнерге жетелесін деген баталы сөзбен сыныптан тыс іс шарамызды аяқтаймыз.
Сыныптан тыс іс-шара "Жеткізсем деймін биікке, Қазақтың қара баласың!"
- бахиткуль
- 16 желтоқсан 2013
- 5426
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі және әдебиеті, Сыныптан тыс іс-шара жеткізсем деймін биікке, Қазақтың қара баласың
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауышым – балбұлағым
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда, -...Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! Ақпан айы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген айы. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де,...Балдәурен
ШҚО, Семей қаласы, Приречное ЖОББМ, бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Қарлығаш Қабыкеновна...Ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылы Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна ...Саз әлемі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектептің аға тәлімгері Жаппасбаева Гаухар Нурмухамедовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.