Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру, графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету;
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту;
3. Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, істеген жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру;
Сабақтың түрі: Практикалық элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы
Әдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе - түсіндіру, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, кесінділер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Сарамандық жұмыс
V. Қорытындылау
VІ. Үйге тапсырма
І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын пысықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Кроссворд
Е Н Г І З У
П Р И Н Т Е Р
К А К Т У С
И Н Ф О Р М А Ц И Я
Д И Н А М И К
С К А Н Е Р
А Н Т И В И Р У С
Сұрақтар
• Enter пернесінің атқару жұмысы
• Қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы
• Компьютердің алдына қоятын өсімдік
• Ақпарат сөзінің орысша аудармасы
• Дыбысты шығаратын құрылғы
• Ақпаратты компьютерге көшіретін құрылығы
• Вирусты емдейтін программа
ІІІ. Жаңа сабақ.
Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлар деп атайды.
Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.
Редактор:
1. Құрал - саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;
5. Схемаларды сызуға және т. б. мүмкіндік береді.
PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows – тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай - ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.
Редакторды іске қосу үшін:
a. Іске қосу (пуск) батырмасын шертеміз.
b. Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаймыз.
c. Ашылған бағыңқы менюден Стандартты командасын таңдаймыз.
d. Келесі бағыныңқы менюден Рaint графикалық редакторын таңдаймыз.
Енді бұл тізбекті мына түрде жазамыз:
Іске қосу - Барлық программалар - Стандартты - Рaint (Пуск - Программы - Стандартные - Рaint.
Командалар орындалғаннан кейін, экранда Рaint бағдарламасының терезесі пайда болады.
Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік - сурет салу алаңы алады. Оның жоғарғы жағында таңбашалар тобы - құралдар тақтасы, түстер палитрасы орналасқан.
Түстер палитрасы
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі - біз онымен сурет салатын түс және қосымша - бұл фон беретін түс. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі - қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.
Сурет салу кезеңдері
1. Құралды таңдап алу керек.
Рaint бағдарламасының құрал саймандары
1. Көшірілген суретті қою
2. Кесіп тастау
3. Көшіріп алу
4. Қажет аймақты белгілеу құралы
5. Мөлшерін өзгерту
6. Суретті аудару /4 бағытпен суретті өзгерту/
7. Қарындаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған;
8. Құю құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды;
9. Жазу, сурет ішіне мәтін орналастырады.
10. Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған;
11. Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді;
12. Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
13. Қылқалам, қалаған сызықтарды салуға арналған.
14. Фигураларды салуға арналған;
15. Контурын белгілеу
16. Бояу құю
17. Сызықтың қалыңдығын таңдау
18. Түс таңдау
19. Түрлі түсті түстер
20. Түстер реңін өзгерту
IV. Кесінділермен жұмыс жасаймыз.
1 кесінді
• Техника қауіпсіздік ережелерінен 3 ереже айт
• Мәтін жазатын программаны не деп айтады?
2 кесінді
• Компьютердің негізгі блоктарын ата
• Shift пернесі қандай жұмыс атқарады?
3 кесінді
• Компьютердің қосымша блоктарын ата
• Backspase пернесі қандай жұмыс атқарады?
4 кесінді
• Көз жаттығуларын көрсет
• Принтер деген не?
5 кесінді
• Компьютер мен адам қандай ара қашықтықта отыру керек?
• Пернетақтада неше перне бар?
6 кесінді
• Қандай перне сөзбен сөздің арасын ашады?
• Техника қауіпсіздік ережесінен 3 ереже айт
7 кесінді
• Бүгінгі сабақта қандай графикалық редакторды өттің?
• Су киіммен компьютерге отыруға болады ма?
V. Сергіту сәті /видео ролик/
VI. Сарамандық жұмыс
Ал, енді сурет саламыз. Деңгейлік тапсырмалар орындаймыз
І - деңгей
Бір көзіңмен «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді
«Қарап ал маңайға» дейді
Берілген фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал
ІІ - деңгей
1. Эллипс құралын пайдаланып жайра (дикобраз) суретін салыңыздар.
Үсті - басы ине
Бұл не деген бейне.
Кірпігі ұқсас заты,
Жайра оның аты.
2. Суретті өз қалауларың бойынша бояңыздар
3. Суретке “Бейне” атын беріп сақтаңыздар.
ІІІ - деңгей
1. Барлық құралдарды пайдаланып еркін тақырыпта мазмұнды сурет салыңыздар.
2. Суретке тақырып қой.
3. Салынған суретті сақта
VІІ. Көзге арналған жаттығулар
VІІІ. Техникалық диктант
Paint бұл графикалық редактор. Paint графикалық редакторында негізгі екі түспен сурет салынады. Олар негізгі және фондық түстер. Paint графикалық редакторында 20 сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені жабу, жасыру, үлкейтіп - кішірейту батырмалары орналасқан.
ІХ. Сабақты бекіту сұрақтары:
– Paint редакторын қалай іске қосамыз?
– Суретті қалай сақтаймыз?
– Парақ бетін немен бояймыз?
– Фигураларды қалай саламыз?
– Керек емес кесінділерді немен өшіреміз?
Х. Сабақты қорытындылау
Бүгін сабақта біз не үйрендік? Не білдік? Суретті қалай саламыз?
ХІ. Оқушыларды бағалау
ХІІ. Үйге тапсырма:
Келе жатқан мейрам «жаңа жыл» тақырыбына сурет ойластырып сурет дәптерлеріңе салып келу
Қарапайым графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері.
- Gulim Gulim
- 17 ақпан 2016
- 7275
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қарапайым графикалық редакторы, графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Paint (бояу) графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралд ...
- Paint графикалық редакторын ашуды, сурет салу және оны сақтауды білу; - Редактордың сурет салу құралдарының қызметімен, мүмкіндіктерімен танысу...Paint графикалық редакторы. Практикалық жұмыс
С.Датов атындағы № 26 орта мектетің Информатика пәні мұғалімі: Биханова Ж.С....Paint графикалық редакторының құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...Paint графикалық редакторы
№2 мектеп - гимназия Кулмурзина Замзагул Жораевна Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды...Paint графикалық редакторының құралдары
Жамбыл обл. Жуалы ауданы. Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.