Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелер
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бірыңғай мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау, тиянақтау.
Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, шығармашылық қабілетін дамытуға баулу, ауызша, жазбаша тілдерін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Пән аралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, сөзжұмбақ, кесте
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс, өз бетінше жұмыс
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру 181 - жаттығу
(Бірыңғай мүшелерді тауып, соңғы сөзіне назар аудару)
«Ғажайып тоғыздық» ойыны
5 - Сөз таптарын ата
10 - Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
15 - Түбір сөз дегеніміз не?
20 - Қосымша дегеніміз не? Қосымшалар нешеге бөлінеді?
25 - Жалқы есім дегеніміз не?
30 - Болымсыз етістік қалай жасалады?
35 - Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не?
40 - Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?
45 - Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?
Ой қозғау
183 - жаттығу Тақтамен жұмыс
Бекежан ауылдан келген немере інісі Сапарды хайуанаттар бағына алып барды. Сапар неше түрлі аң, құстарды көріп, қайран қалды. Оған, әсіресе, түйеқұс, қолтырауын, піл, маймылдар қатты әсер етті.
Өзен, көлдер - елдің, жердің берекесі.
Бірыңғай мүшелерді тауып, астын сызу.
Бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіндегі жалғауды қалған бірыңғай мүшелерге жалғап, олардың өздері
қатысты сөйлем мүшесімен жеке - жеке байланыстырып оқу.
Ережені қорытып шығару
Қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне немесе соңғы сөзіне ғана жалғанады.
Шығармашылық жұмыс Сөзжұмбақ шешу:
а
ғ
а
ш
т
а
р
Ортадағы топтау сөзге қатысты бос тор көздерге жеке ағаш және құс атауларын жазып, толтыру және осы сөздерден сөйлем құрап, қысқаша мәтін құрау. Әр сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің астын сызу
----------------------------------------- олардың бәрі бір ғана сұраққа жауап береді
Бұл бірыңғай мүше, өйткені - сөйлемде бір мүшенің ғана қызметін атқарады
---------------------------------------- бәрі бір сөз табынан болады.
185 - жаттығу
Мәтінді түсініп оқып, сөз тіркесінен жасалған бірыңғай мүшелерді тап
Сондай да бір кездер болған
Үш жүзден астам түйесі бар керуен иен далаға, құмайт далаға іліккен. Көш басшысы – орта бойлы, сұлу мұртты, шымыр денелі, былғары курткалы, басына елтірі тымақ киген Әліби Жангелдин. Сейтек оның сөйлеген сөзіне, әскери мінезіне қызығады. Жұрттан естуі: бұл кісі сонау Торғай жақтағы Амангелді батырға, оның сарбаздарына қару - жарақ, оқ - дәрі апара жатыр.
Керуен. Құмайт
Қорытынды:
Тест
1. Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді
А) сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Ә) сөйлемнің дара мүшесі
Б) сөз таптары
2. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?
А) нүкте
Ә) сызықша
Б) үтір
3. Дұрыс жазылған бірыңғай мүшені тап
А) Саматпен Қанат
ә) кітап қағаз
Б) кітап, дәптер
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Бірыңғай мүшелер
- Шарбат
- 6 қыркүйек 2013
- 28847
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бірыңғай мүшелер, қазақ тілінен ашық сабақ, сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолда ...
Қазіргі заман талабы оқыту үрдісінде жаңа - әдіс тәсілдерді қолдануды талап етеді. Оқушылардың математикадан терең білімді болуы - өз білімін үнемі...Тіл жанашырлары
І топ 1. Дауысты дыбыстар саны қанша? 2. Буынның неше түрі бар? 3. Орфография нені зерттейді? 4. Дисфемизм дегеніміз не?...Сөйлем мүшелері
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...қазақ тілінен 9 сыныпқа арналған тест нұсқалары
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы №2 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шәріп Қарлығаш Әлімхатқызы...Біріккен сөздер
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Таласбекова Гульнур...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.