Сілтеме: Г. Д. Рыскелдиева, С. Ч. Тұрсынғалиева 8 сынып «Қазақ әдебиеті»
Жалпы мақсаты: Прозалық шығарманы талдау, шығарманың тақырыбын, идеялық мазмұнын ашу, «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен таныстыра отырып, ата - ана мен бала қарым - қатынасы жайлы мағлұмат беру, оқушы сезімімен ұштастыру; оқушылардың ойларын анық, дәл жеткізе білуге дағдыландырып, өз пікірін ашық айта білуге үйрету, шығарманы өмірмен байланыстыра отырып дүниетанымын кеңейту, өзіндік ой қорытындысын жасай білу, әсерін, пікірін білдіру.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері Бір – бірімен кері байланыс орната отырып, кейіпкерлердің бейнесін ашу:
Негізгі идея: Ата – ананы қорғай білу, құрметтеу, сыйлай білу қазіргі таңда өте қажет.
Сабақта қолданылатын материалдар: Постерлер, презентациялар
Оқу әдістері: Диалог әдісі
Сұрақ - жауап әдісі
АКТ ны қолдану
Сыни тұрғыдан ойлау.
Топтық жұмыс
Шығармашылық жұмыс
Негізгі түсіндірулер (термин): Сөздіктермен жұмыс
Тапсырма көздері: Оқулықпен жұмыс
I Сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру
Сабақ барысы: Мұғалімнің іс әрекеті Оқушылардың іс әрекеті (2 мин)
Сәлемдесу, оқушылардан көңіл - күйлерінің қандай екендігін сұрау. Мозайка арқылы топқа бөлу.
Өз ойларын айту. топқа бөліну
II Жаңа тақырыпты түсіндіру (интерактивті тақтада слайд көрсету арқылы) (3 мин)
Интерактивті тақтада сурет қойылады, осы сурет туралы ойларын білу. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сурет туралы не білетіндіктерін баяндау. Жаңа тақырыпты тыңдау
III Тапсырма (Топтарға сұрақ таратылады.) (15 мин)
Блум таксономиясы
Білу
I тапсырма
Топтық жұмыс
І топ.
“Ерғабыл мен кемпірінің балаларының келуін күтуі” (деп тақырып қойып, шалдың ой - толғаныстарына, баласына деген сағынышы мен үмітіне тоқталу керек, постер қорғау)
ІІ топ
“Сапабектің келуі”, (Ерғабылдың қуанышы, ауылдастарының жиналуы, Сапабектің
Әңгімесі, Ерекеңе баласының әңгімесінің ұнамауы, (постер қорғау)
ІІІ топ
“Қонақтардың аттануы” немесе “Ерекеңнің реніші” (Ерекеңнің туған жер, ата – баба,
Өмір, баласы туралы ой – толғаныстары, арманы, Сапабектен күткен үміті
Түсіну
II тапсырма Модуль жасау
3 - топ
Ерғабыл қартқа (мейрімді, арманшыл төзімді, қажырлы еңбекқор, баласын жақсы
көреді, ақылды)
Сапабек бейнесіне (қуыс кеуде, саяз ойлы, мақтаншақ, парызын өркөкірек түсінбейді, салт - дәстүрді білмейді)
Қолдану
Қазақта қонақтың қандай түрі бар?
Сапабек қонақтың қай түріне жатады?
Берілген тапсырманы топ ішінде талқылап, жауап беру
Талдау (13 мин)
І топ
Қарт неге ренжіді? Келіннің кигені неліктен ұнамады? Әлде қазақ келіні басқаша киінуі керек пе?
ІІ топ
Қалаға асығыс аттанған Сапабек не ұсынды? Қалай ойлайсыздар, перзентінің ата - анаға деген махаббаты ақшамен өлшене ме?
ІІ топқа
Жинақтау
ІІІ топқа
Осы оқиғаға қандай мақал – мәтел лайық? Авторлық шешіммен келісесің бе?
Шығармашылық тапсырма(7мин) «Менің парызым» эссе жазу
V Бағалау (топтық, бір - бірін бағалау ) (2 мин)
Топаралық бағалауды бақылау.
Алдын ала таратылған бағалау парағын толтыру
Кері байланыс. Тақтадағы смайлингке өз пікірлерін ілу.
VII Үйге тапсырмалар мен портфолия деректері(2мин)
Оқылған үзіндіден көркем сөз айшықтарын тауып келу, таблицаны толтыру
Парыз, борыш жайлы қосымша мәліметтер жинақтап келу
Тапсырма алу
Төлен Әбдіков «Қонақтар»
- Каримова
- 21 қазан 2013
- 34417
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Төлен Әбдіковтің қонақтар өлеңі бойынша сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
«Әйел-ана» Ақселеу Сейдімбек
Жалпы мақсаттар: Ертегінің негізгі идеясын ашу, өз ойларын еркін жеткізу. Мәтінмен жұмыс жасата отырып сыни тұрғыдан ойлауға икемдеу...Төлен Әбдіков. «Қонақтар»
Қазалы қаласы, Ғ. Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұ. Бисенбай...Төлен Әбдіков "Қонақтар" әңгімесіндегі ұрпақ тәрбиесі
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каримова Гульмира Сафиуллиевна...Ө. Тұрманжанов «Жаралы торғай»
Бастауыш сынып мұғалімі Жанұзақова Гүлмира...С. Сарғасқаев “Шыбық”
Бастауыш сынып мұғалімі: Жанұзақова Гүлмира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.