Сабақтың тақырыбы: Менің отбасындағы міндеттерім. Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Оқытудың ұтымды жолдары мен әдістерін сабақта пайдалана отырып, ауызекі сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге, қарым - қатынасқа түсе алатындай дағды мен біліктілігін қалыптастыру
Міндеті:
Білімділік: жаңа тақырыпты оқушылардың бар білімімен байланыстырып, жүйелік байланыстар тудыру.
Дамытушылық: Эмоциялық күй келтіру, әрекеттер арқылы оқушының қызығушылығын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкен - кішіні сыйлау, оларды құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: маркер, ватман,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, сыныпты түгендеу
Бағалау парақшаларымен таныстырамын
Оқушыларды әділ тәсілмен 3 топқа бөлу(Қораптан әрқайсысы 1, 2, 3 сандарын алып шығып, 3 топқа бөлініп отырады)
Әр сабақта топ ережесі ілулі тұрады, ал бүгінгі сабаққа
Американ психологы Дейл Карнегидің қатынас ережелері:
• Біреуді сынауда шектен тыс кетпеңіз, әсіресе талқылағанда абай болыңыз. Мейлінше аз шағымданыңыз. Барлық сәтте шама керек
• Мұқият тыңдай біліңіз
• Өзге адамдарды, олардың қадір - қасиетін құрметтеңіз
• Керексіз таластан, даудан қашыңыз, келісім іздеңіз
• Сендіріңіз, бірақ бұйырмаңыз, сендіре алсаңыз, қарым - қатынасты білгеніңіз
• Жиі жымиыңыз, түсіңіз жылы болады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Салалас құрмалас сөйлем бойынша тест тарату
10 сұрақты, 4 жауапты
ІІІ. Оқушыларға жаңа сабақты айтпас бұрын «Міндет» сөзін қалай түсінесіңдер деген сұрақ қоямын
Оларға ватман, маркер, түрлі - түсті қағаздар таратамын және де бірден топта төраға, баяндамашы, хатшы таймкипер тағайындауын ұсынамын.(10 минут уақыт беремін)
Әр топ өз плакаттарын қорғайды. Міндет деген сөзді әр топ алып өз білгенінше алып шығады.
ІV. Мәтінмен жұмыс «Менің отбасымдағы міндеттерім»
Мәтінді мұқият оқып шығып, оқыған әңгімеңіз туралы досыңмен яғни жұппен сұхбат құрамыз
Мысалы: - сіз оқыған әңгімені ол оқымады деп санаңыз да оған түсіндіріңіз
Критерийлер бойынша:
- Әңгіменің авторы
- Кейіпкері
- Тақырыбы
- Отбасындағы міндет
V. Сұрақ - жауап
- Сонымен әңгімелесіп отырған адамыңды бар ынтаңмен тыңдадың ба?
- Отбасыңның барлық мүшелерін құрметтейсің бе?
- Еңбек етуді жақсы көретін адамды кім деп атайды?
- Сен ата - анаңа көмектесуді әдетке айналдырғансың ба?
- Ата - аналарың сендердің қандай істеріңді мақтайды?
- «Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің маған жақсы» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Сергіту сәті
VІ. Эссе жазу «Менің отбасымдағы міндеттерім»
VІІ. Грамматиканы түсіндіру
Сабақтас құрмалас сөйлем
VІІІ. Жаттығулармен жұмыс
ІХ. Сабақты бекіту
Венн диаграммасы арқылы алған білімдерін байқаймыз
Оқушыларға стикерлер тарату
Не үйрендім?
Сізді не қызықтырды?
Қандай қиыншылықтар болды?
Суммативтік баға шығару
Х. Үйге тапсырма:
Ережені жаттау, жаңа сөздерді қатыстыра отырып сабақтас құрмалас сөйлемдер құрау
Менің отбасындағы міндеттерім. Сабақтас құрмалас сөйлем
- Эсемгуль
- 13 қараша 2013
- 15364
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Менің отбасындағы міндеттерім, сабақтас құрмалас сөйлем
Ұқсас жаңалықтар:
Құрмалас сөйлем (10 – сынып)
Қостанай облысы, Денисов атындағы №1 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Амантаева Найля Сейткалиқызы...Абайдың мұражай-үйі
Мақсаты: Оқушыларды Абайдың мұражайымен таныстыру, әр түрлі әдістер арқылы сөз байлығын тексеру, өз ойларын, пікірін еркін айта беруге, сабақтас...Ата - анаңның парызын өтеу сенің қарызың
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...Екі жартыдан тұратын бала. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.