Көркем сөздің құдіреті
ШАҚА
1) Жүні жетілмеген балапан, төл, жаңа туған, нәресте;
2) Металл ақша, уақ тиын.
Қызыл шақа – жап - жас, әлі өсіп жетілмеген.
Мысалдар:
1. Тынымсыз кептер сорлы жүреді екен,
Жем тапса, төрт шақаға әкеп беріп.
(С. Сейфуллин, Көкшетау)
2. Болат кеп үңіле қарайды. Өртембер саулығы қоздаған... Жөнсіз қып - қызыл шақа қозы.
(М. Әуезов, Құм мен Асқар)
3. – Рақмет, - деді ол ересек адамша. – Мен значок жинап жүрмін. Тіпті менде әлі папам әкеп берген значогтар мен шетелдік шақалар да бар.
(Ш. Мұртаза, Ұзақ командировка)
4. Бірақ амалың нешәк, сен қызыл шақа болып жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке - шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген.
(Бердікбек Соқпақбаев, Менің атым – Қожа)
5. Жөргектегі қызыл шақа сәбидің
Саған түйген жұдырығын көрдің бе!
(Ә. Кекілбайұлы, Махамбет)
ДАУЫЛ
Бораннан да күшті құбылыстың бірі – дауыл.
Дауыл – борандата шаңдатқан, алай - дүлей осқырған жел.
Дауылды жел – ол ебі жел.
Қара дауыл – шаң - топырақты көтерер сойқанды жел.
Сонан соң ауа қысымының әр түрлі әсерінен болатын құбылыстың бірі – құйын.
Құйын – үйіріле, ұйтқып соғатын, жердегіні көкке үйіре көтеріп әкететін өте екпінді жел. Құйын – суық ауа мен жылы ауаның қосылуынан пайда болар, табиғи құбылыс.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Көркем сөздің құдіреті: шақа, дауыл сөздерінің мағынасы
- ramuk_b
- 12 қазан 2020
- 2538
- 0
- 0
Ілмек сөздер: шақа, дауыл сөздерінің мағынасы, көркем сөз
Ұқсас жаңалықтар:
Көркем сөздің құдіреті
ТЕТЕ 1) Арасында бала жоқ, бірінен кейін бірі туған; 2) Жас жағы шамалас, қатар, құрбы....Көркем сөздің құдіреті
ТЕЛЕГЕЙ Шексіз, ұшан - теңіз, мол, көп. Көбіне Телегей - теңіз (телегей теңіз) тіркесінде қолданылады, яғни ұшы - қиыры жоқ, өлшеусіз....Көркем сөздің құдіреті
БҰЙЫҒЫ 1) Тұйық, ұяң; 2) Біртоға, бірқалыпты. Бұйығу – тұйықтану; бүрісу....Зипа
ЗИПА Көрікті, сымбатты, сұлу, бәденді, шырайлы. Зипа бой – сұлу, бипаз мүсінді дене....Дауыл
Ышқына соққан дауылға Құмартушы ем жасымда. Нөсерлеп құйған жауында Қызығушы ем жасынға....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.