Зияткерлік - таным сабағы
I Сабақтың тақырыбы: Әдептен озбайық.
II Сабақтың мақсаты:
Білімділік – жеке адамның мінез - құлық мәдениеті туралы, мінез - құлық ережелері мен мінездің кейбір белгілері жайында түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік – оқушылар бойына шынайы адамгершілік қатынастарды – жолдастық, ынтымақтастық, ізгілік, адалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті орнықтыру.
Дамытушылық – оқушылардың мінез - құлық мәдениетін дамыту.
III Сабақтың түрі: зияткерлік - таным сабағы.
IY Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, ауызша журнал.
Y Сабақтың жабдықталуы: интерактивті тақта, графопроектор.
ҮI Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Сабақтың эпиграфы:
«Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан - дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарасам, көз сүйсіндіріп, бас
айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан - дүниесіне үңілсек – құдай сақтасын! Әп - әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап - қара
болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың». Чехов А. П.
Кіріспе сөз: Мінез - құлық ережелері әрқашанда гигиена талаптарын бейнелеп келді және бейнелеп отыр. Мінез - құлықты билейтін әдет - ғұрыптардың басым көпшілігі психогигиенамен тікелей байланысты. Әрбір адам өзінің айналасындағылармен қарым - қатынасын бірінші кезекте психогигиена талаптарына сүйеніп, саналы түрде реттеп отыруға тиіс. Үстел басындағы мінез - құлық ережелерінің едәуір бөлігі және жалпы мінез - құлық ережелерінің де көпшілігі гигиена талаптарына бағынады. Мысалы, біреудің түсіп кеткен қол орамалын көтеріп алып бермей - ақ иесіне ескерте салса жетеді: басқа біреудің қол орамалын қолға ұстаған жағдайда қайсыбір ауруды жұқтырып алуың немесе өз қолың арқылы ондай ауруды орамалға жұқтыруың мүмкін. (Бірақ қартайған немесе ауру адамға жас және неғұрлым дені сау адам, әрине, орамалын жерден алып береді.) Сыпайылық ережесі біздің шу көтеруімізге айналадағылардың мазасын алып, шамына тиюімізге тыйым салады. Сыпайылық сөйлегенде және іс - әрекет жасағанда ұстамды болуды талап етеді.
Академик И. П. Павлов 1883 жылдың өзінде - ақ ағзаның бүкіл қызметін жоғары нерв жүйесі басқарады деп жазған болатын. Медициналық зерттеулер ми қабығындағы қозу мен тежелу әр түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін екенін көрсетті. Дәрігерлер тіпті біздің өзіміз де байқай бермейтін кез - келген шу миымыз бен бүкіл денемізде қозу толқынын туғызады дейді. Уақыт өте келе бұл тітіркенулер ағзада ізін қалдырып, жүйке, қан тамырларының ауруы, асқазан ауруы, қан қысымының артуы және т. б. сияқты аурулардың асқынуына себепші болады.
Адамның ішкі жан - дүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет - әлпетінен, сондай - ақ мүсіні мен мінез-құлқынан көрініс табады. Ішкі жан - дүниесі бай болса, оған мінез - құлқының жоғары мәдениеті сай келеді.
Сәлемдесу
1. Қол алысып амандасу қайдан пайда болды?
Еуропа халықтарында сәлемдескенде бір - бірінің қолын қысатын болған. Бүгінгі таңда бұл дәстүр құрметтеу белгісі деп түсініледі. Ал бұл ғұрыптың тууына басқа себеп: татулық бейбіт ниетті дәлелдеу себеп болған еді. Алақанын жазып, ілгері созылған оң қол онда тас, пышақ және басқа қару жоқ екенін дәлелдеуге тиіс болатын. Егер екінші жақ та бейбіт ниетте болса, шын пейілімен қол қысып, сәлемдесетін болған. Нақ сол ойды Шығыста арабтар кеудесіне қолын қусырып, түрікмендер қолдарын ұзын жеңіне тығып білдірген, қытайларда бас игенде қолдары екі жағында салбырап тұратын болған.
2. Бас киімін алып құрмет білдіру қалай пайда болды?
Бұл ғұрып бейбіт сезімнен, шайқас алаңында дулығаны шешуден басталған еді.
3. Сәлемдесу қалай оңайлатылды?
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропаны тұмау сүзек індеті жайлаған кезде, дәрігерлердің бастамасымен, Сәлемдесуді оңайлату одағы пайда болды. Көптеген қалалардың көшелерінде кеудесіне ерекше белгі таққан, қол алыспай және қалпағын көтермей амандасатын адамдарды көруге болатын еді.
