1. Ұстаздың педагогикалық әрекетінің мақсаты мен міндеті:
• «Қырық бес жыл ұстаз болсаң да қырық бес минуттық сабаққа дайындал» дейтін қағиданы ұстанатын аға буын өкілдерінің үлгі өнегесі бүгінгі ұстаздарға үлгі болуға тиіс деп ойлаймын.
• Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет – талабы - таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару.
2. Алдыма қойған мақсат пен міндетті жүзеге асырудың құралдары:
• Қазақ тілінің басты мақсаты оқушының тіл сезімін дамыту болса, әдебиеттің мақсаты азаматтық, адамгершілік тәрбие беру, олардың ой - өрісін кеңейту, өз өмірлеріне қолдана білу, шын мәнінде рухымыздың тәрбиешісі деп ойлаймын.
• Сабақта бала білімді тәжірибе арқылы өзі алуы керек. Мұғалімнің міндеті — балаға жұмысты шағындап берумен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру деп ойлаймын.
• Мақсатымның орындалуын жүзеге асыру үшін сабақтарымда бүгінгі заман талабына сай келетін, нәтижесін көрсетіп жүрген жаңа технологияның элементтерін үнемі пайдаланамын.
3. Мақсат пен міндеттің жүзеге асырылуына қажетті жағдайлар:
• Ұстаз әр оқушының жасына, біліміне, басқа да ерекшеліктеріне қарамай олардың кез – келгенінің жанын, күйзелісін, қиындық туғызатын жағдайларын жете түсініп, онымен бірге қинала да, қуана да білетін адам бола білу керек. Ондай болмаған жағдайда сапалы білім де, салиқалы тәрбие де тууы мүмкін емес деп ойлаймын.
• Әр оқушыға жүктелетін жұмыстардың атқарылуын қадағалаудан бұрын олардың, деңгейлік қабілеттерін, мүмкіндіктерін зерделеп алу керек.
• Көркем шығармаларға талдау жасау кезінде тәрбиелік құндылықтарын өздері алып шығуға баулу.
• Ең бастысы баланың бойындағы жақсы қасиеттер алдымен мұғалімнің өз бойынан табылуы тиіс.
• Қазіргі мұғалім тек сабақ берумен шектеліп қалмай, өз білімін шығармашылықпен жетілдіріп отыру керек.
1 – аргумент. Менің бүгінгі таңдағы өзекті мәселе ретінде ұсынатыным – балаларды оқытуда халықтық тәрбиені басты назарға ала отырып оқыту жайындағы мәселе. Халықтық тәрбие ұғымы айтылғанда қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің міндеті секілді сезіледі. Ал шын мәнінде бұл тәрбие мектеп қызметкерлерінің барлығының міндетіне жатары сөзсіз. Тіл - әдебиетті айтпағанда есеп сабақтарының өзін салт – дәстүрмен, үй шаруасымен байланыстырып оқытуға болмас па еді?
Сондай – ақ, қазақ әдебиетімен тікелей байланыстырып, бастауыш сыныптан бастап әдеп, әсемдік сабақтары оқытылса. Үй ішілік, жора – жолдастық, ағайын – тумалық дегендей қарым – қатынас мәдениетіне, үлкенді сыйлау, ізеттілікке үйретуге болар еді. Жоғарғы сыныпта: қыз – жігіттің сый – құрметі, ата – енені сыйлау, бала тәрбиесі туралы өмірге қажетті мәселелерді қамтиды. Әсемдік әлемінде сөйлеу мәдениеті, адамның сырт келбеті, өзін ұстау мәдениетіне үйретер едік деп ойлаймын.
