Сайтқа кіру Тіркелу

Киелі жеті саны

Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Киелі жеті саны
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету.
Жас ұрпақтың ұлттық салт-дәстүрде сөйлеу түрін дамыту. Сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту. Танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Әлемнің жеті кереметі», «Қазақстанның жеті кереметі» слайдтар, бейне фильм

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Психологиялық дайындық

Өнер де, ой да, білім де,
Өркендер ана тілінде.
Ананың тілін сүйгендер,
Сапалы білім үйренер
Оқушылар хормен:
Алу үшін сапа білім,
Ардақтаймыз ана тілін!

III. Үй тапсырмасын тексеру
Шешендік сөздер
Даудың шешімі
«Талассаң, бағаң кетеді»,
«Кінәлі аяқтар»
Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру.
1-топ Балабидің шын аты кім?
2- топ Бименбет қалай Балаби атанды?
3-топ Төрт кісі ешкіні қалай бөліп алды?

IV. Ой шақыру
1. Жігітке жеті өнер де аз.
2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
- Осы мақалдың ішінде қандай сандар естіліп тұр?

V. Топтастыру
7 Киелі сандардың қасиеті
Қазақ табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жалпы сандардың тек қана математика сабағында ғана емес, күнделікті тұрмыста да маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Сандар адам баласының ертедегі өмірінде ерекше қызмет атқарған. Қазақ халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Сол себепті қазақ халқы бұл сандарға «киелі» деген ұғымды байланыстырып айтқан.

Сол сандардың ішінде ерекше киелі сан−7
VI. Жаңа сабақ
«Киелі жеті саны»
Жеті байлық
Жеті ата
«Сөз маржанын төгейік»
Оқулықпен жұмыс
Жеті байлық
Бірінші байлық - денсаулық.
Екінші байлық - еркіндік
Үшінші байлық - тіл байлық
Төртінші байлық - қайрат-күш
Бесінші байлық - ақ жаулық
Алтыншы байлық - балаңыз
Жетінші байлық - жүз саулық

Өзің талдап көр
Ауру−сырқаудан аман болу, есен−саулық
Еркіндік, бостандық, тәуелсіздік
Ел тәуелсіз, еркін ел болса, ол өз тілінде сөйлейді.
Қайрат−күш, батырлық, батылдық
Ақ жаулық−ер азаматтың жары, әйелі.
Бала−өмірдің жалғасы
Жүз саулық−адамның байлығы, қорадағы малы

Шежіре - Туыстас, бір руға тән ұрпақтардың таралу жолы; Рулық, туыстық кесте.
Жеті атаның балаларын бір атаның балалары деп атайды.
Жеті ата − қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады:
ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын

Өлең жолын оқу
Бай болмасам ақылға, айтуымен атамның,
Дұрыс па әлде қате ме, мен айтайын, санашы.
Болады екен әкеге
1-ші ұрпақ – баласы.
2-сі – немере,
3-сі – шөбере,
4-сі – шөпшегі,
5-ші – немене,
6-сы – туажат,
7-сі – жекжаты.
Сергіту сәті
«Ұрпақ есебі»
Зерек жаттап қуанар, жамағайын мыналар.
Бармағың бұл туажат,
сұқ саусағың – жүрежат.
Ортаң қолың – жекжат,
аты жоғың – жұражат,
Шынашағың – жамағат.
«Өзіңді сынап көр» Кестені толтыру

Бірінші байлық - денсаулық.
Екінші байлық - еркіндік
Үшінші байлық - тіл байлық
Төртінші байлық - қайрат-күш
Бесінші байлық - ақ жаулық
Алтыншы байлық - балаңыз
Жетінші байлық - жүз саулық

Сабақты қорытындылау:
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні...»
«Бүгінгі даналық ұғымы сабағынан не алды?», «Нені үйренуім керек?» - деп ойлайсыңдар?

- Бүгінгі сабақта біз қазақ халқының 7 санын қалай құрметтегенін оқып білдік.
- Ендеше тақырып мазмұнына байланысты қандай мақалдар білеміз?
Жеті атасын білмеген жетесіз.
Бірінші байлық - денсаулық.
Оқушыларға және сабаққа қатысқан қонақтарға «Киелі сандар» кітапшасын естелікке тапсыру.

Бағалау:
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру:
«Байлық деген не?» тақырыбына шағын эссе жазу.
«Жеті байлық» жаттау
«Жеті ата» мәнерлеп оқу
Өз жеті атасын жазып келу.

Атырау обл, Исатай ауданы, Жанбай селосы
Х. Наубетов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Даулетова Тойгүл Мырзабекқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×