Мақсаты:
Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа деректер ашуға жағдай туғызу, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, автор шеберлігін тануына көмектесу, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Дамытушылық: талдау жасау жұмыстарына машықтандырып, өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Сәкеннің суреті, тірек сызбалар, ҚР картасы, Бетпақдала, киік суреті;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, тест сұрақтары.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, экология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен амандасу, түгелдеу.
ә) оқушы зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару.
Өнер алды - қызыл тіл,
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай, талмай үйрен, біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл - асыл қазына,
Байлығың - білсең ол сенің,
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің,- дей отырып сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін кезекті әдебиет сабағынан бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Қане, балалар өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық? ( «Өтеген батыр» дастанынан үзінді )
- Қазір жыр алыбы Жамбыл туралы оқып - білгенімізді қорыту үшін тест сұрақтарына жауап беріп көрейік.
( тест сұрақтары монитордан көрсетіледі)
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.
- Балалар бәйтерек ағашы туралы не білесіңдер?
- Қазақ бәйтерек ағашын киелі санап, қасиет тұтады, тамырын тереңге жайған бәйтерек сан тарапқа жол ашып, көкпен жарыса өседі, ұзақ жылдар бойы өсіп - өнетін ағаш екен. Біздің қазақ халқы өз ұлын батырларын ескеріп, еңбегін бағалап, «бес арыс», «үш бәйтерек» деп өз сүрген қоғамына қарай, еңбегіне қарай топтап, бағалап келеді. Үш бәйтерегіміз кімдер екен?
«Абайдың інілері, қазақтың ірілері,
Сәкен, Ілияс, Бейімбет» - деп ақын жырлағандай бүгінгі сабағымызда ақын Сырбай Мәуленовше айтсақ
Өлімге жан екенсің қия алмайтын,
Өлеңнің құшағына сыя алмайтын.
Қазақты көргің келсе, міне, осы деп
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын,- Сәкен Сейфуллиннің өмірі және шығармашылығымен танысамыз. Сәкен туралы білетіндерімізді жаңа деректермен толықтырайық. монитордан мәліметтер берілді)
- Сәкен Сейфулиннің «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз. Ақын бұл өлеңін 1924 жылы жазыпты.
2. ( «Ақсақ киік» өлеңі әнімен орындалады)
- Балалар, өлеңнің бастапқы жолдарында айтылатын Арқа, Бетпақдала туралы мәлімет бере кетейін.
Арқа, яғни, Сарыарқа Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан шығысына қарай 1200 км өңірді алып жатыр. Бетпақдала осы Сарырақада орналасқан. батысы сазды, шығысы тасты, құмды, шөлді жер. Бетпақдалада ағын су жоқтың қасы. Бұл күндері аң - құстар мен жануар - жәндіктердің көптеген түрлеріне жайлы мекен. Бетпақтың даласында ширек гектар жер, аң - құс қорығы ретінде қорылады.
( А. Сейдімбек «Бетпақдала» ( ана тілі 3 - кл )
- Киік дегеніміз не?
Жүйрік(сағ. 60 - 70км жүгіреді). топтасып өмір сүреді. Өзін - өзі емдейтін де қасиеті бар.
Еті, мүйізі бағалы.
(дәрі - дәрмек жасайды) Ақбөкен деп те атайды, шөлге өте төзімді
3. Кітаппен жұмыс
- Қане, әрі қарай мәнерлеп өзіміз оқып жіберейік. Оқып отырып, түртіп алайық.
( экраннан сөзік жұмыс көрсетіледі)
Қу баялыш – шөп атауы
Сегіз көштік – ұзындық өлшемі
Қос – шатыр, күрке
Бетеге - шөп атауы
4. шығармашылық жұмыс.
1. Өлеңнің мазмұнына сүйене отырып, өлең ішінен табиғат халін суреттеген жолдарды тауып, өз сөзімізбен айтып көрейік.
2. Өлеңдегі ақын пайдаланған бейнелі сөзді байқадыңдар ма?
- Теңеу дегеніміз не?
- Сонымен, балалар, ақын осы өлеңде не айтқысы келеді деп ойлайсыздар?
- ХХ ғасырдың басында киік саны күрт азайып, бұл киелі жануар «Қызыл кітапқа» енген.
- Осы өлең арқылы қандай тәрие аламыз?
- Табиғатты қорғау, оның әрбір бөлшегін аялау, қорғау керектігі.
Сабақты бекіту. «Сен Сәкен туралы не білесің?» ойыны.
Үйге тапсырма:
1. Өлеңді мәнерлеп оқу, үзінді жаттау.
2. «Біз – табиғат сақшысымыз» ( ой толғау)
Бағалау.
Қорытынды сөз. Алла тағала: “Жер бетіндегі барша тіршілік иесін қолыңа беремін: жазық дала, тау - тас, шалқар теңіз, айдын көл, ну орман, қаптаған жануарларға да өзің иелік ет. Менен кейінгі жауапты - сенсің. Жер бетіндегі өмір жақсы қалыптаса ма, жоқ әлде бүлініп ойраны шыға ма - саған байланысты. Түбі сенен сұраймын.”
Ақсақ киік
- Жанаргүл
- 14 сәуір 2013
- 20232
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақсақ киік, Сәкен Сейфуллин, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
С.Сейфуллин. Ақсақ киік
Сабақтың мақсаты: Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа деректер ашуға жағдай туғызу, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, автор...Ақсақ киік
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабаева Венера Жәнібекқызы...Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: С. Сейфуллин жайлы қысқаша мәлімет беру, ақынның «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру. Дамытушылық:...«С.Сейфуллин "Ақсақ киік" өлеңі»
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі". Сабақтың мақсаты: Білімділік: а)ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар...Сәкен Сейфулллин «Ақсақ киік»
Астана қаласы, №49 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жандыбаева Гүлнар Жолдыбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.