Сайтқа кіру Тіркелу

Жұмбақтар (өсімдіктер туралы)

Өсімдіктер туралы жұмбақтар

Үйде күтіп,
Баптаған,
Үстінде бар қаптаған,
Тікенектері түрпідей,
Өсімдік бұл –
Кірпідей. (Кактус)

Сыйдиған бойы –
Сырықтай,
Жапырағы үлкен –
Ұлтандай,
Даңғарадай баскиім
Басына киген сұлтандай. (Пальма)

Құмырада өсер өзінен,
Көп емге дәрі алады,
Сабағын жарып,
Жапсырсаң,
Тез жазады жараны. (Алоэ)

Жеке жеуге келмейтін,
Бұл жемістің
Жайы мүшкіл,
Құмшекерге аунатып,
Жемесең,
Дәмі қышқыл. (Лимон)

Татайтұғын үйлердің
Қабырғасын шырмап,
Өрлей шыққан биікке
Альпинистей бұл нақ. (Шырмауық)

Салқындатып –
Қайнағын,
Сусын етіп ішкенге,
Шипажайда әрдайым
Қояды оны үстелге. (Итмұрын)

Бір - біріне жабысқан,
Құжынаған дәндері.
Шығатын бір қабықтан,
Қызыл нарттай бәрлері. (Анар)

Бұтақта тұрса салбырап,
Электр – шамы дәл.
Піскен кезде албырап,
Жесең шіркін,
Дәмі – бал. (Алмұрт)

Орманда өскен,
Қалпақты,
Теріп алсаң,
Дәм тәтті.
Қуырып,
Асып жемесе,
Бөшкеде тұздар,
Немесе. (Саңырауқұлақ)

Шағып жесе талайдың
Ұнататын дәмі,
Миына ұқсас адамның
Ішіндегі дәні (Жаңғақ)

Одан тоқ –
Дән жоқ,
Сорпа жасар нәрлі,
Ботқасы да дәмді.
Көкшіл түсті бәрі,
Одан үлкен –
Бидай,
Одан кіші –
Тары. (Бұршақ)

Белшесінен су кешіп,
Күні - түні тұр өсіп,
Айтар болсақ, анығы,
Бұл дақылдың –
Балығы. (Күріш)

Күнге басын бұрады,
Бағып оны тұрады.
Пайдалысы бәрінен,
Көп зар алар дәнінен,
Қорытқанда -
Майың,
Ұны болар –
Наның,
Жинап шауып ал да,
Азық жаса малға. (Жүгері)

Бойындағы шырыны
Алты ай жазда түзілген.
Сабағынан жемісі
Моншақтардай тізілген. (Жүзім)

Қабығынан кім мұның
Шәркей,
Себет өреді,
Құйып ап аққан шырының,
Сусын қып ішіп келеді. (Қайың)

Шыбығымен бір буда
Шайынасың моншада.
Шәй да жасап ішеді,
Хош иісті гүлі соншама. (Жөке)

Канада елі туына
Жапырағы салынған,
Тазартады ауаны
Бойына тартып қалың шаң. (Үйеңкі)

Екі мың жыл жасайды,
Бұл ағаш өскен далада.
Алып ол –
Жасыл қолшатыр,
Жаңбырда болар сая да. (Емен)

Діңі жұмсақ болса да,
Тіп - тік шырқап өседі.
Осы ағашпен ауланы,
Көгалдандырар көшені. (Терек)

Қарлы туда өскен соң,
Шықпайды одан аңқып иіс.
Теру үшін бұл гүлді
Болу керек альпинист. (Еңлікгүл)

Осы гүлдің – Отаны,
Қазақ жері деседі.
Кенелтіп жүр пайдаға,
Голландияда көшеті. (Қызғалдақ)

Ескен Елубаевтың кітабынан алынды
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×