Сайтқа кіру Тіркелу

Әулиелер мекені – Маңғыстау

Әулиелер мекені – Маңғыстау
12 сынып
Мақсаты: Оқушыларға Отан, туған жеріміз Маңғыстау туралы тереңірек түсінік бере отырып бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, өз Отанын, туған жерін сүюі, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру; оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру; балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд, «Жұмақ мекен – туған жер» кітап көрмесі.

Барысы:
Маңғыстау – маңғаз мекенім.
1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі өткізілгелі отырған «Әулиелер мекені – Маңғыстау» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
«Маңғыстау... Мәңгі қыстау деген сөзден шықты ма екен? Әлде... мың қыстау деген ұғымды білдіре ме? Малға қатысты айтылған ба, қалай? Мынау шетсіз де шексіз даланың малсыз сәні келмесі анық?..» Ой бесігі баяу тербеледі...
Ақ қала Маңғыстаудың ақ тасынан,
Көк теңіз көбік шашқан тап қасынан.
Арманға аттанады ақ кемелер
Қазақтың жалғыз теңіз қақпасынан.

2 – жүргізуші: «Жасаған Ие осы бір құлазыған былайғы дүниені шектен шыға таңдандыру үшін жаратқандай. Қиялда ғана болатындай қиян өлкеге көкте самғамасаң, жер бетімен жылжып ғұмыры жете алмайтындайсың» деп Әбіш Кекілбаев айтқандай, шынымен де бұл өңірді бұрын – соңды көрмеген адамның көз алдына елестетуі қиынға соғады. Табиғаты – тұнған тарих, сырға толы шежіре. Дархан даласына көз жүгіртсең, тіршіліксіз құла түзге кезігіп, жаңа әлемге аяқ басқандай боласың. Бірақ осынау құлан жортпас атырап адам бойына үрей ұялатпайды. Керсінше, сортаң шөл мен сусыма құм шағылдары ішіне сыр бүгіп жатқандай сезім сыйлайды.

Өлең: «Маңғыстау» (Ақұштап Бақтыгереева).

1 – жүргізуші: Маңғыстау жері – көне мәдениеттің куәгері. Өлкеде археологиялық қорықтар, 11 мыңға жуық аспан астындағы тарихи ескерткіштер, мыңнан астам тасқа қашалған жазбалы суреттер бар. Қасиетті мекен 362 әулиесімен танымал, Түркістан, Өзбекстан, Ресей, Қапқаз, Иран, Түркия елдерінен келіп зират етушілердің орталығы.
2 – жүргізуші: Қалың қазақтың мақтанышы, заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Қазыналы Маңғыстау Тәуелсіз Қазақстанның тез тыңайып, тез нығаюына жанқиярлықпен үлес қосты. Тәуелсіздік оның өз байлығына лайық өркендеуіне кең өріс ашып берді...» деп тебіренгені тегін емес қой. Ұшқан құстың қанаты, шапқан аттың тұяғы талатын қазақтың кең байтақ даласына не жетсін!

Өлең: «Маңғыстауым» (Сайын Назарбекұлы).

1 – жүргізуші: кезінде академик Қаныш Сәтбаев Маңғыстау түбегінің үстінен тікұшақпен ұшып бара жатып аймақты «Ұйқыдағы ару» деп атап кеткен көрінеді.
2 – жүргізуші: Белгілі ақын Темірхан Медетбек:
«О, менің Маңғыстауым, Маңғыстауым!
Марқайып мақтанарым, алға ұстарым.
Өзіңде бар махаббат, бар құштарым,
Жыр болып құйылады алғыстарым.
О, менің Маңғыстауым, Маңғыстауым,
Есімің естілсе де қай жағымнан,
Кім болсын селк етеді айбарыңнан.
Аппақ бір нұр құйылып маңдайыңнан,
Жел сеіп тұр ғой қазір айдарыңнан» деп жырлаған мұнайлы өлке,
шырайлы өлке - Маңғыстау!

Күй. «Адай»

1 – жүргізуші: Маңғыстау қаройын мекендеп жатқан 362 әулиенің аруағы мен иесі атойлап тұрған секілді. «Әсілі Маңғыстаудың жер кіндігі екені рас болар. 362 әулие бұл өлкеге тектен - тек жерленіп жатқан жоқ. Бір қасиетті біліп жатыр ғой» деген бұрынғылар. Талантымен талайды тамсандырған ақын Уәйіс Қайралапов
«... Бастан кешкен жортуылды, жорықты көп,
Айта алмаймын «Ер халықты қорықты» деп.
Халық аңыз қылады «Маңғыстауда
Үш жүз алпыс екі әулие» болыпты деп» неге толғанып толқыды дейсің..?
2 – жүргізуші: Халық арасында кең тараған «Мәдинада Мұхаммед, Түркістанда Хожа Ахмет, Маңғыстауда Пір Бекет» деген сөз бар. Олай болса оның ілімін, ұрпаққа мирас еткен асыл қасиеттерін руханияттың сарқылмас бұлағы деп бағалағанымыз жөн.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×