Сайтқа кіру Тіркелу

ЭЕМ архитектурасы мен функционалды принциптері. ДК техникалық сипаттамалары

Пән: Микропроцессорлық техника негіздері

Сабақтың тақырыбы: ЭЕМ архитектурасы мен функционалды принциптері. ДК техникалық сипаттамалары.
Эпиграф:
Сабақтың мақсаты: білімділік: білім алушыларды дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету.
дамытушылық: білім алушыларды компьютерді одан әрі тереңірек, оған деген қызығушылығын, жалпы ойлау қабілетін дамыту.
тәрбиелік: білім алушыларды адамгершілікке, үлкенге - құрмет, кішіге - ізет көрсетуге, тазалыққа, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: информатика «ЭЕМ архитектурасы мен функционалды принциптері»
Оқыту құралдары: интерактивті тақта, дербес компьютер және оның құрылғылары, карточкалар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
Дәрісхана тазалығын тексеру, білім алушыларды түгендеу, ұйымдастыру,
2. Үй тапсырмасын сұрау
2. Тапсырма. Процессор үшін дұрыс тұжырымдарды боя.

Бұл компьютердің ең басты бөлігі
Бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі
Бұл компьютердің «Миы»
Компьютердің барлық жұмысын басқарады
Деректер мен бағдарламаларды көп уақыт сақтайды.
Бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды және таниды
Бір құрылғыдан басқа құрылғыға деректер беру қызметін атқарады
Жадпен бірге жұмыс істейді
Компьютердің кез - келген әрекетіне қатысады
Аналық тақшада орналасқан
Компьютерге контролер арқылы қосылады
Көптеген сымдардан тұрады
Ол басты микросхема
Шапшаң әрекеттілігімен сипатталады

3. Жаңа тақырыпты меңгерту
Конспект №3 Қоса беріледі. ЭЕМ архитектурасы мен функционалды принциптері. ДК техникалық сипаттамалары.

4. Бекіту
1 тапсырма. Техникалық диктант.
1. Процессор – компьютердің негізгі.........
2........-(ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.
3..........- мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді.
4. Процессордың ішкі ұяшықтары........ деп аталады.
5........- мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар.
2 тапсырма. Жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ) үшін дұрыс бес пайымдау жаз
1. Бұл компьютердің ішкі жады.
2.
3.
4.
5.

5. Сабақты қорытындылау
(білім алушыларды бағалау)

6. Үй тапсырмасы
Тақырып оқу. 5бет «Микропроцессорлық техника негіздері»М. Айтбаева


Конспект №3
Сабақтың тақырыбы: ЭЕМ архитектурасы мен функционалды принциптері. ДК техникалық сипаттамалары.

ЭЕМ - нің құрылымы
Компьютер құрылымы дегеніміз оның функциональды элементтері мен олардың арасындағы байланыс жиыны.
Кез келген компьютердің құрылымы ортақ логикалық принциптерге негізделген және мынадай негізгі құрылғылардан тұрады:
• орталық процессор, ол басқару құрылғысы мен арифметика - логикалық құрылғыдан тұрады, барлық есептеу және информацияны өңдеу жұмыстарын орындайды, негізгі сипаттамалары: әрекет тездік (бір секундта орындалатын амалдар саны) және разрядтылық;
• жад (есте сақтау құрылғысы) - бағдарламаларды, мәлiметтердi және жұмыс нәтижелерiн компьютер жадысында сақтауға арналған.
• информацияны енгiзу, шығару құрылғылары. Енгiзу және шығару құрылғылары ЭЕМ жадысына информация енгiзудi және оны сыртқа шығаруды, яғни сыртқы дүниемен информация алмасуды қамтамасыз етедi.
• қосымша құрылғылары
Микропроцессор (МП) - компьютердің барлық бөліктерінің жұмысын басқаруға, ақпаратпен логикалық және арифметикалық операцияларды орындауға арналған орталық бөлік.
Микропроцессор құрамы:
• басқару құрылғысы (БҚ);
• арифметика - логикалық құрылғы (АЛҚ);
• микропроцессорлық жад (МПЖ);
• Микропроцессордың интерфейстік жүйесі.
Басқару құрылғысы
Басқару құрылғысы компьютердің ең күрделі құрылғыларының бірі. Ол кодты шиналар арқылы машинаның барлық блоктарына берілетін басқару сигналдарын өңдейді.
Бұйрық регистрлері – еске сақтаушы регистрлер, мұнда операцияға қатысушы бұйрықтар кодтары, орындалатын операциялар кодтары мен операндтар адрестері сақталады.
Операция дешифраторы – логикалық блок, ол регистрден келіп түскен операция коды бар бұйрыққа сәйкес өзіндегі көптеген шығу ұяларының бірін таңдайды.
Арифметика – логикалық құрылғы (АЛҚ)
Арифметика – логикалық құрылғы ақпаратты түрлендірудің логикалық және арифметикалық операцияларын орындауға арналған.
АЛҚ - ның функционалды схемасы
• Қосқыш – есептеуіш схема, ол өзіне келіп түскен екілік кодтарды қосуды орындайды.
• Регистрлер әртүрлі ұзындықтағы шапшаң орындаушы жад ұяшықтары.
Микропроцессорлық жад – көлемі үлкен емес, бірақ шапшаңдығы өте тез (бұл жадыдағы ақпаратты іздеуге, жазуға немесе оқуға қажетті уақыт наносекундпен өлшенеді). Ол ақпаратты уақытша сақтауға арналған.
Жад функциясы:
• басқа құрылғылардан ақпаратты қабылдау;
• ақпаратты есте сақтау:
• машинаның өзге құрылғыларының сұранысы бойынша ақпаратты беру.
• Процессор функциясы:
• арифметикалық және логикалық операцияларды орындау арқылы берілген бағдарламада мәліметтерді өңдеу;
• компьютер құрылғыларының жұмысын бағдарламалы басқару.
Жүйелік шина – бұл компьютердің барлық құрылғыларының бір бірімен байланысын қамтамасыз ететін негізгі интерфейстік жүйе.
Жүйелік шинаның негізгі құрылымы:
• мәліметтердің кодтық шинасы;
• адрестердің кодтық шинасы;
• ережелердің кодтық шинасы;
• қоректену шиналары.
• Компьютердің еске сақтау құрылғысы: Жад: Ішкі жад және сыртқы жад. Ішкі жад: жедел жад, кэш жад, арнайы жад. Сыртқы жад: Қатты магниттік дискілер, иілгіш магниттік дискілер, компакт дискілер, магниттік оптикалық компакт дискілер, магниттік ленталар.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Компьютердің құрылымы

Компьютердің құрылымы

Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютер тек бір адамға жұмыс жасауға арналған. Бүгін біз ДК құрылымы мен...
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: компьютердің құрамына кіретін...
Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің  ...

Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің ...

Қарағанда қаласы, Қазыбек би ауданы, №21 негізгі мектеп мұғалімі: Нурмаганбетов Талгат Сабитович...
Компьютер жадының түрлері. Ақпарат тасымалдауыштар

Компьютер жадының түрлері. Ақпарат тасымалдауыштар

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп-балабақшасы Информатика пәні мұғалімі Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы Сабақтың тақырыбы: Компьютер жадының...
Компьютердің сыртқы жады

Компьютердің сыртқы жады

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×