Сабақтың тақырыбы: Қазақстан суқоймалары.
Тәуелдік жалғау. 4 сынып
Мақсаты: Өткенді қайталау арқылы лексикалық және грамматикалық тақырыптарды бекіту.
І . Ұйымдастыру кезеңі.
1) Сәлемдесу.
2) Түгендеу.
Психологиялық жағдайят.
Жадыраған көңілмен,
Мейірімді жүрекпен,
Сабақты біз бастайық
Ақ тілекті айтайық. (Әр оқушы )
Сабақтың тақырыбын мақсатын айту.
Нені білуіміз керек.
Қазақстан суқоймалары тақырыбына байланысты сөздерді, сөз тіркестерін білуіміз керек. Тақырып бойынша сөйлем құрай білуіміз керек.
Тәуелдік жалғауды қайталап, бекітуіміз керек. Тақырып мазмұнын толығымен игеруіміз керек.
Фонетикалық жаттығу.
1) Қатаң дауыссыздарды бір бағанға, ұяң дауыссыздарды екінші бағанға жинау керек.
2) Қандай сөз? – сұрағына жауап алу.
Тақтада берілген сөздерді сипаттау.
Мысалы: «өзен» – жіңішке сөз, өйткені «ө», «е» - жіңішке дауысты дыбыстар. т.с.с
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Мылқау диктант.
Тақтадағы көрсетілген суреттердің атауын жазу. Тақтада кейін қарай саналатын уақыт көрсетіледі. Оқушылар сол уақыттың ішінде жазып үлгерулері керек.
Бірін –бірі тексеру. Бағалау парағы.
ІІІ. Білімдерін жан –жақты тексеру.
3.1. Кестемен арқылы Тәуелдік жалғауды қайталау.
3.2. Мәтінді тыңдап, тәуелді сөздердің жалғауларын белгіле.
Қазақстан суқоймалары: өзен, көлдер, теңіздер. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздері, Ертіс, Есіл, Сырдария, Жайық т.б. өзендері, Балқаш, Алакөл, Марқакөл, Қарасор және т.б. көлдері бар.
Осы мол суды есепсіз жұмсауға болмайды. "Судың да сұрауы бар" - дейді халық. Су - тіршілік көзі.
Арал теңізінің экологиясы - үлкен проблема. Теңіздің суы күннен-күнге азайып барады. Сол проблеманы шешу үшін "Аралға араша" қоры жұмыс істейді.
3.3. Сұрақ – жауап.
Қазақстанда қандай суқоймалары бар?
Өзендер.....
Көлдер.......
Теңіздер......
3.4. Бағандарды толтыру.
(Алакөл, Қарасор, Каспий, Марқакөл, Арал, Жайық, Ертіс, Балқаш, Сырдария, Есіл)
- Халық су туралы не дейді?
- Мол суды есепсіз жұмсауға бола ма?
- Қай теңіздің суы күннен-күнге құрып барады?
- Оны қорғау үшін қандай қорық жұмыс істейді?
3.5. Шығыс Қазақстан облысында қандай суқоймалары бар?
Шеңберді толтыру.
Марқакөл Қарасор
Алакөл Сырдария
Каспий Жайық
Есіл Арал
Бұқтырма Ертіс
Зайсан Балқаш
(Қате таңдалған сөздер шеңбер ішінде тығылып қалады)
3.6. «Біздің өңіріміздің суқоймалары» мәтінін құрастыру.
Шығыс Қазақстан облысында .........көп.
Олар: ........................................өзендері,
........................................т.б. көлдері.
Біздің қала ................өзенінің бойында орналасқан.
Бұл өзеннің бойында тағы
қалалары орналасқан.
Біздің өңіріміздің табиғаты өте тамаша!
Керекті сөздер: Алакөл, өзен, Марқакөл, көлдер, Ертіс, Бұқтырма, Семей, Үлбі, Зайсан, Ертіс, Павлодар.
Сергіту сәті.
ІV. «Даналық ағашы» ойыны.
Лексикалық тақырып бойынша 5 сұрақ.
Грамматикалық тақыры бойынша 5 сұрақ. (ұпайға қарай сұрақтар күрделене түседі)
V. Тест жұмысы.
Өзін –өзі тексеру, бағалау.
VІ. Үй тапсырмасын беру.
Тәуелдік жалғау
- К.Назым
- 11 қаңтар 2013
- 18480
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәуелдік жалғау, қазақ тілі, Қазақстан су қоймалары
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстанның ішкі суларының түрлері
Қазақстанның ішкі сулары білімдерін дамыту. Өзен жүйелері және өзен алаптары, өзен жүйесінің ерекшелігі, су шығыны мен жылдық ағын, қоректенуі туралы...Қазақстан көлдері
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп - лицейінің география пәнінің мұғалімі Әбдреева Ажар...Солтүстік Қазақстан облысының өзендері, көлдері, бөгендері
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның география пәнінің мұғалімі: Габдуллина Аяжан Нуржанқызы...көлдер мен бөгендер
Сабақтың тақырыбы: Көлдер мен бөгендер Мақсаты: Білімділік: Қазақстан көлдері мен бөгендері, олардың ерекшеліктері, су су деңгейінің өзгеруі туралы...Өзен және көл
Ақтөбе облысы №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Л. Ө...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.