Сабақтың тақырыбы: Ыбырай әңгімелерінің тақырыптары
Сабақтың мақсаты: Ыбырай әңгімелерінің мазмұнымен танысады, тақырыптары мен идеясын ашады.
Міндеті:1.Мазмұнға байланысты міндет: әңгімелердің мазмұнымен таныса отырып,әңгімелерді тақырыптарына қарай топтайды, мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады;
2.Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекеттерін талдайды;
3.Топтық міндет: оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, толықтыру арқылы мәтін мазмұнының түсініксіз жерлерін айқындайды.
Сабақтың түрі: жаңа оқу материалдарын оқып-үйрену сабағы
Сабақтың әдісі: «бір айналым сөйлесу», «үш жақты күнделік»,
«топтастыру», «еркін жазу» стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына байланысты суреттер жиынтығы, сызба - кесте.
Бағалау: ойды еркін жеткізе айта білу қабілеттерімен
Сабақтың құрылымы:
I. Қызығушылығын ояту. Оқушыларды III топқа бөлу.
«Ой ашар»: - Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
-Ы. Алтынсарин өмірі, ағартушылық қызметі.
- Өздеріңіздің білетіндеріңізді қағаз бетіне түсіре қойыңыздар.
(Оқушылар білетіндерін топтасып жазады, әр топтан бір оқушы қорғайды)
II. Мағынаны тану
- Балалар бүгін осы алған білімдерімізді толықтыру мақсатында «Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен» танысамыз.
Алдымен әңгіме дегеніміз не?
- Әңгіме – адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. Шығармалары қысқа мазмұнға құрылады. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел қолдану, әр әңгіменің тәлім-тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлу – Ыбырай шығармаларының ерекшелігі деп айтуға болады.
- Ыбырай шығармаларының тақырыптарын анықтау үшін қазір сіздерге суреттер таратамын. Сол суреттер қандай тақырыптарға арнап салынған, соны топ болып қорғайсыздар.
(III топқа оқу-білім, өнер, адамгершілік тақырыптарына байланысты суреттер беріледі, оқушылардан сұралады)
Ыбырай әңгімелерінің тақырыптары
Еңбекке баулитын шығармалар
Өнер-білімді үлгі етуге арналған шығармалар
Адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар
(кесте арқылы түсіндіріледі)
- Балалар, қазір Ыбырай әңгімелерін тақырыптарына қарай топтаймыз.
I топ Еңбекке баулитын шығармалар;
II топ Өнер-білімді үлгі етуге арналған шығармалар;
III топ Адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар.
(Оқушыларға 7 минут уақыт беріледі)
Оқушылардың ойлары тыңдалады, кесте арқылы толықтырылады.
- Балалар, бүгінгі тақырыпты толығырақ түсіну үшін әр топ оқушылары берілген мәтін мазмұндары бойынша кесте толтырамыз. Алдымен мәтін мазмұнымен танысыңыздар.
«Үш жақты күнделік» стратегиясы
Мәтіндегі ең маңызды, өзіңізге ұнаған үзінді.
Түсініктеме беру.
Лайықты мақал
(топ оқушылары бірлесе отырып, қорғайды)
III. Ой толғаныс
- Балалар, сонымен бүгін не үйрендік, не білдік?
- Ыбырай әңгімелері туралы білетіндерімізді бір-бір сөйлеммен қорытындылайықшы.
«Бір айналым сөйлесу» стратегиясы
- Ыбырай –балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. (Оқушылар жалғастырады)
Оқушылар бағаланады
IV. Үйге тапсырма беру:
1. Ыбырай әңгімелерінің мазмұнын оқу, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу;
2. Өздеріңізге ұнаған бір әңгіменің мазмұны бойынша сурет салу.
Ыбырай әңгімелерінің тақырыбы 9-сынып
- Нұргүл-76
- 14 ақпан 2012
- 12466
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ыбырай, әңгімелері, сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Ыбырай Алтынсарин тағылымы
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тақырыптарын, идеясын, қоғамдық мәнін түсіндіру. Ыбырай әңгімелерін оқушыларға қысқашы мазмұндата отырып, оның шынайы...Ыбырай – шағын әңгіме шебері
Ыбырай Алтынсариннің «Шағын әңгіме шебері» екенін өз шығармалары арқылы дәлелдеп, соған оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы көз жеткізу....Ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, «Арқалық түзеу мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Капарова Жазира Камаевна...Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог» Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы, педагог Ыбырай...О. Бөкей "Тортай мінер ақ боз ат" 7-сынып
Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.