Сабақтың тақырыбы: Диктант
Сабақтың мақсаты:
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты, мейірімді, кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.
Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру;
Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.
Ағайындар
Құнанбай аға сұлтан болды да, өзгелерінің қатарынан озғындап кетті. Онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. Әрі қолы ұзын малды. Сөзге жүйрік мінезбенен іске де алғыр. Осының бәрі өз ортасын бойымен басып жыға беруге себеп болатын. Бірақ, Құнанбайдың мықты жері тобықты іші болса, әлсіз жері де осы тобықтының ішінде. «Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады». Сол қанаты мен құйрығы - ел ішінде өзі тұстас ру басылар. Осы Байсал, Бөжейлер.
Осылар соңғы бір жыл бойында бұрынғыдай ашық - жарқын емес. Іштей Құнанбаймен аңдысып қалған сияқты. Оны Құнанбай біледі. Бірақ, осындай қын қосарына ілестірсе болғаны. Түбі, бәрінің де бағатын таразысы – ел. Сол елдің алдында байлауды Құнанбаймен бірге байласқан. Осылар болған соң жетті. Күйсе Құнанабайлармен бірге күйеді. Ал, ішінде не жатыр, оны білмейді. Олай болса, Құнанбайдың да сырты бұлардың ішін білмеген, елемеген кісі тәрізді болатын.
Бөжей - қалың жігітектің адамы. Бұрын орталарынан Кеңгірбайдай теріс азу, мықты биі шыққан ел. Бертінде ұрыншақ, қолшыл болып және барымташы, жортуылшы жігіті көп шықты. Шетінен сөзуар жігітек. Байсал да сондай мол ру көтібақтың тұрғысы. Бұл, әсіресе, мал көбейтіп, жерді мол қамтуға тырысатын, көптігіне сеніп, анау - мынаудан онша ағайынды елдер ішінде ең азы - бөкеншінің кісісі. Мал, дүниеге шағыны да осылар. Бөкеншінің кірмелеу туысы - борсақ. Жаңағы бұлар сөз қылған Қодар - сол борсақ болатын.
Құнанбай болса ырғызбай руынан. Бұл бас жағына келгенде жігітектен де, көтібақтан да аз. Бірақ әрі малды, әрі көптен бері тобықтыны билеп – төстеп келе жатқан ауылдар.
Мұхтар Әуезов (207 сөз)
Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.
Үйге тапсырма: қайталап келу.
Қазақ тілі 10 сынып. Диктант "Ағайындар"
- ramuk_b
- 21 қазан 2019
- 38031
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Қазақ тілі 10 сынып, диктант ағайындар
Ұқсас жаңалықтар:
Диктант "Ұрпақ-өмір жалғасы" Қазақ тілі 9 сынып
Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру. ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты...Қазақ тілі 9 сынып. Диктант "Тоғжан аулында"
Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру....Қазақ тілі 11 сынып. Диктант "Даланы сағыну"
Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру. ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты...Қазақ тілі 9 сынып. Диктант "Қысқы түн"
Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №1
Абайдың жасы 13 - ке тақалды. Орыс мектебінде 3 ай оқымай, ауылға қайтсын деп әкесі Байтас және Жұмабай деген кісілерді жібереді. Ауылға үш күндік...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.