Сайтқа кіру Тіркелу

Арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның n мүшесінің қосындысын табу

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы.
КММ Крупская атындағы орта мектеп - балабақша
Информатика мұғалімі: Рахимова Майра Жексембайқызы

Тақырыбы: Арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның n мүшесінің қосындысын табу.
Мақсаты:
1. оқушылар арифметикалық прогрессияға берілген есептерді Паскаль тілінде бағдарлама құру.
2. оқушылар арифметикалық прогрессия есептерін Паскаль тілінде бағдарлама құра білу.
3. оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, дағдысын қалыптастыру.

Типі: Кіріктірілген сабақ ( математика + информатика)

Түрі: Практикалық сабақ

Технология түрі: «Модульдік оқыту технологиясы»
Маден Марленқызы Жанпейісова

Көрнекілік: Компьютер, І, ІІ, деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақта, электрондық тест

Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру
2.Ұй тапсырмасы. (Интерактивті тақта арқылы «сұрақ-жауап» әдісімен қайталау)
3.Жаңа сабақ
4.Бекіту: Тест шешу /компьютермен/.
5.Үйге тапсырма
5. Бағалау:

Жаңа сабақ
Арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның n мүшесінің қосындысын табу.
Практикалық сабақ
Сыныптағы оқушыларды сабақ басталар алдында І, ІІ топтарға бөлеміз.
Модуль бойынша өтілген тақырыпты оқушылармен бірлесіп, интерактивті тақтаның көмегімен сұрақ-жауап арқылы қайталап еске түсіреміз.Өткен тақырыпты қайталап болған соң, екі топқа бөлінген оқушыларға І, ІІ деңгейлік тапсырмалар таратылады.

І топ орындарында отырып прогрессияға берілген мына деңгейлік есептерді орындайды.

№1 тапсырма
1.Жалпы мүшесі: 1/n+2 формуласымен берілген сан тізбегінің алғашқы үш мүшесін есептеңдер.
2.Тоғызыншы мүшесі 18-ге, ал үшінші мүшесі 6-ға тең.Арифметикалық прогрессияның айырымын табыңдар.
3. 4, 9, 14, ... арифметикалық прогрессияның 304-ке тең мүшесінің реттік номерін табыңдар.

ІІ топ компьютерде, Pascal бағдарламалау бағдарламасын пайдаланып мына есепті орындайды.
№2 тапсырма
4. 8, 11, 14, ... арифметикалық прогрессияның 20-сыншы мүшесін есептеңдер.
5. 100, 102, ...арифметикалық прогрессияның алғашқы 12 мүшесінің қосындысын
Екі топ орындап болған соң, тапсырмалары тексеріліп бағаланады да орындарын ауыстырады.

І топ компьютерде Pascal бағдарламалау бағдарламасында мына есепті орындайды:

№1 тапсырма

4.3, 7, 11, ...арифметикалық прогрессияның 40-шы мүшесін есептеңдер.
5.103, 01, ... арифметикалық прогрессияның алғашқы 8 мүшесінің қосындысын есептеңдер.

ІІ топ орындарында дәптерге мына есепті орындайды.

№2 тапсырма
1.Жалпы мүшесі (n+2)/3 формуласымен берілген сан тізбегінің алғашқы үш мүшесін есептеңдер.
2.Жетінші мүшесі 6-ға, 12-ші мүшесі 40-қа тең арифметикалық прогрессияның айырымын табыңдар.
3. 5, 10, 15, ...арифметикалық прогрессияның 60-қа тең мүшесінің реттік номерін табыңдар
Тапсырмаларды екі топ орындап болған соң , дұрыс орындағанына байланысты бағаланады.

Әрбір екі топ өздеріне берілген тапсырманы орындап болған соң, орындарына келіп отырады да мына тапсырманы дәптерге орындайды.

№1 карточка
1.Жалпы мүшесі (2n+1)/`(n +1) формуласымен берілген сан тізбегінің алғашқы үш мүшесін табыңдар.
2Жалпы мүшесі.(3n+2)/5 формуласымен берілген сан тізбегі арифметикалық прогрессия болама, егер болса айырымын табыңдар.
3. 30 саны -25, -19, ...арифметикалық прогрессияның мүшесі бола ма?

Паскаль тілінде программа құрыңдар

4.Берілгені:а3=7, а11=18 болатын арифметикалық прогрессияның айырымын
Есептең дер.
5. 2, 5, 8, ...арифметикалық прогрессияның алғақы15 мүшесінің қосындысын есептеңдер.

№2 карточка
n-1
1Жалпы мүшесі.3*2 формуласымен берілген сан тізбегінің алғашқы үш мүшесін есептеңдер.
2.Жалпы мүшесі (7n-2)/2 формуласымен берілген сан тізбегі арифметикалық прогрессия болама? Болса, айырымын есептеңдер.
3. 106 саны 10, 14, ... арифметикалық прогрессияның мүшесі бола ма?

Паскаль тілінде программа құр:
4.а10=-3.a3=25 болатын арифметикалық прогрессияның айырымын есепте.
5. 3, 7, 10, ... арифметикалық прогрессияның алғашқы 12 мүшесінің қосындысын есептеңдер.

Оқушылар барлық тапсырманы орындап болған соң сабақты бекіту ретінде алгебра мен Паскаль бағдарламасының бағдарламалау кездерінде пайдаланған қызметші сөздері бойынша құрастырылған тесті шешеді.
Тест оқушының бағасын өзі бағалайды.
Сабақтың соңында барлық оқушылардың орындаған тапсырмалары бағаланып, оқушылар тиісті бағасын алады.
Үйге тапсырма: Қайталау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы

Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы

Мақсаты: Оқушыларды арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесі қосындысының формуласымен таныстырып, осы формуланы қолдану арқылы оқушыларды...
Прогрессия тақырыбына есептер шығару

Прогрессия тақырыбына есептер шығару

Геометриялық прогрессияның анықтамасын, қасиеттерін, n - ші мүшесінің формуласы мен алғашқы n мүшесінің қосындысының формулаларын, шексіз...
Арифметикалық прогрессия

Арифметикалық прогрессия

Сабақтың мақсаты: (білімділік) арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласын және n - ші мүшесінің қосындысының формуласы арқылы есептер...
Арифметикалық және геометриялық прогрессияның  алғашқы n мүшесінің қосындыс ...

Арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындыс ...

Сабақтың мақсаты: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы туралы алған білімін есептер шығаруға қолдану дағдысын...
Арифметикалық прогрессия

Арифметикалық прогрессия

Жезқазған қаласы №10орта мектебінің математика пәні мұғалімі Есенбаева Эльмира Амировна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×