Орыс сыныптарында оқитын оқушыға қазақ тілін үйретудің жолдары
Мемлекеттік тілді оқытудың мақсаты – оқу өзге тілде жүретін мектеп оқушыларының бастауыш мектепте қазақша қарым – қатынас тілінің негіздерін игеруіне, дұрыс оқып, дұрыс жазуға машықтануына яғни, тілдің орфографиясы мен орфоэпиясының заңдылықтарын түсіндіруге бағытталады. Негізгі мектепте бала бастауышта алған білімін жалғастырып, білім мазмұнын «қоршаған орта» тақырыптары арқылы толықтырып, грамматикадан алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануға дағдыланады. Жоғары сыныптарда тілдік конструкцияларды сөйлеу әрекетінде еркін қолдану, тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын, стилистикалық ерекшеліктерін танып, оны теориялық жүйелеу мен өз бетінше сөздік қорын байыту әрекетін қамтамасыз етуі қарастырылады. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін алға қойылатын міндеттер: оқушыларға сөйлесу әрекетінің түрлерін күнделікті қарым – қатынас деңгейінде меңгерту.
Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін Қазақстанды мекендейтін халықтардың ол тілді үйренуі, білуі, оқуы, оны мейлінше сыйлау – парыз. Еліміз көп диаспоралы мемлекет болғандықтан, басқа ұлттарға қазақ тілін үйрету үшін қазақ тілінің мамандары оларға үлкен көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Оқушылар көрнекілікке назар сала, бақылай отырып, оның мазмұнын ашатын мағлұматтарды өз беттерінше жинақтайды. Мұғалімнің міндеті – бақылаған кезде неге мән беру керектігіне бағыт беріп отыру. Көрнекілікті пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген.
Мұғалімнің сабақ беруіндегі бір ерекшелік - ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізеді. Мысалы, бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ыңғайлы етіп ұсынады.
Бастауыш сыныптарында көбірек қолданылып жүрген көрнекі құралдардың түрлері: сауат ашу кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар, оқу сабақтарында, грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар, таблицалық көрнекілік, схемалық көрнекілік плакаттық көрнекілік тақта көрнекілігі табиғи көрнекілік.
Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады.: онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады. Қазақ тілі сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігі орасан зор: айнала қоршаған дүниені бақылау, соған байланысты әңгіме құрастыру, оқушылардың жинаған заттары, түрлі картиналар, оқулықтағы суреттер т. б
Мәтінді оқуда оқушының ойын, тілін дамытады.
Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының сөйлегенін естіп қабылдайды.
Таблицалық көрнекілік - бұл мектепте көп тараған және қазақ тілін оқытуда жиі қолданылатын өте пайдалы әдістемелік құралдың түрі.
Схемалық көрнекілік – бұл қазақ тіліндегі заңдылықтарды схема ретінде көрсететін көрнекіліктің түрі.
Плакаттық көрнекілік – оқушылардың сөздігін толықтыру мақсатында жасалған плакат., сөз мағыналарын байқату үшін жасалған плакат. Жазу емлесі мен тыныс белгілеріне арналған плакат.
Тақта көрнекілігі – бұл қазақ тілін оқытуда ерекше көп қолданылатын көрнекіліктердің бірі. Тілден өтілетін материалдар оны дәлелдейтін мысалдардың барлығы да тақта арқылы көрсетіледі.
Көрнекі құралдардың түрлері: әдіскерлік, педагогикалық тұрғыдан дұрыс жасалу үшін оған мынадай талаптар қойылады.
Көрнекі құралдарда берілген материалдардың мазмұны мектеп бағдарламасына негізделген, сөйлемдері ұзақ мәтіндері ауыр болмауы керек.
Көрнекі құрал таза, әріптері анық, жазуы сыныпқа түгел көрінетіндей үлкен болуы керек.
Көрнекі құралда шартты белгілерді орынсыз көп қоя беруге болмайды.
Оқушыларға тартымды және көрнекі болуы үшін оны көлемі кішкене қағазға жасауға болмайды.
Сабақта көрнекіліктерді үнемі көп көрсете беру нәтиже бермеуі мүмкін., сондықтан мұғалім оқу мазмұнын ауызша түсіндіру мен көрнекіліктерді ұштастырып, бірінен соң бірін алмастырып отырғаны дұрыс.
Қорыта айтқанда, көрнекі құралдар тіл дамыту сабақтарын жеңілдетуге ықпал етеді. Мол тәжірибе жинақтап, оны кеңейту мен тереңдету шеберлігін игеру арқылы бала қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қабылдауға үйренеді және бұл тәжірибені өзінің әр түрлі практикалық ойлау әрекеттерінде пайдаланады.
Тіл дамыту жолдары
- жанар.а
- 29 қаңтар 2013
- 12631
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ тілі, тіл дамыту жолдары, баяндама
Ұқсас жаңалықтар:
«Тіл дамыту» курсы
Шет ауданы, Ақжал кенті, Ш. Батталова атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусайнова Мугилсим Сатбековна...Мәтін және оның түрлерін қайталау
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Асқарова Бағымкул Абдрашқызы...Қазақ тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыт ...
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Базилова Перизат...Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы
Астана қаласы, Н. Назарбаев университетінің оқытушысы Әбіжанова Самал...Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі
Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Досмағанбетова Жумакул Абсаматовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.