Сайтқа кіру Тіркелу

Интернет. Internet желісінің тағайындалуы, сипаттамасы

Сабақ жоспары
План учебного занятия
Күні:
Пән Информатика Тобы ШК - 14 - 9 _______
Дата Предмет Группа
Оқытушының Т. Ә. А. Омарбеков Медет Боранбаевич _____
Ф. И. О. преподавателя
І. Сабақтың тақырыбы Интернет. Internet желісінің тағайындалуы, сипаттамасы,
Тема занятия құрылымы және құрамы.
Сабақтың түрі және типі аралас сабақ _
Тип и вид занятия _______
1. Мақсаты Оқушылардың интернет туралы жаңа білімдерін қалыптастыру, интернеттің
Цель мүмкіндіктерін және оларды пайдалануды үйрету
2. Міндеттері
Задачи
а) Білімдіқ Интернет туралы жаңа мағұлмат беру
обучающие ______________
ә) тәрбиеліқ Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, өз - өзіне сенуге, тиянақтылық пен
воспитательные ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу
б) дамтыушылық Логикалық ойлау қабілетін, өз бетінше жұмыстануын дамыту
развивающие _______________
ІІ. Күтілетін нәтиже.
Ожидаемые результаты:
а) оқушылар түсінуі тиіс Интернет туралы жалпы түсінік
должны понимать _________________________________
ә) оқушылар құндылық бағдары болуы Интернетті қолдану дағдыларын қалыптастыру
должны иметь ценностные установки ________________________________________

б) оқушылар жасай біледі Интернетте ақпаратты іздеуді
должны уметь
Сабақ барысы:
Ход урока:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, қауіпсіздік ережесін айту, бағалау парағын тарату

II. Қайталау
а) Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу. Әр топқа желілік топология түрлері бойынша сұрақтар беру.
б) Кубизм стратегиясы (сұрақ жазылған шаршы лақтырылады, қандай сұрақ түскен сұраққа топпен жауап беруі керек)
1. Желілік адаптер дегеніміз не?
2. Сервердің қызметі қандай?
3. Желілік хаттама.
4. Желілік құрылғыға не жатады?
5. Корпоративті және аймақтық желілер деген не?
6. Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері?

в) Джигсо стратегиясы(топқа бөлінген оқушыларға 1 сұрақтан беріледі, осы сұраққа барлық топ өз жауаптарын береді)
1 - сұрақ: Компьютерлік желі дегеніміз не?
2 - сұрақ: Модемнің атқаратын қызметі.
3 - сұрақ: Жергілікті желі дегеніміз не?

III. Түсіндіру
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылықтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ - та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір - бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ - ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тәжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990 - шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келе ме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын әлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымыңызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз.
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаңалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жәрдем беруге әзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi - бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Интернеттің негізі АҚШ - да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

Интернеттiң негiзгi қосымшалары
E - mail (Electronic Mail) - электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі.
E - mail адрестік құрылымы:
есім@ мекеме. домен
Мысалы:
common@pushkinlibrary. kz
dina_m@mail. kz

FTP (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколы – бұл күйінде үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде қолданылатын Интернеттің қосымшасы. FTP көмегімен кез келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болады.
Чат (IRC – Internet Real Chat) – Интернеттің тағы да бір қосымшасы, желіде нақтылы уақытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір - бірімен өз компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұқбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады.
World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат
Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.
Web - тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір - бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.
Егер веб - парақ сізге ағымдағы мазмұнымен ғана қажет болса ақпараттарды сақтаудың мынандай жолдары бар:
1) Веб - парақты толығымен сақтау.
Веб - парқ толығымен жүктелген соң аспаптар тақтасынан «Файл - Файл сохранить как» деген команданы таңдаймыз, пайда болған терезеден «Сохранить веб - страницу» командасында «Тип файла» деген жолда «Веб - страницу полностью» деп көрсетілуін қадағалау керек.
2) Суретті сақтау.
Веб - парақтағы суретті жеке сақтау үшін тышқанды суреттің үстінде ұстап тұрып оң жақ түймесін шертеміз. Пайда болған контекстік менюден «Сохранить рисунок как» деген команданы таңдап аламыз да қажетті папканың ішінде сақтаймыз.
3) Мәтіндік ақпаратты сақтау.
Көптеген Веб - парақтарда бізге қажеттірегі – мәтіндер. Оны айырбастау буфері арқылы сақтау сенімді және ыңғайлы. Алдымен қажетті мәтінді белгілеп аламыз да «Копировать» деген тапсырманы таңдаймыз.