Халықтық тәрбиені осындай жолдармен қайтадан дұрыс жолға қою арқылы енді өсіп келе жатқан ұрпағымызды өз ұлтына деген мақтаныш сезімінде, басқа ұлттарға деген құрмет сезіміне тәрбиелеуге мүмкіндік аламыз деп ойлаймын. Халық даналығы баланың жан – дүниесіне мән береді. Еркіндігін шектемеуді, баланы жасытпауды есте ұстайды. Бабалардың осы салтынан ұлтымыздың өр мінезді азаматын тәрбиелеуді үйренеміз. Бұрынғы қазақтың елін, жерін сүюі, өрлігі жапондықтар мен американдықтардан бір де кем емес еді ғой. Соның сыры неде? Бесік жырынан бастап, шешендік сөз, тыйым сөз, түс жору, атқа міну, қыз айттыру салт – дәстүріне дейінгі халықтық тәрбиенің берері мол.
Мысалы: Қаз дауысты Қазыбек бидің қазақ пен қалмақ келіссөзіндегі Қазақты сипаттауын естіген адамды өз халқына деген мақтаныш сезімі билеуі сөзсіз:
«Біз қазақ мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт – береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.
Қазақ халқының қарым – қатынас мәдениеті аса жоғары болған. Туысқан – бауыр, ата мен бала, құда – жекжаттың, қыз – жігіттің, қайын мен жеңгенің бір – біріне деген сый – құрметі қазақ баласының ұғымына кішкентайдан сіңірілетін өзінше бір мектеп. Бұндай мектеп мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, оқушы санасына сіңірілуі керек. Сонда ғана біз ұлтымыздың ертеңгі болашағының жарқын боларына куә боламыз.
2 – аргумент. Қазақ тілі және әдебиеті сабағында ақпараттық технологияны қолдану арқылы тиімділікті арттыру жолдары
Бүгінгі күні біз әлем халқы бір кісідей жаңа дәуір - жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз. Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы, оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Жаңа ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
Білім беруде оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуіміз де керек. Сондай тиімді әдістердің бірі - электрондық оқулықтармен жұмыс істеу. Мұғалім мен ұстаздың ақпараттық мәдениетін көтеру мүмкіндіктері - мектеп мұғалімінің компьютерлік сауаттылықтарын ашуға бағытталған.
Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін өзі тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға қызығады., өз білімін көтеруге ұмтылады. Компьютерге тест, бақылау жұмыстарын, тәжірибелік тапсырмалар әзірлеу дәстүрге айналады.
Компьютер - бұл сабақта оқыту құралы мен сабақ берудің бұрынғы әдіс – тәсілдерін толықтырушы ретінде қызмет атқарады. Графикалық сызба, кесте, диаграммаларды пайдалану, слайдтарды, сурет, кино, көрсету мүмкіндіктері мол.
Ең бастысы әр оқушының сабақ барысында қандай жұмыстар атқарып отырғанына бақылау жасай алуында деп ойлаймын.
Осындай жағдайда мұғалімнің жетекші рөлі азайып, оқушының өз бетінше оқып үйреніп, тапсырмаларды орындауда дербестігі мен ізденісі артады, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызы зор.
3 - аргумент Мәдениет, тіл және ойлау құндылықтарын біртұтастықта қарастыру.
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну қиын емес. Ал мұның бәрі мәдениет, ойлау, тіл деген ең негізгі құндылықтардың беріктігіне келіп тіреледі. Әлбетте, бұл үшеуі — халықтың рухани дамуының түп қазығы, тірегі. Олай болса, осы үш тағанды сақтау ғана, оны барлық кері ықпалдарға төтеп бере алатындай жағдайға келтіру ғана халықтың болашақ тағдырын оң шешеді. Ендеше, жоғарыда айтып өткеніміздей, білім беру саласындағы барлық өзгерістердің өзегіне осы тұрғыда келуіміз заңды. Бүкіл жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің де осы негізде жүйеленуін өмір қажеттігі өзі дәлелдеп отыр.
Сананың өзін - өзі қорғауы, ең алдымен, бүкіл халықтық, мемлекеттік, ұлттық мақсаттың тұтастығын түсіну арқылы мүмкін болады. Сонда ғана оның жас ұрпақ бойында қалыптасуы тиіс ақпараттық - психологиялық иммунитеттің де негізі болатыны сөзсіз.
