Сайтқа кіру Тіркелу

Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы. Операциялық жүйе
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б. б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Процессор дегеніміз не?
2. Микропроцессордың құрылымына қандай құрылғылар кіреді?
3. Арифметикалық құрылғысы не істейді?
4. Басқару құрылғысы не істейді?
5. Тактілік жиілік деген не?
6. Ақпараттық кеңарна деген не?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жұмысын басқаруы үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе – ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
Біз үшін компьютермен қарым - қатынас жасаудың қолайлы әдісі – операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ - лер:
• Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
• Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немесе графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфейсі болы мүмкін.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:
І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодының тілі.
ІІ. Драйвер - компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.
ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым - қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
2. Операциялық жүйе не үшін қажет?
3. Интерфейс деген не?
4. Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?
5. Бір міндетті және көп міндетті операциялық жүйелердің айырмашылығы қандай?
Үйге тапсырма: Операциялық жүйе.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Windows операциялық жүйесін орнату

Windows операциялық жүйесін орнату

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Windows ОЖ орнату туралы, файлдық жүйе, оның түрлері, операциялық жүйені орнату әдістері туралы мағлұмат беру....
Файлдық менеджер құрылымы

Файлдық менеджер құрылымы

1. 1 Компьютерде ақпараттық технологияны топтау бағдарламасын қамтамасыз ету Компьютерде ақпараттық технологияны қамтамасыз ету үшін бағдарламалық...
Операциялық жүйелерді баптау

Операциялық жүйелерді баптау

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,Қараой мектеп - балабақшасы Информатика пәні мұғалімі Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы Сынып:8 Тақырыбы: Операциялық...
Операциялық жүйелерді баптау

Операциялық жүйелерді баптау

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназиясының информатика пәні мұғалімі: Кадырова Светлана...
Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері

Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері

Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×