Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ж ж дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ж дыбысы мен әрпімен таныстыру, сол арқылы берілген оқу мен жазуға үйрету.
Ж дыбысы бар сөздерді оқыту, жаздыру, осы әріп арқылы сөздер құрастыра отырып, ойларын өрбіту.
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын, сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыту.
Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,Жануарлар мүсіні, суреттер, кеспе
әріптер, жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, кубизм
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Технологиясы: топтастыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
- Балалар, қазір қай сабақ?
- Әліппе сабағы-Әліппе сабағынан не үйрендіңдер?
Әріптерді, дыбыстарды жазып, айтып үйрендік. Өтілген дыбыстарды қайталап,
тиісті текшеге салу (қызыл-дауысты, көк-дауыссыз)
III. Өткен сабақты пысықтау.
Кубизм әдісі
1. Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)
2. Әріп дегеніміз не? (Көреміз жазамыз, айтамыз)
3. Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)
4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (Созылып айтылады)
5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (Қысқа айтылады)
6. Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? (Ғ ғ)
IV. Топтастыру.
Ғ ғ дыбысы туралы білетіндерін топтастыру.
Дауыссыз------------------ ұяң дауыссыз
жуан дауыссыз -------------сөздің ортасында көк текшемен белгіленеді ---------сөздің басында
V. Үй тапсырмасын пысықтау
Ат тағалау мәтінімен талдау- жинақтау
1. Мәтінде неше сөйлем бар?
2. Үшінші сөйлемдегі кісі аттарын ата.
3. Олардың жазылуын түсіндір
4. Бірінші, екінші сөйлемдегі бір буынды сөздерді тап.
VI.Жаңа сабақ
Жау, жау, жаңбыр, жау жаңбыр!
Жау егіннің көгі өссін,
Сұлудай бұраң құрақты,
Айдын шалқар көл өссін!
- Балалар, оқылған өлеңнің алғашқы жолындағы сөздер қандай дыбыстан
басталып тұр?
- Ж дыбысынан.
- Дұрыс айтасыңдар. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс - Ж ж дыбысы мен әрпі.
Жұмбақ шешу.
Бос жер қалмай аспаннан
Түнде шешіп тасталған
Моншақтардың аты не?
Қайсы әріптен басталған.
(Жұлдыз)
Оқулықпен жұмыс.
Жіп-дыбыстық талдау
48-беттегі буындарды оқу.
Жа, жо, жы, жу
жал, жол ,жыл, жуан
Суретпен жұмыс
Суретке ат қойып, сөйлем құрастыру
Мәтінді оқу
Дәптермен жұмыс.
Ж дыбысының ауада салынуын көрсету, элементімен таныстыру.
7-беттегі жазуға арналған жұмыстарды орындау
жаға
дыбыстық жалдауды үлгідегідей жазу
жалау
Оқулықпен жұмыс
Қарсы мәндес сөздерді орнына қойып, сөз тіркестерін оқу.
Жуан,тар, жаңа, ағаш, жол,орамал, аласа, тау
Қорытындылау «Баспалдақ» ойыны
Нені үйрендік?
Ж дыбысы қандай дыбыс? Мысал келтіру.
Үйге тапсырма:
Дәптер толтыру
Мадақтау
Жақсы қатысқан оқушыларға жапырақ, жұлдызша үлестіру.
Ж дыбысы мен әрпі
- тойгүл
- 14 қараша 2012
- 27707
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш, қазақ тілі, ж дыбысы мен әрпі
Ұқсас жаңалықтар:
Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү...Ұ дыбысы мен әрпі
1. Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін...О дыбысы және әрпі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Керимкулова Меруерт Бахытжановна...И дыбысы мен әрпі
Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Ж дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ж ж дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ж дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздегі орны туралы түсінік беру, берілген...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.