Сайтқа кіру Тіркелу

Информатикадан 5 сынып сабақ жоспары

Иинформатика пәні мұғалімі: Тугельбаева Н.К.

Тақырыптар:
1. Кіріспе. ТҚЕ.
2. Ақпарат оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері
3. Ақпаратты өңдеу тәсілдері
4. Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері
5. Компьютер - әмбебап есептеуіш машина
6. Компьютердің құрылымы
7. Компьютердің қосымша құрылғылары
8. 8 Программалық жабдықтаманың сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы
9. Операциялық жүйенің ұғымы
10. Терезелер
11. Файлдар, бумалар және жарлықтар
12. Нысандармен жұмыс істеу
13. Ақпаратты іздеу, жазу және оқу
14. Практикалық жұмыс
15. Бақылау жұмысы
16. PAINT графикалық редакторы
17. Графикалық редактордың сурет салу құралдары
18. Сурет бөліктерімен жұмыс істеу
19. Масштаб. Суреттің трансформациясы
20. Суретті басуға дайындау. Суретті басу
21. WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі
22. Мәтінді теру және түзету ережелері
23. Мәтін бөліктерін ерекшелеу
24. Мәтінді пішімдеу. Әріптер
25. Мәтінді пішімдеу. Абзац
26. Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу
27. Мәтінмен жұмыс істеу
28. Практикалық жұмыс. Аралас құжат құру
29. Блокнот калькулятор
30. Калькулятор жады
31. Дыбыстың ақпаратты өңдеу
32. Практикалық жұмыс. Дыбыс жазу
33. Бақылау жұмысы


Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. ТҚЕ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б. б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:
Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді.
І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:
1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды!
2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды!
3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге болмайды!
4. Кітап, дәптер және т. б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды!
5. Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.

ІІ. Жұмыс тәртібі:
1. Компьютер экранынан 60 - 70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал ұдайы көзілдірік тағатындар – көзілдірікпен отыру керек.
2. Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек.

ІІІ. Жұмыс кезінде:
1. Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар. Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.
2. Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.
3. Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.
4. Аппаратураның ақауын ешқашан өз беттеріңмен жөндеуге ұмтылмаңдар.
Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды - бұл монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.

Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.

Үйге тапсырма: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ең үздік информатик

Ең үздік информатик

Бұл сайыстың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Ойын...
Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы

Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен...
Компьютердің қосымша құрылғыларын орнату. Драйверлер

Компьютердің қосымша құрылғыларын орнату. Драйверлер

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қосымша құрылғылар, оларды орнату, драйверлер туралы жалпы мәлімет беру, компьютердің қосымша құрылғылары туралы...
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: компьютердің құрамына кіретін...
Қазіргі замандағы дербес компьютерлер оның құрамдас бөліктерінің түрлері

Қазіргі замандағы дербес компьютерлер оның құрамдас бөліктерінің түрлері

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тайкенов Дархан Есенбайұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×