Білім - ұлттың ақыл - ойы мен ерік - жігерін қалыптастырушы тірек. Ендеше ол мемлекеттік саясаттың әр адамның сол мемлекет мүддесін дұрыс түсінуінің, оны сақтауға, орындауға деген шын сенімінің де негізі болуы тиіс. Білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру — ұлттық дәстүрлерді сыртқы кері күштерден қорғаныс ретінде біліммен сабақтастыра пайдалану деген сөз.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің үзілмес сабақтастығын тарихпен ұштастыра отырып, тамаша спектакльдер қою қазақ тілі пәнінің ұстазына қойылатын міндет.
Ақын, педагог Жұмаш Сомжүрек өзінің «Әдебиет - рухани әке» атты әдістемелік еңбегінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне қойылатын талаптар мен міндеттер жайлы атап көрсете келе қазақ тілінің оқытылуында кейбір ескеретін кемшіліктер ретінде мыналарды атап көрсетеді.
Әдебиет - рухани әке, әдебиет - адам рухының қолбасшысы һәм адам жанының жолбасшысы екенін, демек сол тұрғыда оған жаңаша көзқарас қалыптастыру керектігін барынша дәлелдеп бақтық. Әдебиет туралы бұл жаңа тұжырым - жаңа қағида адамдар санасына әзір сіңісе қойған жоқ. Өз әкеміз - тәніміздің, ал әдебиет - жанымыздың әкесі, шын мәнінде рухымыздың тәрбиешісі екенін ақылмен тани білетін, жүрекпен түсініп сезінетін кез келді. Сол күнді таяту - міндетіміз.
4 – аргумент. Оқушының өз ойын ашық айта алу немесе өзіндік сөйлеу стилін қалыптастыра отырып жан – жақты тұлға ретінде тәрбиелеу.
Өйткені жалпы білім беретін мектептің басты мақсаты — дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау болса, сол тұлғаның басты көрсеткіші — сөйлеу әрекетін еркін меңгеруі, өз ойын ашық айта алуы ғана емес, сонымен қатар оның өзіндік сөйлеу стилінің болуы.
Ана тілі сабақтарында бала білімді тәжірибе арқылы өзі алуы керек. Мұғалімнің міндеті — балаға жұмысты шағындап берумен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру.
Көркем шығарманы талдау барысында оқушының сөйлеу стилі қалыптаса отырып, сол шығармалардың құндылықтарын шығара алады, өз көз қарасын мүдірмей, қорғанбай ашық, анық жеткізуге дағдыланады. Қазіргі заманда көркем әдеби тілде сөйлеуді ғана талап ете алмаймыз. Өйткені оқушылар көркем шығармаларды оқуға уақыттарын бөлмейді. «Бес саусақ бірдей емес» осыған байланысты шығармаларды әр оқушы өзінше талдауға мүмкіндік жасау керек деп ойлаймын. Талдауға берілетін көркем шығармаларымыз оқушыларға ой тастайтын, рухани – адамгершілік қасиетін байытатын, өмірдегі кездесетін жағдаяттарды шеше білуге баулитын болуы керек.
Концепция
- Алтынгуль
- 3 мам 2013
- 5709
- 0
- 0
Ілмек сөздер: концепция, ұстаздарға
Ұқсас жаңалықтар:
«Әдеби тіл мәдениеті» арнайы курсының бағдарламасы
Осы ұсынылып отырған арнайы курс бағдарламасын 10 - сыныпқа арналған факультатив сабақ ретінде қолдануға болады. Қазақ тілі сабақтарында да жақсы...Ұрпақ тәрбиесі - ұлттық педагогика негізінде
Қазіргі заман талабына сай мен де оқушыларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы басты бағдар ретінде ұстанғанымыз жөн болар еді. Қазіргі заман...Рухани-адамгершілік тәрбиесі
«Өзін - өзі тану» пәнінің басты мақсаты - рухани - адамгершілік құндылықтарды негізге алатын, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз мінезді...Қазақтың ұлттық мейрамдары
Сабақтан күтілетін нәтиже: 1 - деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері жайында...Әдістемелік жұмыс
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.