Сайтқа кіру Тіркелу

Екі жартыдан тұратын бала. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Екі жартыдан тұратын бала. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың өздігінен ойлай, бақылау, тұжырым жасай алу қабілеттерін дамыту.
Міндеті:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын ұғындыру, өзге сабақтас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру
Дамытушылық: білім, білік дағдыны, оқушылардың өзіндік дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру, өз ойын қысылмай жеткізе білуге жетелеу
Тәрбиелік:
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу, диалог
Сабақтың көрнекілігі: маркер, ватман,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, сыныпты түгендеу
Бағалау парақшаларын таратамын
Оқушыларды қима қағаздар арқылы, әділ тәсілмен 3 топқа бөлдім.
ІІ Үй жұмысын тексеру
Үлестірмелі қағаздар тараттым
(екеуара бағалау)
ІІІ Ой қозғау
Үш топқа да бірдей баланың суретін бердім, яғни баланың бір жартысы ақ түсті, екінші жартысы қара түсті
(Оқушылар өздерінің ойларын бірігіп отырып, баланың жақсы мен жаман қасиеттерін алып шығып, оны қорғады)
ІV Мәтінмен жұмыс «Екі жартыдан тұратын бала»
Мәтінді мұқият оқып шығып, бір топ екінші топпен талқылайды, ал үшінші топ бақылаушы. Мақсаты: Біртұтас адам етіп шығару
V Сұрақ - жауап
- Сендер өмірлеріңде осындай адамды кездестірдіңдер ме?
- Мінсіз адам бар ма?
- Мінсіз адам қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Өздерің айтқандай адам бойында жақсы да, жаман да қасиеттер бар, бір адамның жақсы, жаман болып жүруі мүмкін бе?
- Өздеріңді қандай адаммын деп ойлайсыңдар?
- Олай ойлауға қандай себебің бар?
VІ Грамматиканы түсіндіру
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Интерактивті тақта арқылы түсіндіру, мысалдар келтіру
VІІ Жаттығулармен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
Әр топқа ортаға деңгейлік тапсырмалар тастаймын, әр оқушы өзінің деңгейіне қарай таңдап алады
І деңгейлі сұрақтар
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар
Менің арманым -... өсіп,... болу. Сол себепті ме спортқа... әуес болдым. Күнде... арқанға тартылып, арқан бойымен көтерілемін. Шынында, спорт адамның мінезін, жігерін... күшейтеді.
(Керекті сөздер: ерекше, кендір, қатты, үлкен, тез)
2. Сөйлемдерді толықтыр.
Мен онымен дұрыс сөйлессем, ол маған бәрін айт... еді. Сен қателеспесең, біз бұл тапсырманы уақытында өткіз... едік. Олар ерте келсе, бұл есепті шығарып қо... едік.
ІІ деңгейлі сұрақтар
1. Мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндір
«Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ»
«Аузы жаман елді былғар, аяғы жаман көлді былғар»
2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем болатындай 4 сөйлем құрап жаз
ІІІ деңгейлі сұрақтар
1. Мәтінді оқып, оның негізгі ойын анықта. Саған жақсылық жасаған адамдар болды ма?
Адамға өмір бойы естен кетпейтін жақсылық істеу, екінің қолынан келе бермейді. Күлнияз ағам мен Кәмила апам маған арнап үй салып, әкемнің құлаған шаңырағын көтеріп берді. Мұның өзі басқаларға керемет болып көрінбес те, бірақ бұл оқиғаға мен ерекше қараймын.
2. Мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндір
а) Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады
б) Жақсы адам жолдасынан белгілі
VІІІ Сабақты қорыту
Сабақты қорытындылау
Оқушыларға стикерлер тарату
Не үйрендім?
Сізді не қызықтырды?
Қандай қиыншылықтар болды?
Суммативтік баға шығару
Үйге тапсырма: Абай Құнанбаевтың қара сөздерінен жақсылық, жамандық жайлы айтқан сөздерінен үзінді жаттау, ережені жаттау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Шартты және қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер бойынша білімдерін пысықтау. 2. Дамытушылық: Оқушының...
Абайдың мұражай-үйі

Абайдың мұражай-үйі

Мақсаты: Оқушыларды Абайдың мұражайымен таныстыру, әр түрлі әдістер арқылы сөз байлығын тексеру, өз ойларын, пікірін еркін айта беруге, сабақтас...
Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...
Менің отбасындағы міндеттерім. Сабақтас құрмалас сөйлем

Менің отбасындағы міндеттерім. Сабақтас құрмалас сөйлем

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...
Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекесі. Шартты және қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×