Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы.
КММ Крупская атындағы орта мектеп-балабақша
Информатика мұғалімі: Рахимова Майра Жексембайқызы
7 сынып
I. Тақырыбы:
Құрал-саймандар және пішімдеу тақтасы.
II. Мақсаты:
WordPad графикалық редакторындағы құрал - саймандар тақтасын пайдалана отырып оқушыларға жұмыс істеу. Жазған мәтінді бояу, қаріп өзгерту және жартылай қалың әріппен, курсивпен, астын үздік сызықпен өзгерту.
III. Тәрбиелік мәні:
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ынтасын арттыру, дағдысын қалыптастыру, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
IV. Көрнекілігі:
ДК-де жұмыс істеу. Таратпа материалдар, плакаттар, жұмыс дәптері.
V. Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Құрал-саймандар және пішімдеу тақтасы
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдалынатын командаларды шақыру
батырмалары бар. Әрбір батырманың міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырамыз, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
Терезеде орналасқан екінші тақта – бұл пішімдеу тақтасы. Бұл тақтада да мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау бағдарламалары орналасқан.
WordPad бағдарламасында екі меңзер болады: кірістіру нүктесі және I-меңзері.
Кірістіру нүктесі өшіп-жанып тұратын тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде символдың қай жерде пайда болатынын көрсетеді.
I- меңзер терезенің жұмыс аймағында маус нұсқағышы латынның I әрпінің түрінде болады.
Орындалатын ойындар мен тапсырмалар:
1. «Өзін-өзі оқыту»
2. «Деңгейлік тапсырма»
3. «Қатені тап»
4. «Мені түсін»
5. «Өрмекші»
6. «Ақ қар ойыны»
Тапсырма
I-деңгей
1. Мына ағаш өрік
Танып алшы көріп.
Піскен кезде аламыз
Жемістерін теріп.
2. Мынау ескі бөрік,
Ою басқан өріп.
Басқы әрпін алып көр,
Болсын қайта өрік
II- деңгей.
2. Сен оқушы баласын
Таныған капір қарасын.
Ойлай білсең осылай
Талай жерге барасың
3.Қасыма келсең жылайсың,
Ащы деп те сынайсың.
Келмеймін деп ойласам,
Керек деп өзің сұрайсың
III- деңгей
Үстіне тігіп көк шатыр
Астында қызыл дәу жатыр
Жіпке ілдім мен өзім
Кіп-кішкентай күн көзін
Тақия толған сөк
Ерте тұрсам жоқ
Қатені тап ойыны:
Қате жазылған мәтін берілді. Соның қатесін табады.
Мені түсін ойыны
Батырмаларды көріп оқып шығады да, соның ішінен бірнеше сөзді жатқа жазады.
Өрмекші ойыны:
Сұрақтар беріледі сол сұраққа әрбір оқушы жауап береді.
Ақ қар ойыны:
Парақ таратылады.
Белгілі
Жаңа
Негізгі
Осы параққа оқушылар сабақ бойында алған өз ойын жазады.
Сабақ соңында жауабына байланысты фишкалармен бағаланады.
Оқушының бағасы бағаланады.
Үйге тапсырма 5.1 тақырып жұмыс дәптері
Құрал-саймандар және пішімдеу тақтасы
- Балғын
- 10 мам 2012
- 8521
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, Құрал-саймандар, пішімдеу тақтасы, информатика
Ұқсас жаңалықтар:
Калькулятор бағдарламасы және оның мүмкіндіктері
Калькулятор сөзі - латынның calculator – «санағыш» деген сөзінен шыққан. Калькулятор – сандармен немесе алгебралық формулалармен амал орындау үшін...Мәтінді пішімдеу
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға құжаттың құрылымы, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжатты құруға, дұрыс сақтауға үйрету; Тәрбиелік:...Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі
ОҚО, Сарыағаш ауданы, № 117 "Жолбасшы" жалпы орта мектебінің информатика пән мұғалімі Арипов Бекжан...WORDPADбағдарламасын іске қосу
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №2 мектеп - гимназия Информатика пәнінің мұғалімі: Кулмурзина З. Ж....WordPad мәтіндік редакторына кіріспе
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторына кіріспе Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.