Адрестiк жүйе
Интернет - қосымшаларының адрестiк құрылымы (негiзгi парақ)
қосымша://қосымша. мекеме. домен

Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаулары
gov - үкіметтік
org - үкіметтен, коммерциядан тыс
edu - білім
com - коммерциялық
mil - әскери
net - желілік

IV. Сабақты бекіту

Вариант№1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің серверін тауып көрсетіңіз.
2. Қазақстан Республикасының әнұран мәтінін тауып көрсетіңіз.
3. В. Васнецовтың «Богатыри» деген картинасын тауып беріңіз
4. «Джабог» сөзінің түсіндірмесін тауып беріңіз
5. Ч. Абдуллаевтың «Сотвори себе мир» деген шығармасының толық мәтінін тауып беріңіз

Вариант№2
1. Республикалық «Жас алаш» газетінің серверін тауып көрсетіңіз
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «2030 жылға арнауының» толық мәтінін тауып беріңіз
3. Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің суретін тауып көрсетіңіз.
4. «кабошон» сөзінің түсіндірмесін тауып беріңіз
5. Ш. Айтматовтың «Плаха» романының толық мәтінін тауып беріңіз

Вариант№3
1. Қазақстанның «Білім және ғылым» серверін тауып көрсетіңіз
2. Г. Гейненің «Лорелей» өлеңінің толық мәтінін тауып беріңіз
3. В. Суриковтың «Боярыня Морозова» деген картинасын тауып беріңіз
4. «деликт» сөзінің түсіндірмесін тауып беріңіз
5. Г. Флобердің «Госпожп Бовари» деген шығармасының толық мәтінін тауып беріңіз

Семантикалық карта
Компьютерлік серверлердің бүкіл
әлемдік желісі. Барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлер тобы. Web - браузер, Internet Explorer, Mozilla Firefox, Сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын электрондық құрылғы. Кез келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мүмкіндігі, желілер жүйесі. Бұл компьютерлерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар Гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін.
Компью - терлік желі + +
Модем + +
Интернет + +
Электрон - дық почта +
Браузер + +

V. Үй тапсырмасы
«Электронды кілт қаншалықты пайдалы» тақырыбына мәнжазба
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Интернеттің пайдасы мен зияны (дебат сабақ)

Интернеттің пайдасы мен зияны (дебат сабақ)

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Білімгерлердің алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір...
Жергілікті желілер

Жергілікті желілер

Мақсаты: Білімділік: жергілікті желілердің түрлерін ажырата білуге, мүмкіншілігін түсінуге, салыстыру арқылы оның артықшылығы мен кемшіліктерін...
Компьютерлік байланыстың  негізгі  түрлері,  жергілікті желі. Ауқымды компь ...

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, жергілікті желі. Ауқымды компь ...

Компьютерлік желінің түрлері туралы түсінік алады. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар мен танысады....
Интернет. Интернете ақпаратты іздеу. Электрондық пошта

Интернет. Интернете ақпаратты іздеу. Электрондық пошта

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе - 1 кентіндегі Н. Жұбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тұралы Амангүл Шыңғысқызы...
Ауқымды компьютерлік желі, Интернет

Ауқымды компьютерлік желі, Интернет

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің Информатика пәні мұғалімі Абезова Алия Өмірбекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×