Сабақтың тақырыбы: Я әріпінің жазылуы
Мақсаты: Я әріпінің жазылуын және қосарлы дыбыс екенін ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Я дыбысы бар сөздерді оқи, жаза білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту. Жеке, топпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.
Көрнекілігі: суреттер, ребус, таблица
Пәнаралық байланыс: дүние тану, ән
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
Ә) сабақтың мақсатын түсіндіру.
ІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Я әріпінің жазылуы
Ендеше, жұмбақ шешу арқылы сабағымызды бастаймыз.
Күндіз атамыздың төбесінде,
Түнде ілгіштің шегесінде. ( Тақия )
М: Олай болса бүгінгі сабағымызды осы сиқырлы тақиядан тапсырма алу арқылы жүргіземіз.
О: Я дыбысынан аяқталып тұр.
М: Я қандай дыбыс?
О: дауысты дыбыс
М: Хормен «Я» деп айтайықшы. Құлағымызға қалай естіліп тұр?
О: й+а
М: Бірақ Я әріпін жазамыз. Олай болса Я қосарлы дыбыс екен.
Ендеше, мына таблицаға қарайық.
М: Сонымен қандай ереже айтуға болады?
О: Сөзде й+а естілгенімен, Я әрпі жазылады.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
А) Күннің жадын жазу.
Ә) Көркем жазу.
Оңға қарай көлбеу сызықты аралық жолға көтеріп, солға қарай айналдырып бүтін құрсау саламыз да, қаламды алмастан оңға қарай иілген көлбеу сызық саламыз.
IV. Оқулықпен жұмыс.
М: 94 - жаттығу. Сөздерді топтап, топқа жатпайтын сөзді жазу.
О: Қоян
М: 95 - жаттығу. Жұмбақты оқып шешуін тап.
О: ұя
М: Енді топпен жұмыс.
І – топ - «ұя»
ІІ - топ - «таяқ»
ІІІ - топ - « тақия»
ІҮ - топ - « қоян» сөздерінде қанша әріп, қанша дыбыс бар екенінтабу.
- Қоян қандай жануар?( топтастыру)
Құлағы ұзын тез қорқақ кішкентай ақ
Қоян
Қоңыр жүні еті терісі пайдалы сүйкімді
М: Қоян жыл мезгіліне қарай түсін өзгертіп тұрады. Түсінің өзгеруі жауынан қорғануына пайдасын тигізеді.
Сергіту сәті: «Сұр қоян»
М: 1. 96 - жаттығу. Мақалды еске сақтап жатқа жазу.
2. 97 - жаттығу. «Ребус шешу»
Тақтамен жұмыс.
1. 98 - жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып жазу.
2. 99 - жаттығу. Ауызша орындау ( ситуациялық сұрақ)
Сабақты бекіту.
Сұрақ - жауап әдісі бойынша.
1. Бүгінгі сабақта не үйрендік? ( топтастырайық )
Пияз қария қияр дауысты қосарлы дыбыс
Я
Дария сөздің ортасында соңында келеді и+а
Сөз ойла, тез ойла.
2. Я дыбысы келетін сөздер ойлау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 100 - жаттығу.
Көшіріп жазып, я әрпі бар сөздің астын сызу.
Я әріпінің жазылуы
- Элеонора61
- 28 мам 2013
- 25901
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі, я әрпінің жазылуы
Ұқсас жаңалықтар:
Я дыбысы мен әрпі «Сұр қоян»
Я дыбысы бар сөздерді оқи және жаза білуге дағдыландыру; «Сұр қоян» өлеңін мәнерлеп оқи білуге үйрету, мазмұнын түсіндіру;...Ю әрпінің жазылуы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру....Я әрпінің жазылуы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...«Ю» дыбысы мен әрпі
Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ершаева Калдыгуль Танатаровна Тақырыбы: «Ю» дыбысы мен әрпі Мақсаты: «Ю» дыбысын...Я әрпінің жазылуы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исмаилова Ляззат Нуржанқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.