Сайтқа кіру Тіркелу

Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жазушы туралы мағлұмат алады, шығарманың мазмұнын игереді, идеясын ашады;
ә) Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы түсінігі, өнерге деген қызығушылығы арта түседі, өнерді бағалауға үйренеді;
б) Дамытушылық: Топтасып жұмыс істеуге, өзінше ой қорытуға, қосымша ақпараттарды қолдануға дағдыланады, таным қабілеттері дамиды.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Шоқан Уалиханов, Сапарғали Бегалиннің портреттері, интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Ғ. Мүсіреповтың «Жаңа достар» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
2. Оқушылардан шығарма кейіпкерлерін сұрау. Олар: Қайрош, Шеген, Бораш, Мария апай, милиционерлер, Қайроштың апасы
3. Кейіпкерлердің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
4. Шеген өзінің үш шартын қандай шартпен аяқтады?
5. Шегеннің асылғышқа тартылып ойнағанын көрген анасы Қайрошқа қандай өтініш айтады?
6. Анасы Қайрошқа қандай істі аманат етті?
7. Қайроштың прототипі кім?

ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақта біз ұлы тұлға Шоқан Уалихановтың балалық шағы жайлы жазылған С. Бегалиннің шығармасымен таныс боламыз.
С. Бегалин (1894 - 1985) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Дегелең ауылында дүниеге келген. Шығармалары «Сәтжан», «Қыран туралы аңыз», «Ермектің алмасы»
Ассоциация құру

Шоқанның апасының Мысыққа деген көзқарасы неге өзгерді? (Оқушы пікірі)
Кейіпкерлерге мінездеме бер

№ Кейіпкер Мінездеме Шығармада

1 Шоқан Қайырымды
әділ
уәдеге берік
өнерді құрметтеу Мысықты үйіне әкеліп тамақ береді. Киім береді. Інісінің әділетсіз әрекеттеріне тосқау салады. Мысықтың өнеріне қызығады
2 Мысық Өнерлі
зерек Мүсін жасайды
Көргенін пайымдай алады

3 Жақып Тентек Үйіне келген балаға сотқар мінезін көрсетеді

Мүсінді неден жасайды?
Мүсін – бір заттың пішінін металдан, балшықтан, гипстен жасау.

ІV. Енді шығарманы оқушыларға сұрақ – жауап беру арқылы пысықтау
1. Шыңғыс ауылы күзекке келгенде, сары бала сондай қуанды. Ала жаздай зарыға жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтін бір досы бар
Ол – төре баласы – Шоқан
2. Шыңғыс Құсмұрын еліне аға сұлтан болып тағайындалысымен, осы күзекке екі бөлмелі кеңсе үйін салғызды. Күзетшілері кімдер еді?
Сол үйдің жазғы – қысқы күзетшісі – сары баланың әке – шешесі
3. Сары баланың сол сағына күткен досы жолбарыстай шұбар құнанын елеңдете, аяңдатып жетіп келді. Ә дегенен тосырқап қалған сары бала балшықтан жасаған ойыншықтарын жия қойды. Орнынан түрегелді. Шоқан не деді?
- Ей, Мысық, аман ба? Мына ойыншықтарды кім істеді, - деп Шоқан сары балаға жылы амандасып, күлімсірей қарады.
4. Мысық Шоқанға бұрынғы үйірлігіне сеніп, ойыншықтарын тегіс көрсетті.
- Сен, немене, мені жатырқап қалғанбысың? – деді Шоқан Мысықты өзіне тарта сөйлеп.
- Сен мына ойыншықтарыңды маған бересің бе?
Жоқ, бермеймін, кешегі балалардай сен алып қашасың, - деп ойыншықтарын көйлегінің етегіне тыға бастады.

5. Бұрынғыдай емес, Шоқанға бойы үйренген Мысық тартынбай келеді. Бұлар үйге таянғанда, алдарынан кім шығады?
6. Иә, мен кетемін. Бағана айтқаным қайда, ұрсады, сабайды деп. Осыны айтып, Мысық есікке қарай шегіншектей бергенде не болды?
7. Бауырсақты бір – бірлеп жеп, қымызды имене жұтып отырған Мысыққа Шоқан не айтты?
8. Қандай әйелдің қасында отырған Жақып қолына шыбыртқы ұстап, әлі де Мысыққа өшіге қарады?
9. Шоқанның бұл күнгі ертіп келуінде қандай себеп бар еді?
10. Мысықтың өне бойына қайтадан көзі түскен сары бәйбіше оның кіші көйлегенің жағасы дал – дұл болып жыртылып тұрғанын көрді де, әлгі жұмыскер әйелге не айтты?
11. Көк қаршыға шегір көзін төңкере шаңырақтан аспан әлеміне құмарта бір қарап, бір рет дүр сілкініп қойды. Бұрын мұндай құсты көрмеген Мысық онан көзін алмай, қорқып қарайды. Мысықтың бағадан бері көзі түспеген бір нәрсе шыға келді. Ол не еді?

V. Сабақты бекіту. Семантикалық карта

Кейіпкерлер. Шығармадан үзінді Шыңғыс Шоқан Жақып Мысық Анасы Теңеу Эпитет
1. Сен істей ғой, шебер болсаң!
2. Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы.
3. Кездемеден көйлектік шыт жыртып берші
4. Құйрығын қара, тап иттің құйрығы
5. Бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?
6. Жолбарыстай, балалардай
7. Кесек денелі

VІ. Оқушыларды бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.
1. Шығарманы оқу, мазмұндау.
2. Шоқанға арнап 5 жолды өлең құру
3. Шығармадан көркемдегіш тәсілдерді табу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×