Көркем сөздің құдіреті
ТЕТЕ
1) Арасында бала жоқ, бірінен кейін бірі туған;
2) Жас жағы шамалас, қатар, құрбы.
Мысалдар:
1. Жатқызып тегіс үй ішін,
Қысып сүйді сіңлісін.
Сырлас тете бауырдан
Айырылу жеңіл ме?
(М. Жұмабаев, Жазғы түнде)
2. Кесілген Көкшетаудың даласынан,
Көк майса сансыз өлке саласынан.
Шолақпен тете шыққан Қажымұқан.
(С. Сейфуллин, Қажымұқан)
3. Өзіме тете командирлердің ішінде маған Курганскийдің өлімі қатты батты.
(Ә. Нұршайықов, Ақиқат пен аңыз)
4. Өмірмен тете бір өскен,
Өрсің - ау менің өз елім!
(М. Мақатаев, Өрге тарт, менің өр елім)
5. Әзімбайдың ерте алған бәйбішесінен туған алғашқы ұлдары он алты, он сегізге жетіп, тетелес өсіп келе жатқан.
(М. Әуезов, Абай жолы: 4 том)
6. ақ жалауды найза ұшына ілген нышанысынан бұл келе жатқан Қияқтың тетелес інісі Тұяқ екенін хан бірден таныды.
(І. Есенберлин, Көшпенділер: Жанталас)
БУДА
Жиналған, шоғырланған бір топ зат; бума, байлам.
Мысалдар:
1. қара сұр қазақ тілмаш бағана таңертең Жиреншенің қолынан бір топ кесек пұл және бір буда ұсақ ақша алған.
(М. Әуезов, Абай жолы: 3 том)
2. Үй ішінде көз тоқтатар текшелеген кітаптар мен іргеге жағалай жинастырған газет - журналдар будасы да мол - ды.
(Х. Есенжанов, Ақ жайық: 3 кітап)
3. «Тай» деген сөздің жылқы баласы деген мағынасынан өзгеше бума, байлам, буда, тең деген мағынасы бары белгілі.
(М. Әлімбаев, Өрнекті сөз – ортақ қазына)
4. Қайыспайтын қарағаш.
Мүйізіндей арқардың
Бұтағы буда қарағаш.
(Т. Жароков, Қарағаш)
5. Тайман. Білгенде мен білейін. Келген себебім де сол. (Чемоданынан бір буда қағаз алып, профессорға ұсынады).
(З. Қабдолов, Қабеннің құбылысы)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Көркем сөздің құдіреті
- ramuk_b
- 28 қыркүйек 2020
- 1725
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тете, буда сөздерінің мағынасы, қазақ тілінің фразеологиясы
Ұқсас жаңалықтар:
Көркем сөздің құдіреті
АЛАГЕУІМ 1) Таң жарығы әлсіз, күңгірт шақ, елең - алаң мезгіл; 2) Күңгірт, көмескі....Көркем сөздің құдіреті
ТЕЛЕГЕЙ Шексіз, ұшан - теңіз, мол, көп. Көбіне Телегей - теңіз (телегей теңіз) тіркесінде қолданылады, яғни ұшы - қиыры жоқ, өлшеусіз....Көркем сөздің құдіреті
БҰЙЫҒЫ 1) Тұйық, ұяң; 2) Біртоға, бірқалыпты. Бұйығу – тұйықтану; бүрісу....Зипа
ЗИПА Көрікті, сымбатты, сұлу, бәденді, шырайлы. Зипа бой – сұлу, бипаз мүсінді дене....Боркемік, бұла
Бос, болбыр, осал, жасық. Мысалдар: 1. Бой түзеген, боркемік. Күлкі ғой, күйшіл, көңілшек! (Д. Бабатайұлы, Замана сазы)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.