Мінездің ұнамды белгілері
1. Әдептілік сезімі дегеніміз не?
Бұл - өзіңді әр түрлі жағдайда жалпылама мінез - құлық ережелеріне сәйкес қана емес, сонымен қатар эстетикалық және этикалық талаптарды да қанағаттандыратындай етіп ұстай білу. Шын жүректен шыққан әдептілік сезімі адамның өзге біреудің жанына бататынның немесе қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуін және басқа біреудің қажеттері мен уайым - қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады.
2. Адам бойында ең алдымен өзіне - өзі сын көзбен қарай алатындай сыншылдық негіз не үшін дамуы керек деп ойлайсың?
Адамдар және олардың мінез - құлқы жөнінде пікір түйместен бұрын өзіңе сын көзбен қарай білу қажет. Сынаушы өзі айыптап отырған кемшіліктер оның өзіне де тән екенін көбінесе аңғара бермейді. Сезім мен парасат билейтін әдептілік іс - әрекеттен де, сөзден де көрінеді. Әдепті адам ешкімнің мазасын алмай, ешкімді ренжітпей, қарапайым жүріп, өзін қарапайым ұстайды.
3. Табиғилықты сақтау дегеніміз не?
Өзің қандай болсаң, сондай болу деген сөз. Бұл үшін адалдық пен шыншылдық қажет. Екіжүзділіктен, қылымсудан және қулық жасаудан асқан жаман ештеңе жоқ. Қыз сияқты аңғал болып көрінуге тырысатын ересек әйел қандай күлкі келтіретін болса, ересек болып көрінуге тырысатын жас қыздар да сондай күлкі келтіреді. Өз қалпыңда көріну, мінез - құлқыңда табиғи болу, шама - шарқыңды сезіне білу – нағыз әдемілік, міне, осында, жақсы талғам деген де осы.
Мінездің жағымсыз жақтары
Мінездің ең жиренішті жақтары - өзімшілдік, күншілдік және жағымпаздық. Өзімшілдің, күншілдің және жағымпаздың мінез - құлқын жеке басының пайдасы немесе адамдардың шағын топтарының (мысалы, отбасының) пайдасы билейді. Жағымпаздың мақтауы мен жарамсақтануы оның нақты қалыптасқан жағдайда дұрыс бағдар алуына одан сайын көбірек кедергі жасайды. «Мақтау – ақымақтарға қазылған ор» деген нақыл сөз бар. Өзінің де, өз жақындарының да мінезінің жағымсыз жақтарына қарсы күресіп, оңды жақтарын дамыта түсу - әрбір адамның міндеті.
Өзін - өзі тәрбиелеу
Өзін - өзі тәрбиелеу дегеніміз - мінезді қалыптастыруға бастайтын жол, өз бойындағы бағалы адамшылық қасиеттерді саналы түрде дамыту. Академик И. П. Павлов адам дегеніміз өзін - өзі кең көлемде реттей алатын, яғни өздігінен жетіле алатын бірден - бір жүйе деп атап көрсетті. Өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзіне сын көзбен қарап, өз қателерін мойындауға батылы жетуі қажет. Мінездегі кемшіліктерді жойып, жақсы сипаттарды жетілдірмейінше, өзін - өзі тәрбиелеу мүмкін емес. Өнердегі сияқты, адамның бойында да форма мазмұнға сай болуы қажет. Әдетте, адамның сыртқы келбеті ішкі мәдениетін бейнелейді.
Әдептен озбайық
- serega72
- 1 ақпан 2012
- 16835
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әдептен озбайық, тәрбие сағаты, өзін өзі тану, мінез құлық, мәдениеттілік
Ұқсас жаңалықтар:
Мінез туралы мақал-мәтелдер
Адам жылқы мінезді. Көңілім келсе – көлдеймін, Көңілім келмесе – шөлдеймін....Салауатты өмір салты
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама...Жасөспірім кезеңіндегі девиантты мінез-құлықты анықтау және түзету жолдары.
Девиантты мінез - құлыққа қандай да бір конструктивті бағытты қолдану мүмкін емес. Себебі ол жасөспірімді тепе - теңдік жағдайынан шығарып,...Мінез-көңіл күйдің айнасы
Байқоңыр қаласы, №2 Циалковский атындағы мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна Тақырыбы: Мінез – көңіл айнасы...Сүйкімі дүниенің сұлулықта
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №5 кәсіптік лицейдің математика пәнінің мұғалімі Қараев Дархан Жылқайдарұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.