Түсі әппақ қардай,
Тәттілігі балдай. (Балмұздақ)
Тыста – арқандаймын,
Сыныпта – партаңдамын. (Портфель)
Көк тіреген діңгек тұр,
Бар әлемнен сыр кеп тұр. (Телемұнара)
Құрт іліп, суға малып алдым,
Тереңнен балық алдым. (Қармақ)
Қысты күні қаптап,
Қонып жатыр бақбақ. (Жапалақ қар)
Сексен сегіз тілі бар,
Сан құбылған үні бар. (Фортепиано)
Тегі - тышқан,
Өзі – құстан.
Күндіз ұйықтап,
Түнде ұшқан. (Жарқанат)
Мың - миллион пернелі
Домбыраны көрген кім? (Темір жол)
Ұстарамен алынбас,
Ұйысып тұр қалың шаш (Егін)
Отты өшіреді,
Шөпті өсіреді. (Су)
Жетпіс жұмбақ №7 Абдрахман Асылбек
- aiboll
- 11 наурыз 2017
- 6821
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жұмбақтар жинағы, Абдрахман Асылбек
Ұқсас жаңалықтар:
Жетпіс жұмбақ №6 Абдрахман Асылбек
Бір сусын бар жұртымда, Ішсең – уыз ұртыңда. Бәрі содан шығады: Ірімшік, май, құртың да. (Сүт)...Жетпіс жұмбақ №5 Абдрахман Асылбек
Қарт емес – Тәтті. Мұз емес – қатты (Науат)...Жетпіс жұмбақ №4 Абдрахман Асылбек
Бір зат бар тілі жоқ, Ал, сөзінде міні жоқ. (Хат)...Жетпіс жұмбақ №3 Абдрахман Асылбек
Екі аяқты желаяқ, Артсаң болды сен аяқ, Жетем деген жеріңе Жеткізеді оңай - ақ. (Велосипед)...Жетпіс жұмбақ №1 Абдрахман Асылбек
Он таңбалы – цифрлы, Әрекеті сиқырлы. Керек санды қоссаң сен, Сөйлесесің достармен. (Телефон)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.