Сайтқа кіру Тіркелу

Математика сабағында

Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: Сан есімдерді меңгерту: ондық, жүздік, мыңдықтарды қазақ тілінде айта және жаза алуға дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Сөздік қорын байыту; ауызекі сөйлеу тілін дамыту: лексикалық тақырып бойынша сөйлеу дағдысын бекіту.
3. Тәрбиелік: Білімге, пәнге деген құштарлықты арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сандар, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру қезеңі. Сөйлесім.
а) Сәлемдесу.
ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
б) Сөйлесу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым. Сөйлесім.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою.
- Сен қай пәнді ұнатасың? Неліктен?
- Қай пәндер сен үшін қиын?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сан есімдермен таныстыру. Оқылым. Айтылым.
Ондықтар----Жүздіктер-----Мыңдықтар
10 Он-----------100 Жүз-----1000 Бір мың
20 Жиырма--200 Екі жүз--2000 Екі мың
30 Отыз-------300 Үш жүз---3000 Үш мың
40 Қырық-----400 Төрт жүз-4000 Төрт мың
50 Елу----------500 Бес жүз--5000 Бес мың
60 Алпыс------600 Алты жүз--6000 Алты мың
70 Жетпіс-----700 Жеті жүз--7000 Жеті мың
80 Сексен-----800 Сегіз жүз--8000 Сегіз мың
90 Тоқсан---900 Тоғыз жүз--9000 Тоғыз мың

2. «Кім көп және тез» оқыта үйрену ойыны. Сөйлесім.
а) Мұғалім сандар жазылған парақшаларды көрсетіп, олар сан есімнің қай тобына жататынын сұрайды. Парақшада жазылған сандардың бірнешеуі ондықтар, бірнешеуі жүздіктерден, бірнешеуі мыңдықтардан болуы тиіс. Оқушылар қол көтеріп, жауап береді.
ә) Оқушылар мұғалім көрсеткен сандарды қазақша айтады.
б) Мұғалім ойынға белсенді қатысқан оқушыларды атап, сабаққа деген ынтасын оятады.
3. Сөздікпен жұмыс. Айтылым.
а) Оқулықта берілген сөздерді оқу.
ә) Сөздерді дұрыс айтуға жаттығу.
б) Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

тең – равно
артық – больше
кем – меньше
жуық – около
сыз - начерти

в) Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату.
Жуық – Отызға жуық – Сыныпта отызға жуық оқушы бар.
Сыз – Сызғышпен сыз – Сызғышпен үшбұрыш сыз.
4. Сергіту сәті.
5. Тапсырмаларды орындау. Оқылым. Жазылым. Айтылым.
а) жаттығудағы есептерді шығару, жаңа сөздерді пайдаланып, есепті қазақ тілінде оқу.
62 - 15=47 (алпыс екіден он бес алғанда қырық жеті болады).
35+22=57 (отыз беске жиырма екі қосқанда елу жеті болады).
23*2=46 (жиырма үшті екіге көбейтсе қырық алты болады).
20: 10=2 (жиырманы онға бөлсе екі болады).
ә) Жаттығудағы сандарды оқу.
170 – жүз жетпіс
82 – сексен екі
1060 – бір мың алпыс
1892 – бір мың сегіз жүз тоқсан екі
2907 – екі мың тоғыз жүз жеті
9876 – тоғыз мың сегіз жүз жетпіс алты
3004 – үш мың төрт.
IV. Сабақты бекіту. Жазылым. Айтылым.
Сыныпта неше парта (оқушы, орындық, терезе) бар? деген сұрақ қою арқылы мұғалім оқушылардың сан есімдерді дұрыс меңгергендігін аңықтайды.
- Сыныпта он бес парта, отыз орындық, төрт терезе, екі есік бар.
V. Сабақты қорытындылау, бағалау.
- Сонымен, балалар, бүгін сабақта не білдіңдер? Олай болса мына сызбаны толтырып көрейікші.
Не білетінсің? Нені бүгін сабақта білдің? Нені білгің келеді?

VI. Үйге тапсырма беру.
1. Сан есімдерді жаттау.
2. Жаңа сөздерді жаттау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×