Сайтқа кіру Тіркелу

М.Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінің сюжеті,кейіпкерлер галереясы

Пән Қазақ әдебиеті
Мұғалім Алписова С. С.
Мектеп, сынып "Саумалкөл №1 орта мектебі" КММ, 8 - сынып
Сабақ тақырыбы М. Әуезов. «Қараш - Қараш оқиғасы» повесінің сюжеті, кейіпкерлер галереясы

Смарт мақсаттары: шығарманың қалған бөлімдерін толық талдайды, толық мазмұнынбіледі. кейіпкерлерге мінездеме береді, салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
- повестің тақырыбы мен идеясын талдай алады;
- шығарманың әлеуметтік мәніне үңіліп, пайым жасай алады;
- шығармадағы кейіпкерлердің іс - әрекетіне баға береді, топ ішіндегі белсенділігі артады.
АҚТ қолдану дағдылары: Bilimland. Kz сайтының ресурстары, АсtivInspire бағдарламасы, «Фильм дидактикасы».
Пәнаралық байланыс: Тарих пәні, қазақ тілі.
Осыған дейін меңгерілген білім: үй жұмысы ретінде шығарманы оқып келу тапсырылды.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: фильм дидактикасы, сұрақ - жауап, ой бөлісу, талдау.

жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс - әрекеттер Дерек
көздер
сабақтың басы
1минут Сәлемдесу. Оқушыларға жаңа білім алуда сәттілік тілеу.
І. Қызығушылықты ояту.
Топ мүшелерінің қызметі: тәртіп басшысы, уақыт шектеуші, бағалаушы, хатшы, көрнекілік менеджері, хабаршы (әр топ мүшелерінің қызметін өздері бөліп алады. А - 4 қызметті түсіндірген қағаз беріледі).
ІІ. Болжау стратегиясы арқылы тақырыпқа шығу.

Мына үзінді повестің қай бөлімдерінде ашылған?
Бақтығұл не себепті боз биені ұрлады?
Қандай қатыгездік көрдің?
Қандай бөлімдерді талдаған жоқпыз?
– Ендеше, оқушылар бүгінгі сабаққа мақсат қояйық.
– Қәне, қандай мақсат қоямыз?
– Оқушылар қойған мақсатты дәптерлеріне жазады
https://www. youtube. com/watch? v=W9kug2oeMeE
ІІІ. Мағынаны тану.
Кітаппен жұмыс Айтылым. Тыңдалым, жазылым.
ІV бөлім.
Мұғалім бейнетаспадан повестің бөлімінен үзінді оқиды.
– Мұншалық қорлыққа жеткізді - ау! Панасыздың көрері осындай итшілік күн болмай, не болушы еді... Енді сүйенетін кісі таппай болмас Қорған таппай, тірлік жоқ болды ғой. Барыңды беріп, құл болсаң да, кешегі Сәлмен айтқан кеселден сақтап қалар біреудің қолтығына кірмеске лаж жоқ.
Мұғалім сұрағы: – Әрі қарай не болады?
Оқушылардан сұраймын. Оқушылар өз ойларын, жауаптарын дәптерге жазады, айтады. Бір жақсы оқитын оқушы тиянақтап айтады.
VI бөлім Мұғалім бейнетаспадан повестің бөлімінен үзінді оқиды.
- Құр беталды өз пәлеңді жұқпайтын кісіге жұқтырамын деп шапшыма, білдің бе! Ұры сенсің, мен емеспін. Жеген сенсің, мен емеспін. Өлер болсаң Сәрсен екеумізге қақтықпай өл.
жұмыс барымтаға да, партияға жанаспайды, басы ашық ұрлық. Бұл бізге ғана емес, Жарасбайға да жармасар, Болыс маған осы сөзді билерге айтып кел деп әдейі жіберді.
Мұғалім сұрағы: – Бұл кімнің сөзі? Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?
– Өз ойларыңды жазыңдар. Оқушылар өз ойларын жазады, айтады. Бір жақсы оқитын оқушы тиянақтап айтады.
ІV. Bilimland ресурстарын қолдану.«Қараш - Қараш» оқиғасы туралы қысқаша түсінік. Мұғалім ресурстан даусын өшіріп суреттерді көрсетеді, топтар әр кейіпкер туралы мәлімет береді.

№649. Мұхтар Әуезов. «Қараш - Қараш оқиғасы»
Мазмұны
«Қараш - Қараш оқиғасы» повесі туралы қысқаша түсінік
Шығарманың аудионұсқасы
Глоссарий
1 - тапсырма
2 - тапсырма
Тест
Қорытынды
Әр топтың хатшысы жазып отырады, хабарлаушы жасаған тұжырымдарын айтып шығады. Уақыт шектеуші уақытты белгілеп айтып отырады. Бағалаушы бағалап отырады.
Осы үлгіде:
Оқиғаның кейіпкері Іс - әрекеті Адами қасиеті Баға беру
Бақтығұл

Жарасбай
Тоқпаев
V. Жұптық жұмыс. « А», «В», «С» оқушылар өз жұбына айтады
1. «С» оқушыға жеке тапсырма. «Мен Бақтығұлдың орнында болсам қайтер едім?» өз ойыңды айт
2.«В» оқушыға жеке тапсырма. «Мен Қатшаның орнында болсам қайтер едім?»
3. «Мен байдың орнында болсам қайтер едім?»

https://wwwyoutube. com/watch? v=W9kug2oeMeE

VI. Фильм дидактикасы.
Фильм мен шығарманың шығу тарихы туралы ойыңызды жазыңыз. Сұхбат Тұрар Рысқұлов пен М. Әуезов ой өрбіту

VI. Сабақты бекіту.
№649. Мұхтар Әуезов. «Қараш - Қараш оқиғасы»
Мазмұны
«Қараш - Қараш оқиғасы» повесі туралы қысқаша түсінік http://bilimland. kz/
Шығарманың аудионұсқасы
Глоссарий
1 - тапсырма
2 - тапсырма
Тест
Қорытынды
http://bilimland. kz/kk/home#lesson сайтындағы 1 және 2 тапсырманы орындау.
Топпен тест тапсырмаларын шешу.
VIІ. Кері байланыс.
«Ыстық картоп» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын. (Оқушыларға картопты лақтырамын.
«Сен үшін не қызықты болды?»,
«Сен не үйрендің?»,
«Сен не түсіндің?»,
«Не қиын болды?» деген сұрақтар жазылып тұрады. Картопты лақтырғанда әр топтан 2 оқушы сұраққа жауап береді).
VIІІ. Бағалау
Үй тапсырмасы:«Шығармадағы Бақтығұл туралы өз». Ой - толғау жазу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×