Сайтқа кіру Тіркелу

Қызықты информатика сайыс сабақ

Қызықты информатика сайыс сабақ
Информатика 7 сыныптар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бойындағы алған білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық: Жаңа әдіс - тәсілдерді, қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, сапалық сипаттағы алған, білімдерін дамыту
Тәрбиелік: Білімін, білігін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ
Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация
Сайыстың шарттарымен таныстыру:
Құрметті әділқазылар, ұстаздар, сайыскерлер, оқушылар «Қызықты информатика» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл сайысымызға 7А сыныбынан 2 топ қатысқалы отыр. Олар: «Акпарат», «Компьютер», ең алдымен бүгінгі сайы сабағымызға әділ бағаларын беретін әділқазылармен таныстырып өтейін.

Ендеше сайыс сабағымыздың шарттарымен таныс болайық:
I. Кезең «Кім жылдам»?
II. Кезең «Құпия жәшік»
III. Кезең «Полиглот»
IV. Кезең «Бұл не»?
V. Кезең «Жұмбақтар сыр шертеді»
VI. Кезең «Жарыстыра жарысу»

I. Кезең. «Кім жылдам»?
Бұл кезеңде әр топқа бір сөз беріледі, сол берілген сөздерді, берілген FSII коды кесте бойынша жылдам әрі қатесіз кодтау қажет. 5 ұпай
I топқа: ПРИНТЕР (8F, 90, 88, 8D, 92, 85, 90)
II топқа: СКАНЕР (91, 8F, 80, 8D, 85, 90)
II. Кезең «Құпия жәшік» экраннан әр топқа арналған сұрақ беріледі, егер жауап бере алмаса келесі топ жауап береді. Әр сұраққа 5 ұпай беріледі

«Процессор» тобына
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрастырды. Дөңгелек орнын цилиндрді қолданғанда. Бұл құрал күрделі қосу мен алу амалдарымен қоса көбейту, бөлу амалдарын квадраттау амалдарын орындайтын болды. Осы арифмометрдің негізін ала отырып орыс өнер тапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер қандай есептеу құралын жасады? Бұл жәшіктің ішінде қандай құрал?

Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектептің
информатика пәнінің мұғалімі
Рыскалыев Жанболат Ондасынович

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×