Жұмбақтар (әртүрлі)
Адам көтерген шатыр,
Қалқып келе жатыр. (Парашют)
Қопарып қартысты,
Келеді бір тісті. (Соқа)
Күндіз сөйлеп тынымсыз,
Түні бойы тұр үнсіз. (Радио)
Өзі зәрлі,
Бергені нәрлі. (Ара)
Күні - түні ояу,
Шаршамайсың сол-ау. (Сағат)
Кейпі – пілдей,
Көлемі – тілдей. (тышқан)
Арқаға екі бөлгенді,
Үшке жарып өрген-ді. (бұрым)
Өртенбеген өңеші,
Қайнамайды о несі. (самаурын)
Етегінде қалтасы,
Қалтасында баласы. (кенгуру)
Шаң жұтып жатқан:
Ішегін тартқан,
Ұзын арқан. (шаңсорғыш)
Оттай ыстық табаны,
Мыж-мыж қыртысты,
Тігісті жазып барады. (үтік)
Жарықта көрмес кәріп,
Түнде тұр көзді қарып. (электр шамы)
Өңшең ала жатыр
Жататыны, шала жатыр.
Піскендері үзіліп жатыр,
Піспегендері тізіліп жатыр. (қарбыз)
Жастық шақта қара орман,
Қартайғанда ағарған (шаш)
Дәнге толы табағын,
Көтеріп тұр сабағы.
Төңкермеген бәрін де,
Төкпейді бір дәнін де. (күнбағыс)
Ұшып жүр күймелі,
Қалайы инелік. (тікұшақ)
Оранып көп жапыраққа,
Өсіп жатыр атырапта. (капуста)
Тураймын деп өзін,
Жасаурап тұр көзім (пияз)
Бұралып қос құлағы,
Күмбір қағып тұрады. (домбыра)
Ну орманда отыр,
Күндіз көрмес соқыр. (Үкі)
Құлаштап лақтырған,
Басын қаптырған. (қармақ)
Төрт тесіктен өткен не,
Қадап оны кеткен не? (түйме, ине)
Бақшадан күндей жатты
Сонда да піспей қапты.
Шикісінде қатты,
Асып жесең тәтті. (Асқабақ)
Табан тайған,
Қатып қалған,
Жылтыр айнам (мұзайдын)
Бұл үйдің жоқ, дұрысы,
Бала тұрар бұрышы. (киіз үй)
Бар басында үкісі,
Қабат - қабат күпісі
Қатар - қатар кіл тісі. (жүгері)
Сап - сары боп түзде жатыр,
Ішінде ұрық жүздеп жатыр. (қауын)
Бергенмен аумақты,
Бермепті оған салмақты. (қаңбақ)
Тапқан басқа,
Басқан басқа,
Сормаңдай қасқа. (шөже)
Із тастап, жүзер,
Суалып бітер. (қалам)
Айтқанды айтқан,
Қайталап жатқан.
Торда ұстап баққан (тоты құс)
Айдалада алыс,
Жатыр темір ауыз.
Аяқтан қабар жауыз. (Қақпан)
Аяқпен теп,
Баспен соқ.
Қол тигізбе,
Құқың жоқ. (Аяқдоп)
Бірін - бірі шаршы,
Алпыс төрт шаршыда,
Жиырма төрт қарсы. (дойбы)
Жерге түсірмеу үшін допты,
Қос қолмен қағып,
Бір қолмен соқты. (волейбол)
Көтере алар өлшемі,
Ілгегіне іліп ап,
Он килоның мөлшері. (безбен)
Мейлің қалай лақтыр,
Жерге тимес арқасы,
Төрт аяқпен тақ тұр. (мысық)
Ескен Елубаев кітабынан алынды
Жұмбақтар әртүрлі
- aiboll
- 12 мам 2020
- 44055
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Жұмбақтар, жұмбақтар жинағы, әртүрлі жұмбақтар, Ескен Елубаев
Ұқсас жаңалықтар:
Жатыр өлеңі
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр, Кілтін өнер-білім ашып жатыр. Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп, Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр....Аспан туралы мақал-мәтелдер
Алпыс күн аспанға қарағанша, Алты көште айдынға құла. Аспаннан шұға жауса да, Сорлыға ұлтарақ тимес....Жетпіс жұмбақ №7 Абдрахман Асылбек
Құрт іліп, суға малып алдым, Тереңнен балық алдым. (Қармақ)...Жетпіс жұмбақ №3 Абдрахман Асылбек
Екі аяқты желаяқ, Артсаң болды сен аяқ, Жетем деген жеріңе Жеткізеді оңай - ақ. (Велосипед)...Өсімдік, жеміс, көкөніс, дәнді дақылдар туралы жұмбақтар
Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ, Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ. Ішінде көп балапан етер мекен, Ас қылып сойып жесең балдай екен. (Қарбыз)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.